id
int64 1
25.9k
| content
stringlengths 88
24.4k
| category
stringclasses 1
value | language
stringclasses 1
value |
---|---|---|---|
25,901 | Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір азаматының парызы», – деп, ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі құқықтық тұрғыдан толық негізделген [11, 27 б.]. Ресми-іскери стиль жанрлық жағынан да сан қырлы. Орыс тіл білімінде кейбір авторлар оны атқаратын қызметі мен мазмұнына қарай үш топқа жіктейді: заңнамалық (заңдар, жарлықтар, қылмыстық және азаматтық актілер, жарғылар, т.б.), дипломатиялық (нота, меморандум, коммюнике, конвенция, халықаралық келісімдер), әкімшілік-кеңселік (кесімдер, өкімдер, бұйрықтар, өтініштер, өмірбаяндар, т.б.) [6, 169-б.], екінші бір ғалымдар тақырыбы мен жанрларының әркелкілігін ескере отырып, оны екі түрге жіктейді: ресми-құжаттық стиль, күнделікті-іскерлік. Біріншісіне мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты заң құжаттары мен халықаралық қатынаспен байланысты дипломатиялық актілердің тілі жатады. Күнделікті-іскерлік стильге мазмұны мен жанры және тілдік құралдардың қолданылуына қарай, бір жағынан, мекемелер мен ұйымдардың арасындағы хат алмасуларды, екінші жағынан жеке іскерлік құжаттарды жатқызады [12, 33]. Қазақ тіл білімінде ресми-іскери стильді төрт жанрға жіктейді: заңнамалық (заң, қаулы, нормативті акт, ереже, т.б.), құқықтық (сот ережелері, айыптау хаттамалары, тінту, т.б.), әкімшілік (ереже, бұйрық, нұсқау, қызметтік хаттар, т.б.), дипломатиялық (келісім шарт, нота, конвенция, коммюнике, т.б.) [13, 86]. Дүйсембекова ресми-іскери стилінің жанрларының төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді: | TEXT | kaz |
25,902 | Соңғы кезеңдердегі Одақтан бөлініп шыққан мемлекеттердің өз Ата заңдарын қалыптастыру бағытындағы ізденістері Қазақстанды да айналып өтпеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі соңғы он жыл ішінде басқа ТМД мемлекеттері немесе басқа да шет мемлекеттері сияқты Қазақстан да өз ата заңын жасап, оны мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне, қоғамның құрылым мен құрылысына сәйкестендіруге ұмтылада. Неғұрлым қоғамымыздың игілігіне қызмет ете алтындай өміршең заң жасауды көздеді. Бұл жағдай заң жүйесіндегі істердің қарқынды жүргізілуіне итермелегені күмәнсіз. бөлініп шыққан жас мемлекеттердің ішкі қатынастары мен сыртқы қатынастарын заң арқылы реттеп, басқарып отыру қажеттілігі туындады. Ал жаңа мемлекетті ескі жүйесі бойынша басқару мүмкін емес болатын. Уақыт ағымы өз даму үрдісінде жаңа заңдарды, басқа формадағы қоғамдық қатынастарды талап етті. Бұған дейінгі басқа империяның қол астында болған кездегі, басқа уақыттағы жұмыс істеген заңдар жарамсыз болып қалды. Жетпіс жыл бойы өмір сүрген басқа елдердің қоғамдық орталарымен салыстырғанда дүние жүзілік даму үрдісінен өзіндік бөлектеніп тұратын ерекшеліктері бар, партиялық билікке бейімделген кеңес заңдары дамудың басқа кезеңінде пайда болғандықтан жас мемлекетке қызмет ете алмауы заңдылық еді. Осы тұрғыдан мемлекеттегі заңдарды өзгерту күн тәртібіндегі бірінші кезекте тұрған мәселе болды. «Қазақстан-2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей, еліміздің тілдік мүмкіндігін де дәлелдеу басты міндеттердің бірі. Бұл үшін ұлт тілінде дұрыс заң тілін қалыптастыру қажет екендігі сөзсіз. Соңғы кезеңдегі тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі шындық. Десек те, солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Заң тілін зерттеу көршілес орыс тіл білімінде әлдеқашан қолға алынғандығына , , , , сияқты басқа да орыс ғалымдарының зерттеулері дәлел бола алады. Қазақ терминологиясының термин жасауда жақсы тәжірибесі бар. Бұның бір дәлелі ретінде біздің алғашқы тілшіғалымдарымыздың терминологиялық мұрасы алынады. Олардың еңбектері шынайы терминжасамның үлгісі болып табылады. Сондықтан да заң терминдерін жасауда заңгерлер, ең алдымен, қазіргі қазақ терминолог-ғалымдардың тәжірибелеріне және қазақ терминологиясы саласындағы алғашқы зерттеушілер еңбектеріне сүйенуі керек. Тек осындай әрекет арқылы ғана, өткен жылдар тәжірибесін ескере отырып, терминолог-ғалымдардың ұсыныстары мен кеңестерін назарға ала отырып, ортақ терминологиялық жүйенің, соның ішінде заңға қатысты терминдердің қалыптасуына жағдай жасай алады. Қазіргі уақытта салалық терминологияны ұлттық сөздермен анықтаудың тенденциясы жүріп жатыр. Заң саласындағы заң терминдерін сапалы түрде аударумен тілшілер, заңгерлер, аудармашылар айналысып жүр. Дегенмен, бұл салада да кездесетін қателіктер мен кемшіліктер аз емес. Халықаралық заң термиңдерінің қазақ тілінде баламалары болмағандықтан, олардың орнына басқа да мағынада қолданылатын мағыналас сөздерді алады. Сафуанидің сөзі нақты дәлел болмақ: «Заң мәтінінде «функция» деген сөз жиі кездеседі. Заңымыз барынша қазақша болсын деген оймен сөйлемнің мағынасына қарай бірде «қызмет», бірде «міндет» деп аударып жүрміз. Ал кейде сөйлемде «деятельность», «задача», «функция» деген сөздер қатар келіп қалғанда бұрын «қызмет», «міндет» деп жазьп келген сөзімізді амалсыздан «функция» деп жазуға мәжбүр боламыз» [15, 160]. Аудармадағы мұндай жағдайларды басқа да кәсіби іс-әрекет саласындағы сияқты заң құжаттарын аударуда да мүлдем жіберуге болмайды. Бұл ұғымдардың түсініксіздігі мен құжат мазмұнының бұзылуына әкеп соғады. Осының нәтижесінде азаматтар арнайы заң білімдері болмағандықтан, қате ақпараттарды қабылдайды. мақаласында кодекстерді қазақ тіліне аударудағы жіберілген көптеген қателіктерді атап көрсетеді. құқық бұзушылықтар кодексі жобасы мәтінінің аудармасын редакциялаған кезде, ешқандай сын көтермейтін заң терминдері аудармасын кездестіргенін айтады. Мысалы, кодексте «показания» термині «жауап» сөзімен (дұрысы – «айғақ»), «срок давности» тіркесі «ескілік мерзімі» (дұрысы – «ескіру мерзімі») деп аударылған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіреді. «Осы жобаның тағы бір тұстарында «подозреваемый» термині біресе «күдікті», біресе «сезікті» деп ала-құла аударылады». Аудармашы «сезікті» деген дұрыс баламасына тоқтағысы келмей, «күдіктіні» қоса қолданады», – дейді [16, 48]. Мақала авторы бұл тәріздес ала-құлалық басқа да заң құжаттарында кездесетіндігін айтады. Мысалы, азаматтық кодексте (1999 ж.) «недвижимое имущество» тіркесі «қозғалмайтын мүлік» деп аударылса, басқа заңдарда, соның ішінде «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңында «жылжымайтын» терминімен корсетілген. Автор қай терминді негізге алу кажеттігін сұрайды. Бұл тәріздес сұрақтар әлі де көптеген заңгерлер арасында көп талас тудырады [16, 89]. Ізімұлы заң терминдерін аударудың стильдік жағына назар аударады: «... біздің сөздік жасаушыларымыздьң ең үлкен кемшілігі – терминдердің әдебипублицистикалық, ауызекі бейнелі баламаларын ғылыми атау ретінде ұсынушылығы, олардың экспрессивті (сезімге әсер етушілік) мәнін ажырата алмаушылығы. Оның салдарынан адамзат баласының ортақ игілігі – ғылым мен техниканың үлгісі ретінде тіршілігімізге табиғи жолмен келіп, санамызға сіңіскен территория, статус, Конституция, паспорт, амнистия, архив, музей т.