id
int64
1
25.9k
content
stringlengths
88
24.4k
category
stringclasses
1 value
language
stringclasses
1 value
25,801
Жоғарыдағы кестеде берілген сұрақтар білім алушының тақырыпты қаншалықты түсінгенін, сөздік қоры қандай сөздермен толыққанын, тыңдалымға сәйкес ақпаратты қалай түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді. Тыңдалымға берілетін бейнематериалдардың ұзақтығы 2-3 минуттан аспағаны жөн. Аудиовизуалды материалды қолдана отырып, сөйлеудің айтылым және жазылым әрекетіне де байланысты лексика-грамматикалық тапсырмалар әзірлеп, пайдалануға болады. Тапсырма. Берілген сілтеме бойынша бейнематериалмен танысып, кестені толтырыңыздар. «Шетелде білім алып жатқан жастар»
TEXT
kaz
25,802
Білім алушы салыстыру құрылымдарын пайдалана отырып, өз қорытындысын жасайды. Егер білім алушының жазу сауаттылығын тексергіңіз келсе, онда жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар, ал сөйлеу деңгейін анықтағыңыз келсе, ауызша орындауға арналған тапсырмалар беруге болады. Тaпcырмa. Бейнематериал бойынша пiкiрлeрдi жaлғacтырып, сөйлемді толықтырыңыздар. Шетелде оқу мүмкіндігі болса ,өзіме мәдениеті мен табиғаты жағынан ұнайтын ... еліне барғым келеді, себебі ... . Шетелге білім алу мақсатында ... елдеріне баруға болады, себебі ... . «Болашақ» бағдарламасын дамытуға байланысты менің ұсыныстарым - ... . Тапсырма. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген тақырыпқа өз пікірлеріңізді жазыңыздар. Мұндай тапсырмалар білім алушының шығармашылық қабілетін дамыту, жазу сауаттылығын арттыру мақсатында беріледі. Жазылымға байланысты жаттығу жұмыстары коммуникативтік бағытта берілгені тиімді. Сондай-ақ тапсырмаларда лексикалық тақырып грамматикамен ұштастырыла беріліп, сауатты жазуға дағдыландыратындай болғаны дұрыс. Бұл туралы ғалым : «Кез келген тілді үйрену барысында грамматиканың ерекше рөлі бар, сондай-ақ грамматика тілді толық мәнде пайдаланудың қажетті базасы болып табылады. Алайда, үйреніп жүрген тілдің грамматикалық жүйесін, ережелерін білу – тілді меңгеру болып табылмайды, яғни оны шынайы коммуникацияда пайдалана алу біліктілігі қалыптасуы қажет» [8,152 б.] деп түсіндіреді. Айтылған пікірге төмендегі тапсырманы үлгі ретінде алуға болады. Типтік бағдарламада лексикалық тақырыпқа «Еңбек нарығы» деп берілген, ал грамматикалық тақырып – 1. болжaлды caн eciм: -дaғaн, -дaп, жуық т.б. 2. -уғa турa кeл құрылымы. Лексикалық тақырыпты грамматикамен ұштастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беруге болады. Тaпcырмa. Төмендегі сөйлемдерден бүгінгі грамматиканың қай түрі кездесетінін анықтап, түсіндіріңіздер.
TEXT
kaz
25,803
Сабақты қорытындылау барысында да бірнеше тапсырма түрлерін ұсынуға болады. Соның бірі – 11 аптадағы «Әлeмгe түркiлiк көзқaрac» лексикалық тақырыбын пысықтауға арналған айтылым тапсырмасы. Тапсырма. Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтардың дұрыс жауаптарын белгілеңіздер.
TEXT
kaz
25,804
Қазақ тілін оқыту үдерісінде цифрлық технологиялар мен жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сөйлеу әрекетінің төрт түріне ұйымдастырылған тапсырмалар – талдау, салыстыру, сыни тұрғыдан ойлауға, сөздік қорларын, тіл байлығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Цифрлық білім беру ресурстары сабақ мазмұнын жаңа технологиялар арқылы толықтыруға, түрлі тапсырмалар арқылы түрлендіруге, ақпараттарды есте сақтауға, білім алушының пәнге деген қызығушылығын аудиовизуалды материалдар арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында берілген тақырып негізінде білім алушылар бір-бірінің айтқандарын мұқият тыңдауға, ақпаратты салыстыруға, алынған ақпараттарды бағалап сынауға, өз ойын дәлелдей білуге, қорытындылау мен талдау дағдысын қалыптастыруға үйренеді. Бұл үшін мәтінді түсініп оқуға тырысады, мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады немесе басқа студенттердің сұрағына жауап береді, берілген мәліметтерге өзіндік пікір жазады. Осындай жұмыстар арқылы білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары дамиды.