б. терминдерді аумақ, мәртебе, Ата заң, төлқұжат, рақымшылдық, мұрағат, мұражай бейнелі сөздермен ауыстырмақ болады», – дейді [17]. Ол терминологиялық сөздіктерде стильдердің қолданылуында қателіктерді жіберуге болмайтындығын айтады, әрбір терминнің өз колданылу шеңбері бар. Ал стильдік қолданыста қателік жіберу заң терминінің сапалы аударылуына кедергі келтіреді. «Өзгелерден мәні ажыратылып, сипаттамасы дараланған ұғымның, заттьң өзіне телінген, өзіндік этимологиясы бар бір ғана атауы болуға тиіс. Тілдің ішкі мүмкіндіктерін пайдаланып, кірме сөздерді төл баламалармен ауыстырған кезде осы қағиданы басшылықка алу, «сыбайлас» создерді топтастыра қарау, терминдердің синонимдік қатарының жарыспалы, тұрақсыз атаулардың пайда болуына жол бермес еді. Мысалы, постановление – қаулы, резолюция – қарар, решение – шешім, определение – ұйғарым, устав – жарғы, указ – жарльқ, положение – ереже, правила – кағида, инструкция – нұсқау, распоряжение – өкім, ... т.б», – дейді [17]. Ал бұл тұста аудармашымен келіспеуге болмайды. Салалық терминологияны жүйелеу мен үйлестіруде негізгі рөлді екі тілді терминологиялық сөздіктер атқарады. Қазіргі уақытта республикада түрлі салаларға қатысты терминологиялық сөздіктер шығару жұмысы айтарлықтай жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні сөздіктердің сапалы түрде құрастырылуына, соның ішінде заңға қатысты сөздіктердің жасалуына негізгі назар аударылуда. Басқа ғылым салаларымен салыстырғанда, заңга қатысты жарияланған сөздіктер саны онның үстінде (салыстыра қарасақ, айтуы бойынша, психологиядан қазақ тіліндегі екі ғана психологиялық сөздік бар). Бұл – қуанарлық жайт, себебі құқықтық мемлекетте азаматтар үнемі отбасылық, еңбектік, құқықтық, қоғамдық қарымқатынастармен тығыз байланыста болады. Ал бұл өз кезегінде арнайы заңгерлік білімі жоқ азаматтардан заң терминдерін білуді қажет етеді. Кәсіби лексиканы білу азаматтарға конституцияның, ҚР кодекстері мен қажетті заң ақпараттарын алуға мүмкіндік туғызады. Бұл тұрғыдан сөздіктердің көмегі көп. Соған сәйкес, заң сөздіктеріне сұраныс та үлкен. Сөздіктерді шығаруда жетістіктер бола тұрса да, заң терминдерін аударуда келіспеушіліктер, қателіктер кездесіп отырады. пікірінше, қазіргі заң сөздіктерінің негізгі кемшіліктері мыналар: «біріншіден, заң терминдерінің сөздігін жасаудағы терминологиялық процестің бірізді еместігі, екіншіден, жекелеген сөздік шығарушы авторлар мен тіл мамандары арасында шығармашылық байланыстың жоқтығы, үшіншіден, заңгерлердің мемлекеттік терминкомды мойындамауы» [18, 32]. Заңгер заң терминдерін аударуда ғалымдар арасында бірізділік жоқ екендігіне көптеп мысалдар келтіреді. Мысалы, «Заң терминдерінің қазақша–орысша және орысша–қазақша сөздігінен» мынандай мысалдар алған: «Акты гражданского состояния – азаматтық хал актілері, вознаграждение – сыйақы, гарантии законности – заңдылықтың кепілдіктері (дұрысы: заңдылық кепілдері), злоупотребление – қиянат жасау, ответственность – жауаптылық, подлинность текста закона – заң мәтінінің түпнұсқада сәйкестігі (дұрысы: заң мәтінінің түпнұсқалығы), урок, пример – тағылым (дұрысы: сабақ, үлгі)». Ал, «Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде»: «Авторские вознаграждения – авторлық каламақы (дұрысы: авторлық сыйақы), административный арест – әкімшілік жолмен қамауға алу (дұрысы: әкімшілік қамауға алу), акт гражданского состояния – азаматтық хал құжаты». айтуынша, бұл жағдай терминдердің көпварианттылығына әкеп соғады, ал бұған жол беруге болмайды. Әрине, біз автормен келісеміз, себебі терминдер заңдарды, кодекстерді, заң құжаттарының жобаларын аударуда белсенді түрде қолданылады. Қазақ тіліндегі зандарды ҚР азаматтары пайдаланады. Ал бұл, яғни нақты заң терминін қолданбау халықтың заңи тұрғыдан сауатсыздығына әкеледі. Тоқетерінекелгенде, заңтерминологиясын жақсартуда, жетілдіруде проблемалар жоқ емес, бар. Бұл салада қазір бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тіл комитеті, Үкімет каулысымен құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясы, Парламентте терминдерді бір ізге түсіру, дұрыс баламасын қолдану тұрғысында әр түрлі семинарлар, «дөңгелек үстел» өткізіліп, нақты ұсынымдар жасалып, Тілді дамыту бағдарламасы аясында нақтылы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл заңгерлердің заң терминдерін жетілдіру мен кемшіліктерді жою жұмыстарымен үнемі айналысып отыратындарын айқын көрсетеді. Сондықтан да ғалымдардың алдында өте салмақты міндет, яғни заң терминологиясын жүйелеу мен байыту мәселесі тұр. Тілдің сауатты терминологиялық жүйесін құру үшін терминтанушы-ғалымдардан ана тілін терең тану, үлкен шеберлік және терминдерді жасау принциптерін білу талап етіледі. | TEXT | kaz |
25,903 | Құқық мәтіндерінің тағы бір ерекшелігі сөйлемдердің бір-бірімен байланыста болуы мен ой мазмұнының бірізді динамикалы түрде тізбектеле өрбуі. Бұл, негізінен, тек заң мәтіндерінде ғана емес, барлық мәтін түрлеріне қойылатын талап. Әйтсе де, заң мәтіндерінде бұл талап ерекше ескеріліп, орындалуы тиіс. Сондай-ақ заң жобаларын жазу үстінде ойдың үзіліп қалуы немесе кездейсоқ ұмытылып кетуі қатаң түрде, үзілді-кесілді жіберуге болмайтын қателік. Өйткені ондай қателікті басқа мәтіндермен салыстырғанда, заң мәтіні маңызды құжат ретінде мүлдем көтере алмайды. Бұл заң жобаларын дайындау барысында міндетті түрде орындалуға тиісті талап. Заң мәтініне құқықтық құжат болғаннан кейін қойылатын тағы бір негізгі талап ойдың дәлділігі мен нақтылығы. Яғни адам құқықтары заңда дәл берілуі керек. Бұл тұрғыдан, заңның адам құқықтарын түсіндіріп беретін, олардың қылмысқа баруы мүмкін ісәрекеттерін реттеушілік қызметі басым екендігін негізге алудың өзі жеткілікті. Әсіресе қылмыс түрлеріне сәйкес, жаза түрлері түсіндірілгенде жаза белгілеудің қылмысқа қатысты шарты анық болуға тиіс. Дәлдік заң мәтіндерінің басқаша ұғынылуына жол бермейді. Ол арнайы терминдерден және термин емес сөздердің мағыналық тұрақтылығы мен нақтылығынан көрінеді. Терминдер көбінесе мынадай ұғымдарды білдіреді: а) құжаттардың атын: | TEXT | kaz |