TEXT
kaz
25,805
№827 Қаулысымен бекітілген «» мемлекеттік бағдарламасында «Жаңа білім беру деректер мен формулаларды жаттап алуға емес, ең алдымен ақпаратты талдау дағдылары мен креативті ойлаудың дамуына екпін қойып, цифрлық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін болады» [2] деп көрсетілген. Мұның өзі білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру, оқу үдерісінде аудио, видео материалдармен қатар қосымша білім беру ресуртарын пайдалана алудың өзекті мәселе екендігін білдірсе керек. Цифрлық технологияларды қолдану – сабақ сапасын арттырумен қатар білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істей білуге, ақпаратты таңдап, талғап, өңдеп, тасымалдау сияқты дағдыларын дамытып, ақпараттық мәдениетті қалыптастырады, шығармашылық қабілетке де баулиды. Жоғарыда айтып өткеніміздей цифрлық технологияларды қолдану қоғам өмірінің барлық саласында маңызды рөлге ие болып отыр. Оқыту жүйесінде де цифрлық ресурстарды пайдалану – білім сапасын көтеріп, заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға жағдай жасайды. Бүгінгі студент ертеңгі маман екенін ескерсек, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда білімді, қабілетті, іскер маман дайындау әр оқытушыдан шығармашылық ізденісті, цифрлық білім беру ресурстарын жетік меңгеруді талап етеді.
TEXT
kaz
25,806
Халықтың рухымен сезілген, халықтың қиялында жанданған әрі тарихи, әрі рухани құнды туындыларымыз қаһармандық эпостарда ең жақсы қасиеттер халықтың өкілі, басты кейіпкер батырдың бойына жинақталған. Батыр – елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптейді. Олардың қызметі бүкіл қоғамның, халық бірлігінің, мемлекет тұтастығына құрылады. түркі халықтары мекендеген сайын даланың қатал ауа райы, өз араларындағы, дұшпандарымен арадағы соғыстар оларды көшпелі тұрмыс-тіршілікке итермеледі. Көшпелі тұрмыс-тіршілік те оларға жауынгерлік пен батырлық рухын септі. Сол себептен де отырықшы қоғамға қарағанда көшпелі тұрмысты ұстанған қоғамнан батыр типін жиі кездестіруге болады. Өйткені, көшпелі қоғамның тұрмыс-тіршілігі, құндылықтары отырықшы қоғамнан өзгеше болып келеді. Ол туралы түрік ғалымы «Өмірде және әдебиетте нақты бір тип оны идеал тұтқан қоғамға байланысты дүниеге келеді. Тип – аңсаудың белгісі. Алайда, бұл аңсау сол қоғамның тарихи сәттері, әлеуметтік жағдайы және өркениетімен тығыз байланысты. Бұлар өзгерсе, оларға жауап беретін идеал типтер де өзгереді» [1, 58 б. ], - дейді. Түркі қаһармандық эпостарында көшіп-қонып мал баққан елдің ортасынан шыққан, жаз жайлап, қыс қыстап жүрген қарапайым батыр жауға барғанда адам айтқысыз биік қамалдарды бұзып, шаһарларды шауып керемет ерліктер көрсетеді. Қаһармандық эпоста барлық жағынан асқақталатын кейіпкер – ол батыр. Батырлық тек елге еңбек сіңіру, ел қорғау арқылы ғана келеді. Түрік ғалымы өз мақаласында батыр типін «Түркі эпостарында идеалдандырылған батыр типі халықтың басты күш, қуаты саналады. Батыр қасиетті отансүйгіштік мақсатынан өлгенге дейін бас тартпайды. Ол соғыстан тайсалмайды, қашпайды, кеудесін керіп жауға қарсы тұрады. Қарсыдағы дұшпан қорқынышты, көзі қарайған, өте күшті болып келеді. Батыр өзін соншалықты батыл, мықты санайды. Өзін ешбір дұшпан жеңе алмайтындай көреді. ... батырға рухани күшті аталар рухы береді. Батыр туғаннан мықты, жан-жақты болып келеді. Әрдайым жанында аты және жігіттері бар. Сонымен қатар батыр әділ, жомарт, сымбатты, өнерлі, қонақжай, намысты болып келеді» [2, 172 б.], - деп сипаттайды. Қаһармандық эпоста батыр өзінің ержүректілігін, батылдығын ел игілігіне, әділетсіздіктен жапа шеккендер мен жаудан жәбір көргендерді құтқаруға жұмсайды. «Батырлар жырында жеке мүддеден гөрі ру, тайпа, ел мүддесін жоғары қою үстем. ... Эпостық жырлар патриархалдық-феодалдық қоғам нығайған кезде жырланғандықтан, оның батырлары ру, тайпа мүддесі мен жеке басының мүддесін ұштастырады» [3, 134-135 б.]. Бір сөзбен айтқанда, батырдың батырлығы ел тағдырына қатысты маңызды оқиғамен өлшенеді. Басқа да халықтардың эпостарындағы сияқты түркі халықтарының эпостарындағы батырлар да әділ, ержүрек, батыл, дана болып келеді. Эпостарда батырлар тұтқынға түскен өзінің әке-шешесін, өз руының адамдарын, жарын, оның әке-шешесін құтқарады. Эпостардан батырлардың эпикалық идеалды ерекшеліктерімен қатар реалды адами ерекшеліктерін де көруге болады. Яғни, батыр еңбекқор, мықты аңшы, мерген, жақсы бақташы, мейірімді бала, отағасы ретінде суреттеледі. Көне эпостарда батырлар немесе олардың әкелері ру-тайпа басшысы, көсемі болса, мемлекеттің пайда болуымен қаһармандық эпостарда батырлар хан дәрежесіне көтеріледі.
TEXT
kaz
25,807
Қаһармандық эпостағы батыр - еркіндіктің, әлеуметтік теңдіктің, әділетті қоғамның символы. Батырдың хандық билікке қол жеткізіп, хан сайлануы әділетті қоғамның орнауы да болып есептеледі. Эпостарда батыр хан тағына қол жеткізгенде елде тыныштық пен әділдік орнайды. Бұл да батырды асқақтатудан, осындай хан болса екен деген тілектен, аңсаудан туғандығы сөзсіз. Ол туралы ғалым «Батыр еліне келіп заңсыздықтың орнына бұрынғы заңдылық, жамандықтың орнына жақсылық орнайды. Іс жүзінде қалпына келген тіршілік халық санасында енді осыдан былай батыр мен оның елі өмір сүретін кіршіксіз орта, әділетті қоғам деп есептеледі» [5, 227-232 б.]. Көне эпостардағы батыр (аңшы батыр, мерген батыр) мемлекет құрылған тұста оның билеушісі хан типімен бірігіп, батыр хан типтері пайда болды. «Қарадөң» эпосында ноғай ханы өз баласы Бердіхан бола тұра хандықты Қарадөңге береді. Хандыққа ие болған Қарадөңнің батырлығынан басқа ақылдылығы, әділдігі мына жыр жолдарында көрініс тапқан: «Мынау тұрған Қарадөң, Кеудесі толған сана еді. Тоқсан баулы ноғайды, Тірі болса, бағады, Ашы менен арығын, Пақыр, міскін, кәрібін, Түгелдей көңілін табады» [6, 221 б.]. «» мен «» жырларында да хандық таққа Тарғын мен Көкше отырады. Ол туралы «» жырының соңында «Жанарыстан үш Тарғын деген тауға барып жайлады, һәм қыстады. Һәм су жерді мысыр етті. Сол елге Тарғынның өзі хан болды және батыр болды» [7, 52 б.], - дейді. «Едіге – Нұран» жырында ханды өлтіріп орнына басқа хан сайлайды. Мұхтар ханның да елін шауып орнына Аңғысынды хан қояды. Ал өзі екі елдің батыры атанады. Ал «Едіге» жырында « ханның үлкен қызын алып беріп, Жылқыбайды хан қылып таққа отырғызып қояды» [6, 94 б.]. Ал қарақалпақтардың Қияс нұсқасында Сәтемір хан жалғыз қызы қосып, хандық тағын Едігеге береді [8, 221 б]. Едіге хан болып ел билеген тұста әділ төрелік жүргізіп, елінің абыройын арттырады. Нұртуған жырау нұсқасында Сәтемір хан қызы некелеп, тағын береді. «Едіге сол өлкедегі ноғайы, қазағы, маңғұлы тағы басқасы бар – төрт арыс елге хан болды». Көптеген түркі халықтарында кеңінен таралған «Көрұғлы» эпосының қазақ, өзбек, түркімен варианттарында Көрұғлы араб Райханның қызын түркімен еліне алып келгеннен кейін оны ақсақалдар кеңесі хан сайлайды. Қаһармандық эпос дәстүріне сай батыр болмаған ханның әділетті билеуші ретінде бейнеленуі өте аз кездеседі. Өйткені халықтық тарихи сана бойынша ең алдымен елінің мүддесін барлығынан жоғары қоятын, сол үшін жанын пида туге даяр батыр тұлғасы ғана ел билеуге лайықты болып келеді.