25,904 | мемлекеттік органдары жүйесінде меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі. Бұдан, 9-баптағы кейбір тілдік құралдардың дұрыс қолданылмауынан көптеген қайшылықтарды көруге болады. Мәселен, аталмыш бапта «қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып» деген көсемшелі оралым бар, алайда оның қандай қажеттілік жағдай екені анық көрсетілмеген және мүмкіндік деңгейінің шегі де белгісіз, сондай-ақ, басқа тілдердің қандай тілдер екені нақтыланбаған. Егер әлемде бес мың тіл екені рас болса, сол тілдердің барлығына аудару қажет пе? Ал 10-баптағы тілдік қолданыс кейбіреулерді «құжаттама жүргізу тілі екі тілде де (мемлекеттік және орыс тілінде) қатар болуы міндетті», - деген түсінікке жетелесе, енді біреулеріне «екеуінің бірінде (мемлекеттік тіл немесе орыс тілі) болса жеткілікті», деген ұғымға жол береді, ал үшіншілері «құжаттама жүргізу тілі тек мемлекеттік тілде ғана жүргізіледі де, қажеттілік болған жағдайда ғана орыс тіліне аударылады», - деп түсіндіреді. Біз бұл мысалдардан заң мәтіндеріне қойылатын талаптардың өрескел бұзылғанын көреміз. «Мүмкіндігінше», «мүмкін» деген сөздердің өзі екіұштылық реңкті білдіреді. Ал ол өз кезегінде экспрессивтілікті туғызады. Заң мәтіндерінде экспрессивтіліктің қандай да элементтері болған жағдайда заң бұрмалауға икемді болады. Сондай-ақ, заң тілі міндеттеу, мәжбүрлеу қызметін де атқарады. Қатынастың бұл түрінде ерікті білдірудің тілдік тәсілдері мен құқықтың реттеуіштік функциясының жүзеге асырылуы – ресми-іскерлік стильдің маңызды қасиеттерінің бірі. Императивтілік пен бұйрық-міндеттілік мағына да бұл салада қолданылатын кез келген тілдік бірліктерге тән сипат болып табылады. Ресми құжаттардың тұжырымдылығы мен айқындылығы, нормалануы мен стандартталуы да міндетті. Аталмыш стильде сөйлеу құралдары жиі қайталануы мен біркелкілігімен сипатталады, ол сонысымен тілдік шаблондардың қолданылуының құнарлы ортасына айналады. Шаблондар мен стандарттар – ресми стильдерге тән сипат. Олар ресми сөйлеу тақырыптарының қатаң белгіленуіне, шектеулілігіне, оның қолданылуының салыстырмалы түрде мардымсыздығы мен біртектестілігіне байланысты туындайды. Шаблондар мен стандарттар атауы, формасы мен мазмұны бойынша ұқсас құжаттарды рәсімдеуде жиі қолданылады. «Шаблон» ресми-іскерлік құжаттарда тіл мәдениетінің жауы ретінде емес, керісінше «қажетті» элемент ретінде қабылданады. Өйткені ол ойды анығырақ, қысқарақ, тіпті, кейде жалпыға түсініктірек етіп жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, стандарттар іскерлік қатынасты жеделдету мен жеңілдетуге мүмкіндік береді. Демек, «кеңселік штамп» ресми-іскерлік стильдің толық меншігі мен қажетті белгісі болып табылады. Мұны біз : *заңға сәйкес, белгіленген тәртіппен, міндеттелсін, орындалсын, тиісті шара қолданылсын, тиісті органдарға ескертілсін,* | TEXT | kaz |
25,905 | Сондай-ақ, ресми-іскерлік стильдің дербестігі оның коммуникативтілік қырынан көрінеді. Оны негізгі екі түрге, жанрға бөлуге болады: «заң тілі» мен «іскерлік қағаздар тілі». *Заң тілі* көлемді коммуникативтік белсенділікке ие емес, ол бұқаралық қатынастың тұрақты құралы бола алмайды: адамдар заңдарды орындағанымен, оларды өте сирек оқиды. Әдетте, заң тілін салыстырмалы түрде қоғамның аз бөлігі ғана тұрақты қолданады. Оның үстіне, заң тілі коммуникативті тұрғыдан біржақты: ол қатынас тілі емес, хабарлау тілі. Оны қабылдайды, түсінеді, алайда өте сирек қолданады және ол тілде сөйлемейді. Іскерлік қағаздар тілі (бұйрықтар, қаулылар, өтініштер, т.б.) бұқаралық қолданыс пен коммуникативті белсенділікке ие, адамдар одан ақпарат алып қана қоймай, онымен шын мәнінде қатынас жасайды. Алайда, бұл қатынас жекелеген «лауазымдардың қатынасына» ғана бағытталған және ол қатаң реттеліп, программаланған. Адамдарға сөйлеу мәтіндерінің үлкен бөлігі сырттан беріледі, ал қалған бөлігі алдын ала болжамның мөлшерлі баламасына бағынады. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: 1) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады; 2) лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді; | TEXT | kaz |