TEXT
kaz
25,808
Батырлардың мергендігі, аңшылығы көбіне ертегілерде кездесетін сюжет десек те болады. Ол туралы : «Қазақ батырларының әңгімелерінде аңшылықтың өзі де көп жайылған үлкен бір салт болады. Біздің батырлардың бір алуаны – аңшыдан шыққан батырлар. Бұның мысалдары, әсіресе, ертегіде көп. Кәсіп иесі – аңшы батыр. Мал бағушы, бақташы Қодар батыр сияқты, біздің батырлардың ол да бір бөлек типі болады» [10, 100- 101 б.], - дейді. «» ертегісінде де те әке-шешесін құстың, аңның етімен асырайды. қазақтың қаһармандық жырлары мен ертегілерін туғызған атаеркі дәуірдегі негізгі мотивтердің көптеген түрлерін жіктейді. Солардың ішінде «ер баланы баулып, садақ аттыру, жапан түзге жалғыз жіберіп, аң аулатып, ерлік сынаудан өткізу/мергендер типі» мотивінің де айрықша орын алғандығын атап көрсетеді [11, 16 б.]. Ежелгі сахаларда балаға кішкентай кезінде берілген ат нағыз ат ретінде саналмайтын болған. Нағыз ат оларға садақ атып, жігіттік көрсеткеннен кейін ғана берілетін болған. Өзбек халқының «Алпамыс» эпосында батырға туғанда қойылған ат – Хакімбек. Хакімбек жеті жасына толғанда алғашқы батырлығын көрсетеді. Атасынан қалған он төрт пұт ауырлығындағы сары садақты көтеріп атады. Сары садақпен атқан оқ асқар тауға қарай ұшып, таудың төбесін ұшырады. Осыған байланысты халық оған Алпамыс деп ат қойған. Алпамыс, Қобыланды жырларында батырлар ат жалын тарта өз елін қорғауға аттанса, Бұқаш аңға аттанады. Хакас қаһармандық эпостарындағы батырлар да құралайды көзге атқан мерген, қарымы мықты аңшылар болып келеді. Эпостарда батырлардың аттарына мирген (мерген) эпитеті қосылып * – , – , – , – * т.б. болып аталады [12, 43 б.]. Сонымен қатар, батырлардың аттары хан, тайчы (ханзада), мөке (күшті), төңіс (бай) сияқты түрік-моңғол титулдарымен бірге айтылып отырған. Алтайлықтарда да «», «», «», «» т.б. сияқты қаһармандық эпостар көптеп кездеседі. Қаһармандық эпостарда аңшылық, мергендік тұлғалары өзгеріске түскен. Қалыңдық іздеуге шыққан батыр қызға қол жеткізу үшін мергендікті қажет ететін алтын теңгені, жібек бауды т.б. атып түсіреді. Алты жасында алып батыр болған бірге жылқы бағып, аң аулап, садақ тартады. Көктім ханның тойында Қобыланды мергендігін көрсетеді: «Қозы жауырын жебені, Ат үстінен шіреніп, Сонда тұрып тартады, Кәміл пірлер сенгені. Қарулы бақан басында, Екі бөліп ұшырды, Ай астында теңгені» [13, 14-15 б.]. Қобыланды осылайша ай астына ілінген теңгені атып түсіріп Құртқаға үйленеді. Бұл жерде біз Қобыландының сұлу жарына қол жеткізу үшін жасаған ісін көреміз, оның халық қамын көздейтін нағыз ерлігі Қазанға аттану сапарынан басталады. Қазақтың «Қамбар батыр» жырындағы Қамбар батыр өзін ғана емес «алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырды» аңшылықпен асыраған аңшы-батыр. «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінің батырлар жыры туралы тарауында Қамбардың аңшылығын жырдың басты ерекшелігі ретінде сипаттайды [14, 439 б.]. батырдың батылдығы ел игілігіне, зәбір көргендерді құтқаруға бағытталады. «» жырында Қамбар «он сан үйлі оят, қырық сан үйлі қият, алпыс үйлі арғын, жетпіс үйлі жебір, тоқсан үйлі тобырды» асыраған он сегіз жасар батыр ретінде суреттеледі [15, 49 б.]. жариялаған «Қамбар батыр» жырында Қамбардың «Алпыс үйлі Арунның, Тоқсан үйлі Тобырдың, Ашыққанын тойғызған» аңшылық өмірі, адал еңбектенуі кеңінен суреттеліп, жолбарыспен алысқан алғашқы ерлігі жырланады [15, 121-125 б.]. «Қамбар батыр» жырының нұсқасында көп тобырдың қамы үшін «киік, құлан аң атып асырағандығы», «Қобыланды батыр» жырының Құлзақ нұсқасында «Ит жүгіртіп, құс салып кәсіп еткен, Аңшылықтың қызығын нәсіп еткендігі» [16, б. 144] жырланады. «Қобыланды батыр» жырындағы «Өзі алты жасында, Қаршығасы қолында, Тазысы ерткен соңында» жолдары ел қорғаны батырдың кішкентайынан аңшылықты кәсіп еткендігін аңғартады. Жырда бала Қобыландыға жөн сілтейтін дана, қамқор жылқышы бейнесінде берілген аңшылыққа, мергендікке баулиды. «.. Қобыландыны барған соң, Естеміс ерің баулыды. Күнде киік аулайды, Кездессе жауын жаулайды, Жылқыда жатып Қобыланды, Екпіні оттай қаулайды, Қаршығасы қолында, Құмай тазы соңында, Көрсе киік аулайды» [17, 5-6 б.]. Алтайлықтардың екі бөлімнен тұратын «» эпосының бірінші бөлімінде қарт батыр шапқыншылығы, қосынын қиратып дүниесін, мал-мүлкін адамдарымен қоса тұтқындауы баяндалған. Екінші бөлімінде ұлы батырдың ерліктері жырланған. Эпостың басты кейіпкері керемет күшке ие - . «» дастанында ғажайып туу мотиві бойынша қарт ата-анадан дүниеге келген, жау келердің алдында қарт әкесінің тауға жасыруымен аман қалған бала баяндалады. Оны мейірімді кейуана бейнесіндегі туған жердің, яғни Алтайдың рухы өсіреді. Алтайдың рухы қорғансыз баланы керемет батырға айналдырады. Баланың біртіндеп қару қолдануды, құс пен аңдарды аулауды үйренуі аңшылық пен малшылықты қатар алып жүрген көне алтайлықтардың тұрмыстарының шынайы тұстарын көрсетеді. Ал баланың ойыншық садақтың бір жебесімен бірден көп аң құсты өлтіріп, өзіне тартып алуынан шындыққа жанаспайтын қиял-ғажайыпты көреміз. қабырғадан жасалған садағы, қамыстан жасалған жебесін атқанда «жер тітіркеніп, Алтайдың төбесі сілкініп, жебе жеті қара бөрінің жалаң қолтығынан өтіп, жеті қара тауды ұшырып, жеті қабат жер астынан өтіп жерді ұстап тұрған улы сары теңізге түседі. Оң қолымен лақтырған таспен тоғыз қара қарғаның бастарын жұлып алады» [18, 300-302 б.].
TEXT
kaz
25,809
Қаһармандық эпостарда батырдан асқан ұлы тұлға жоқ. Сол себептен де жырдағы кез келген әлеуметтік топ өкілдерінен мейлі хан, мейлі бай болсын батырдың орны бәрінен жоғары тұрады. Батырдың бойында батырлық, батылдықпен бірге қаншама асыл қасиеттер ұштасып жатады. Тұтастай алғанда, батыр жан-жақты, бойында көптеген ерекшелігі бар, өзі мерген, өзі аңшы, өзі палуан, өзі шешен, өзі мәрт, халық аңсарындағы ерекше тұлға. Эпостарда батырлардың көркемдік ерекшеліктерімен қатар шынайы адами ерекшеліктері де жан-жақты бейнеленеді. Эпостарда бейнеленген *аңшы/мерген* батыр типі мергендігімен елін асырайды, *батыр хан* типі зұлымдарды жеңіп, еліне тыныштық орнатады, *би батыр* типі әділ шешім айтып үлкен дау-жанжалдардың алдын алады, ал *малшы батыр* типі де зұлым байларға қарсы күресте жеңіске жетеді. Жалпы алғанда архаикалық элементтері көбірек сақталған Сібір эпостарында аңшы батыр, мерген батыр, малшы батыр сияқты батыр типтері көптеп кездеседі. эпостарында да көне эпостарда кездесетін тұрмыстық элементтердің көрінісі (аңшылық дәуір көрінісі) мен қаһармандық элементтері, яғни аралас типтердің молырақ кездесетінін, эволюциялық дамуын көреміз.
TEXT
kaz
25,810
Мәтіндерді оқу арқылы тіл дағдылары қалыптасады. Алайда жұмыс мәтінді оқытып, ақпарат беріп қалдырумен ғана шектелмеуі тиіс. Оқытушы тарапынан оқылым көмегімен тіл құбылысын, табиғатын, көркемдігін аша түсетін тапсырмалар ұсынып отыру күнделікті міндет қатарына кіреді. Ол міндеттер «Оқу барысында тіл үйренуші негізгі ойды түсінді ме, жоқ па? Мәтін тіл үйретуге қатысты мақсаттарға қол жеткізді ме, жоқ па? Немесе оқылым тіл мүддесін атқарды ма, жоқ па?» секілді сауалдарға жауап беруі керек. Оған талап дәрежесінде қол жеткізу үшін мәтінге сұрақтар қойылады немесе тест тапсырмалары құрастырылып, сынақ тапсырушының білімі анықталады. Бұл тәсіл тіл сабақтары барысында жүзеге асырылады. Шет тілдері ішінен ағылшын тілі әдістемесіне келсек, мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгенін зерттеуге төмендегідей тапсырмалар беріледі: skimming (мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау); scanning (мәтіннен нақты ақпаратты іздеп, табу); reading for detail (мәтінді мазмұны деңгейінде ғана емес, мәні деңгейінде жіті түсіну).
TEXT
kaz
25,811
Тіл үйренушілер мәтінді оқымас бұрын олардың лексикалық минимумы бойынша жаңа сөздерге тоқталып барып, материалды назарларына ұсынамыз. Бастапқы деңгей үшін мәтін көлемі 4-5 сөйлемнен аспағаны абзал. Мәтін орнына кесте, сызба мен диаграммалар беру қызықты әрі ұғынықты. Төменде алдымен кесте ұсынып, тапсырмаға қарайық. Дұрыс жауаптары – D нұсқасы. Бұл жоғарыда аталған оқу түрлерінің ішіндегі **шолып қарап** орындалатын тапсырмаға жатады.