25,906 | «Жанрдың жоғарыда келтірілген ерекшеліктерінің бірі – мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат мазмұнына тікелей тәуелді болуы. Мысалы, *бұйрықтардың, қаулы, ереже, нұсқаулардың тақырыптары туралы, жөнінде, жайында* т.б. шылаулармен келетін сөз тіркестерінен тұрады. Яғни бұл құжаттардың тақырыбында міндетті түрде құжат мәтінінде айтылатын мәселенің не жайлы екендігінен қысқа, нақты мәлімет беріліп тұрады. Сондайақ өкілеттік құжаттарға жататын жанр мәтіндерінде негізінен бұйрық рай формалы етістіктер қолданылады» [14, 87]. Заң құжаттарының құқықтық және техникалық сапасын арттыру оларды жасайтын және қабылдайтын тұлғалардың, ең алдымен, депутаттардың тиiстi бiлiм деңгейiн арттырмайынша іске аспайды. Өйткені олар қабылдаған заңдар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүйесінде жетекші орынға ие және заңға тәуелді актілерді қабылдаудың үлгілері болып табылады. Зерттеу мақаласын жазу барысында алынған барлық нәтижелерді қорытындылай келе, құқықтық терминологияны біріздендірудің біздің еліміздегі заң шығару қызметінің процестерінің прогрессивті дамуы, құқықтық нормалардың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруы үшін маңызы зор деген қорытынды жасауға болады. Әрине, бұл зерттеуде нормативтік құқықтық терминологияны біріздендіруге байланысты барлық мәселелер жеткілікті түрде көрсетілді деген сөз емес. Ұсынылып отырған жұмыс тек осы саладағы кейінгі ізденістердің алғышарттарын жасайды, өйткені тіл мен құқық мәселелері шын мәнінде мәңгілік және құқықтану және заң тәжірибесі үшін әрқашан өзекті. | TEXT | kaz |
25,907 | Кез келген мәтінді таңбаның таңбаланушы нысанға қатынасы, таңбалардың өзара қатынасы, таңбалардың оны қабылдаушыға қатынасы тұрғысынан жіктеп қарастырудың маңызы зор. Бұл үшеуі, әрине, бір-бірімен өзара тығыз байланыста екені даусыз. Себебі, үш саланың да нысаны – тілдік таңба, әрқайсысы тілдік таңбаның түрлі қатынасын зерттейді. Тұжырымдай келе, ресми-іскери стиль тілді өзінің заңды болмысында зерттейтін, қолданбалы зерттеулердің саласы ретінде іргелі лингвистикаға жаңа міндеттер қоятындығын, олардың шешімі лингвистикалық және құқықтық білімнің өсуіне, тіл дамудың әлеуметтік дамудағы рөлін түсінуге, сайып келгенде үйлесуге ықпал ететіндігін атап өтеміз. Заң адамзат өмірінің бір бөлігі болып табылады. Құқық тілін аса мемлекеттік маңызы үлкен міндеттердің шеңберінде толықтыра отырып дамытудың келелімақсаты–ұлттықтерминдіккорымызды байыту, балама ұғымды, атауларды, тұрақты тіркестік терминдер мен сөз орамдарын ұлттық заң тіліне қойылатын талап үдесіне сай қолдануға мейлінше ден қою болмақ. | TEXT | kaz |
25,908 | Қазақстан – Ұлы далада орналасқан, бай мәдени мұрасы мен тарихи кезеңдері бар ел. Бұл корпус қазақ халқының қалыптасуы, дамуы және қазіргі тәуелсіз Қазақстанның құрылуына ықпал еткен негізгі оқиғалар мен процестерді қамтиды. Әр бөлімде әр кезеңнің әлеуметтік, мәдени және саяси ерекшеліктері сипатталады. | TEXT | kaz |
25,909 | Қазақстан аумағында алғашқы адамзат іздері мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан. Археологиялық қазбалар мен тас жазбалар осы жерде ежелгі көшпелі мәдениеттердің өмір сүргенін дәлелдейді. Алғашқы тұрғындар мал шаруашылығы, аңшылық және егіншілікпен айналысып, дала өмірінің негіздерін қалыптастырған. Осы кезеңнің іздері қазақ даласының кең далаларында, жазықтар мен өзен аңғарының маңында кездеседі. | TEXT | kaz |