TEXT
kaz
25,812
стығына көз жеткізу үшін білім алушы оқу материалындағы сәйкес келетін нұсқаны іздері сөзсіз. Осындай тәртіппен орындалған тапсырмаға қарап, жауап берушінің білімін бағалай аламыз. Тест тапсырушы немесе тапсырма орындаушыға қойылатын сұрақтар да қысқа, әрі түсінікті болуы тиіс. Олардың уақыты шұбалаңқы сөйлемдердегі белгісіз сөздерді аударуға не ойын жинақтап отыруға кетпегені жөн. Сұрақ тілге қатысты болса да, аналитикалық ойға арналса да, айқындылыққа негізделуі керек. Әсіресе, тіл білімін тексеруге берілетін тапсырмалар мен **аналитикалық ой** айналасында қойылатын сұрақтардың аражігі анық болуын қадағалау қажет. Егер сұрақ мақсаты түсініксіз болса, орындаушының да жауабы екіұшты шығуы ықтимал. Осы турасында тест тапсырмаларын әзірлеу ережесін ұсынушылар былай ескертеді: «Жауап нұсқаларының арасындағы айырмашылықтардың дәл екендігіне көз жеткізіңіз. Олар бір-біріне неғұрлым ұқсас келсе, дұрыс жауапты табу соғұрлым қиындық туғызады. Олардың арасындағы айырмашылық нақты болмаған кезде тестіленуші дұрыс жауапты біле тұра оқыған мәтінге емес, шындыққа келетін нұсқаны таңдап кетеді» [2, 14 б.]. Бұл жерде автор сұрақтың өмір ағынына қарай емес, мәтін шеңберінде қойылуын өтінеді. А1 деңгейінде мәтін көлемі мен түріне қарай басқа да сұрақтар әзірлеуге болады. Мысалы: *Сөйлемге қажеті жоқ (артық) сөзді табыңыз. Мәтінге қарап кестені дұрыс толтырыңыз. Мәтінде жоқ ақпаратты анықтаңыз* т.б. Мәтін мазмұнына қатысты бұл сұрақтар барлық тілге тән және белсенді қолданыста деп айта аламыз. Келесі мысалдағы сұрақтар неміс тілі оқылымы үшін көп қойылады: *«Welcher Satz entspricht dem Inhalt des Textes? Welcher Satz ist richtig? Welcher Satz entspricht dem Inhalt des Textes nicht? Welcher Satz ist falsch?»* [3]. Қазақ тіліне тәржімаласақ, тапсырма төмендегі мазмұнда түзіледі: – Қай сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келмейді? – Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемді атаңыз. Жоғарыдағы тапсырмалар мазмұнына қарай оқылымның зерттеуді талап ететін түріне жататындығын аңғарамыз. В1 деңгейі үшін мысал келтіретін болсақ, төмендегі сұрақтар тиімді келеді.
TEXT
kaz
25,813
А1, А2 деңгейінде қысқа сөйлемдерге қоса кестелер мен диалогтар беретін болсақ, В1 деңгейінде олардың көлемі ұлғайтылып мазмұнын қорытындылауға бағытталған тапсырмалар әзірленеді. Аннотацияны мәтінге де, ғылыми мақалаға да, көркем шығармаға да беруге болады. Ол мәтіннің сығымдалған мазмұнын білдіретінін ескерсек, бұл термин қай деңгейге болсын таныс, әрі ұтымды сұрақ саналады. Осы сауал арқылы оқылған материал мазмұнын қалай қабылдағанын анықтауға болады. Аннотациямен байланысты тапсырмаларды магистратура бөлімінде оқушылар үшін көбірек қолдануға болады. Олардың дені В2 деңгейін құрайды. Бұл деңгейге жоғарыдағы сұрақтарға қосымша ғылыми, көркем шығармалардың мазмұнын ашатын тапсырмалар әзірлеу маңызды. Мысалы:
TEXT
kaz
25,814
Қазақ тілінде «азатжол» сөзін диктант жазуда қолданамыз. Енді «азатжол» сөйлемнің басталуын білдіретін болғандықтан онымен қатар қолданыста жүрген «абзац» сөзіне түсініктеме беріп кетейік. Неміс тілінің белгілі маманы «Қазақша-немісше» сөздігінде «Absatz» сөзіндегі приставкаға қоса терминнің жалпы мағынасына тоқталып: «... 2) алыстау, қашықтау; 7) бір нәрсенің аяқталуын, соңын көрсетеді» [4, 9 б.] деп, абзацтың жаңа жолдың басталуын ғана емес, сонымен бірге, бір ойдың немесе идеяның аяқталуын білдіретінін айтады. Ал танымал лингвист, академиясының корреспондент-мүшесі оның ағылшын тіліндегі мағынасын былай түсіндіреді: «Параграф (лат. paragraphus, от греч.par`agraphos) – часть текста внутри главы, раздела, книги, статьи, имеющая самостоятельное значение, обычно отмечаемая знаком §, а также сам этот знак» [5, 505 б.]. Абзацпен жұмыс істеу оқытушы үшін тапсырма әзірлеуге қолайлы болса, орындаушы үшін де көлемді мәтіннен жауап іздеп отырмай, мегзеген тұсты қарай салуға ыңғайлы. Абзацта белгілі бір идея немесе нақты бір оқиға баяндалады. Сондықтан сұрақ қою мен жауап беру қиындық туғызбайды. Қай деңгейде болсын, оқылым арқылы мәтіндегі *негізгі сөздер* мен *жеткіліксіз сөздер қатарын* тапқызуға немесе *артық сөзді* анықтатуға, белгілі бір *сөз тіркесі* немесе *сөзге мағыналас* нұсқа мен *қарсы мәнді* білдіретін жауабын таңдатуға бағытталған тапсырмалар ұсынуға болады. Талданған тапсырмалар мақала басында айтылған шет тіліндегі skimming (мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау); scanning (мәтіннен нақты ақпаратты іздеп, табу); reading for detail (мәтінді мазмұны деңгейінде ғана емес, мәні деңгейінде жіті түсіну) талаптарын да орындайды. Материалдар мәтін, кесте және дилогтармен шектеліп қоймай, өлең түрінде, ғылыми мақала формасында келтірілуі әбден мүмкін. Мәселен, PISA (Programme for – Оқушылардың білім деңгейін бақылау жөніндегі халықаралық бағдарлама) даярлаған «Задачи на грамотность чтения» атты еңбекте ғылыми мақалалар мен терминдерге қатысты тапсырмалар төмендегі қалыпта әзірленген: «Задание 1. Слово плагиат заимствовано европейскими языками, в том числе и русским языком, из латыни. Что обозначало это слово в латинском языке? Өлең (ұлттық көркем шығарма жанры) оқылым материалына енгізген тапсырмалар әзірлеуге қолайлы, әрі танымдық тұрғыдан білім алушының шығармашылық қасиетін дамытады. Қазақтың генетикалық коды – өлең. Абай, Мағжан, Мұқағали өлеңдерін оқу бағдарламасына енгізу тілдің көркемдігін, табиғилығы мен тазалығын көрсетеді, әрі оқушыны қызықтырады. Мәтіндерді абзацқа бөлетін болсақ, өлеңдерді шумақтарға жіктеп мазмұнын ашамыз. Өлеңге қызығушылығын арттыру мақсатында синквейн әдісін қолдануға болады. Синквейн cынақтан өтушінің шығармашылығын өлең арқылы айқындауға, әрі тілге қатысты білімін анықтауға бағытталған сұрақтарды қамтиды. Бұл әдісті жазылымға да, оқылымға да пайдалану ұтымды. Ол бес жолдан тұрады: 1-жол. ЗАТ ЕСІМ, саны - 1. Синквейннің басты тақырыбын көрсетеді. 2-жол. СЫН ЕСІМДЕР, саны - 2. Негізгі ойды білдіреді. 3-жол. ЕТІСТІКТЕР, саны - 3. Тақырыпқа қатысты әрекеттерді сипаттайды. 4-жол. Белгілі бір ойды не тақырыпты ашатын фраза ұсынылады. 5-жол. ЗАТ ЕСІМ қорытынды ретінде беріліп, бірінші сөзбен үйлесуі тиіс. Жоғарыдағы тәртіппен орындалған орыс тіліндегі синквейнді мысал ретінде көрсетейік:
TEXT
kaz
25,815
Қазақ тілі сабағында аталған әдіспен білім алушылардың танымын кеңейту үшін өлеңін тапсырма ретінде беріп көрейік. Студенттерге зат есім үшін, алдымен, «Алаш» сөзі, ал оған соңында үйлесетін қорытынды сөзге «Қазақ» ұсынылды. Тапсырманы орындаушылардың дені екінші, үшінші және төртінші жолдарға мағыналас сөздер қойып шықты. Іріктеу барысында синквейн нәтижесі төмендегідей болды:
TEXT
kaz
25,816
Тапсырма орындалып болған соң түпнұсқа көрсетілді: «Алыстан «Алаш» десе, аттанамын. Қазақпын, «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!». Біріншіден, өлеңді оқыған студенттер екі міндетті жүзеге асырды. Тақырыпты ашты, сөздік қорларын байытты, тарихқа үңілді. Екіншіден, қазақ ақынының арманын өлеңмен қабылдап, ой түйді. Мұндай жұмыстар тіл үйренушіні **танымдық** ақпаратпен байытып, ұлттық әдебиет пен мәдениетті лайықты түсінуіне ықпал етеді. Қорыта келе айтарымыз, тіл үйрету әдістемесінде оқылым дағдысын жетілдіру мәтіндерді мазмұнымен бірге оларды дұрыс іріктеуге, түрлендіруге, сондай-ақ лайықты тапсырмалар әзірлеуге тікелей қатысты. Бұл әрекеттер білім алушылардың тілді білу деңгейін қажетті дәрежеге көтеріп, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға елеулі үлес қосады.
TEXT
kaz
25,817
Мұндай заңдылық түркі халықтарының эпостық жырларындағы мифке де, мифтік кейіпкерлерге де қатысы бар. Іс жүзінде эпос – байырғы миф, ертегі, аңыз, ғұрыптық фольклор түрлерін синтездік сүзгіден өткізіп барып, дербес қалыптасқан жанр. Ондағы мифтік мотивтер, ұғымдар, кейіпкерлер эпостың жанрлық табиғатына икемделген. Аталған мақалада миф поэтикасының және эпос поэтикасының типологиясын ашып көрсетуде түркі халықтарының рухани мұраларын, эпостары мен мифтерін салыстыра қарастыру, соның негізінде тың тұжырымдарға қол жеткізу, оларды ортақ мәдени мұра ретінде білу міндетін орындауға бағытталуы мақаланың өзектілігін арттыра түседі. Түркі халықтарының фольклорын зерделеп, зерттеп, меңгерген сайын түбі бір түркілік болмысымыз да әр қырынан ашыла түседі.