25,910 | Орта ғасырларда Қазақстан аумағы түркі тайпалары мен көшпелі халықтардың ықпалында болды. Бұл кезеңде Ұлы Жібек жолы арқылы мәдениет пен сауданың дамуы байқалды. Түркі қағанаты, қыпшақтар мен басқа да көшпелі халықтар өзара қарым-қатынаста болып, мәдени және әлеуметтік байланыстарды нығайтты. Сол дәуірдің дәстүрлері мен салт-дәстүрлері бүгінгі қазақ мәдениетінің негізін қалады. | TEXT | kaz |
25,911 | XV ғасырда қазақ хандығының құрылуы ел тарихындағы ерекше белес болып саналады. Керей мен Жәнібек сынды көшпенді басшылардың басшылығымен қазақ ру-тайпалары бірігіп, ұлттық бірегейліктің алғашқы іргетасын салды. Хандық кезеңі қазақтардың өзіндік құқықтары, әлеуметтік құрылымы мен мәдени құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Осы кезеңнің ертегілері мен аңыздары бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. | TEXT | kaz |
25,912 | XVIII–XIX ғасырларда Қазақстан Ресей империясының ықпалына еніп, аймақтық әкімшілік құрылымдар өзгерді. Бұл кезеңде жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отарлық саясаттың әсері қазақ даласында жаңа экономикалық қатынастар мен мәдени ықпалдастықты тудырды. Сонымен қатар, бұл кезең қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, болашақ тәуелсіздікке деген ұмтылыстың негізін қалады. | TEXT | kaz |
25,913 | XX ғасырдың басында Қазақстан Советтік билік құрамына кірді. Бұл кезеңде индустриализация, білім беру жүйесінің дамуы және әлеуметтік өзгерістер қарқыны жоғары болды. Алайда, коллективизация, голодомор мен мәдени репрессиялар секілді қайғылы оқиғалар да орын алды. Совет өкіметінің жаңа басқару моделі мен экономикалық саясаты қазақ даласының әлеуметтік құрылымын түбегейлі өзгерткенімен, халықтың дәстүрлі өмір салты мен мәдени ерекшеліктерін де сақтап қалуға ұмтылды. | TEXT | kaz |
25,914 | 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, жаңа тарих парағы ашылды. Тәуелсіздік кезеңінде ел саяси, экономикалық және мәдени салаларда елеулі реформалар жүргізді. Ұлттық бірегейлікті нығайту, дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту және халықаралық аренада өз орнын табу мақсатында бірқатар бастамалар жүзеге асты. Тәуелсіз Қазақстан заманауи мемлекет ретінде инновацияға, экономикалық даму мен бейбітшілікке ұмтылып, әлемдік қауымдастықтағы беделін арттырды. | TEXT | kaz |
25,915 | Қазақстан тарихы – ежелгі мәдениеттерден бастап, тәуелсіз заманауи мемлекетке дейінгі ұзақ әрі күрделі тарихи процестің нәтижесі. Бұл корпус арқылы қазақ халқының дәстүрлері, ұлттық бірлігі және тәуелсіздікке жеткен жолындағы күресі көрініс табады. Өткен мен бүгінгі арасындағы үздіксіз байланыс болашақ ұрпаққа өнеге болып, елдің мәдени және тарихи мұрасын сақтап қалуға септігін тигізеді. | TEXT | kaz |
25,916 | Қазақстан жерінде ежелгі адамның іздері мыңдаған жылдар бұрын бастау алады. Тас дәуіріне жататын тұрақтар мен құрал-саймандар бұл өңірде аңшылық пен терімшілікпен айналысқан адамдардың өмір сүргенін дәлелдейді. Палеолит кезеңінде (ерте тас дәуірі) адамдар үңгірлерде тұрып, қарапайым тас құралдарды пайдаланып, табиғатпен тығыз байланыста болған. Кейінгі мезолит пен неолит кезеңдерінде (орта және жаңа тас дәуірлері) адамдардың құрал-саймандары жетілдіріліп, отырықшылықтың алғашқы белгілері байқалды. | TEXT | kaz |
25,917 | Ежелгі дәуірде адамдар тек аңшылықпен ғана емес, біртіндеп егіншілік пен мал шаруашылығына да көшті. Археологиялық зерттеулер Қазақстан аумағында жылқының алғаш қолға үйретілген аймақтардың бірі екенін көрсетті (мысалы, Ботай мәдениеті). Жылқыны көлік әрі күш көзі ретінде пайдалану көшпенділік өмір салтының негізін қалады. Сонымен қатар, егіншіліктің қарапайым түрлері де дамып, адамдар дәнді дақылдарды өсіре бастады. | TEXT | kaz |
25,918 | Ежелгі дәуір – адамзаттың Қазақстан аумағында алғаш пайда болғанынан бастап, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңді қамтитын ұғым. Бұл дәуірдегі басты ерекшелік – адамдардың табиғатқа бейімделуі, шаруашылық түрлерінің біртіндеп даму үдерісі және алғашқы қоғамдық қатынастардың пайда болуы. Ежелгі дәуірдің басты дереккөздері – археологиялық қазбалар, тасқа қашалған жазбалар мен ежелгі ескерткіштер. | TEXT | kaz |
25,919 | Ежелгі дәуірде қазіргі қазақ даласында бірнеше археологиялық мәдениеттер мен тайпалық одақтар өмір сүрді. Мысалы, қола дәуіріндегі Андроново мәдениеті жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуына, металл өңдеудің кең таралуына әсер етті. Андроново мәдениетіне жататын ескерткіштер Орталық және Солтүстік Қазақстан аумағында жиі кездеседі. Бұл мәдениет өкілдері мыс, қола, алтын секілді металдарды игеріп, тұрмысқа қажетті құрал-саймандар мен әшекей бұйымдар жасады. | TEXT | kaz |
25,920 | Ежелгі дәуірдің соңына қарай ру-тайпалық одақтар қалыптаса бастады. Әлеуметтік жіктелудің алғашқы белгілері көрініс тауып, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық ұлғайды. Діни наным-сенімдер табиғат күштеріне табынудан бастау алып, кейінірек ата-баба рухына сыйыну, күнге, отқа және басқа да құдіретті күштерге сену формаларында жалғасын тапты. Ежелгі қорымдар мен жерлеу орындарынан табылған әшекейлер мен құрал-саймандар сол заманғы діни дүниетаным мен тұрмыс салты туралы мол ақпарат береді. | TEXT | kaz |
25,921 | Ежелгі дәуір – қазақ жеріндегі мәдени және этникалық процестердің негізі қаланған, болашақ мемлекеттердің іргетасы қаланған уақыт. Бұл кезеңде адамдар табиғат жағдайларына икемделіп, шаруашылықтың түрлі формаларын меңгеріп, өзіндік рухани мәдениетін қалыптастырды. Ежелгі дәуірдің мұрасы – бүгінгі Қазақстан тарихының алғашқы беттері, ұлттық бірегейліктің терең тамыры. Ежелгі дәуірді зерттеу арқылы біз тек өткенімізді біліп қана қоймай, қазіргі қоғамның мәдени-тарихи ерекшеліктерін тереңірек түсіне аламыз. Бұл – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ықпал еткен сан ғасырлық тәжірибенің бастауы. | TEXT | kaz |
25,922 | Абай Құнанбайұлының "Қара сөздері" – қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларының бірі. Бұл еңбекте Абайдың философиялық, әлеуметтік, моральдық және тәрбиелік көзқарастары баяндалады. "Қара сөздер" проза түрінде жазылған және қазақ халқының рухани, мәдени өміріне үлкен ықпал еткен. Абайдың "Қара сөздері" – жалпы 45 сөзден тұрады. Әр сөзінде ол халықтың білімге, еңбекке, адалдыққа, әділдікке, рухани тазалыққа ұмтылуын насихаттайды. Бұл еңбекте қазақ қоғамының кемшіліктері сыналып, адамгершілік, ғылым-білім, дін, әділеттілік, еңбекқорлық, достық секілді құндылықтар жан-жақты қарастырылады. | TEXT | kaz |
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.