TEXT
kaz
25,818
Қазіргі таңда барлық түркі елдеріне ортақ мұра – қаһармандық эпостарды ғылыми тұрғыда жаңаша зерделеу қажеттілігі басым болып отыр. Түркілердің эпикалық дәстүрлерін салыстырмалы түрде жан-жақты зерделеу ғалымдардың тарапынан қолдау тауып жатқанына қарамастан әлі талай атқарылатын жұмыс айтарлықтай көп. Қаһармандық эпостар мен мифтің поэтикасын толықтай зерттеу ісі де жеткілікті дәрежеде жүзеге асқан жоқ деуге болады. Ұзақ жылдар бойы түркі халықтарының арасындағы өзара әдеби, мәдени, рухани байланыстар үзіліп қалған себептен салыстырмалы зерттеулерді іске асыру мүмкін емес болды. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң түркі халықтары бәрімізге ортақ рухани мұра – бірбіріміздің эпикалық туындыларымызды салыстыра қарастырып, ортақ сипатын айқындап, оларды жан-жақты зерттеуді, жариялауды, зерделеуді қолға ала бастадық. Түбі бір түркі халықтарының арасындағы дәстүр сабақтастығының сақталғандығын бағамдау – бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Мифтің мифологемасы, сюжеті, мотиві, эпостың түрлі деңгейінде құрылымдық мәнге ие болуымен қатар, кейіпкерлердің бейнесі, арқалайтын жүгі бойынша да мифтік ұғымдарға барып тіреледі. Эпос жанры жекеленіп тұрып, оқшауланып өмір сүрмейді. Ол мифтің де, ертегінің де жанрлық қасиеттерін бойына сіңіріп, тығыз байланыста болады. Түркілердің қаһармандық эпостарында көне мифтен, эпостан, ертегілерден қалған белгілер әр түрлі сипатта және әр түрлі дәрежеде кездеседі. Түркі халықтарының дүниетанымындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтар, тұрмыс-тіршілігіндегі тарихи оқиғалар эпостың дамуына өзіндік әсерін тигізгендігі белгілі.
TEXT
kaz
25,819
Бұл мақалада тарихи-типологиялық тәсіл басшылыққа алына отырып, ауыз әдебиетінің миф пен эпос секілді жанрларының поэтикасы талданады. Тақырыптың зерттеу нысаны жалпы түркілердің мифі мен эпосының байланысын түрлі аспектіде қарастыру, жанжақты салыстыру. Типoлoгия типтік бeлгілeрді іздeйді. Aл типтік бeлгілeрді aлдымeн ұлттық эпoстан жинaқтап, сaлыстырмaлы, жүйелeу әдіcтері aрқылы тaлдaу қaжeттігі eскерілгeн.
TEXT
kaz
25,820
Түpкі хaлықтaрының рухaни бoлмыcында өзінің мoлдығымeн, көркeмдік қуaттeгeурінімен, тaрихи дeрeктілігімeн aйрықшa oрын aлaтын aлуaн cырлы эпoстық мұрaмыз бeн мифтeрдің бітімін сaрaлап, типтік бeлгілeрін жинaқтaу. Aл жұмыстың нeгізгі **міндeті** түркілeрдің мифі мeн пoэтикасының көркeмдік бoлмыс бітімін aнықтaуғa aтсaлысу.
TEXT
kaz
25,821
Mиф пeн эпoстың зeрттeлу жoлдaрын қaрaстырyдың eкі мaңызы бaр: біріншідeн, ғылымның oсы сaлaдaғы іздeніcтeрін жинaқтaу эпoстaну мәсeлeсін жaңa сaтығa көтeруге, жeтістіктері мeн әлcіз тұcтaрын aнықтауға көмeктессе, eкіншіден, эпoстың теoриялықметoдологиялық прoблемаларымен кeңірек тaнысуға сeптігін тигізeді. Түркі халықтарының қаһармандық эпосының мифпен байланысын екі түрлі аспектіде қарастыруға болады: *біріншісі*, мифтік ұғымдардың, кейіпкерлердің, ғажайып заттардың, киелі (сакралды) орындардың т.б. эпостағы трансформациялық түзілісі, *екіншісі*, миф құрылымының және баяндау тәсілінің (мифтік дәуір, мифтік уақыт, мифтік кеңістік) эпоста сақталған үлгісі. Бұл екі мәселені тарихи поэтиканың өзгешеліктерімен және даму заңдылықтарымен бірлікте қарастыру да, этнографиялық аспектіде реликт, көненің жұрнағы ретінде де іздестіру де тиісті нәтиже берері сөзсіз. Алайда мифтің дүниетанымдық табиғатының эпос құрылымындағы орны мен мәні бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Атап айтқанда мифтің логикасы мен құрылымына тән өзгешеліктер болмысты түсінудің және санада жинақтаудың үлгісі ретінде эпос структурасында да орын алғанын байқауға болады. Әрине, мифте ирреалдық, шындыққа жанаспайтын ұғымдар орын алса, эпоста реалды бейнелеуге қарай бағытталған баяндау тәсілі басты орынға шығады. Алайды өз дәуірі үшін миф оқиғасының және логикасының байырғы адамдар тарапынан шындық ретінде қабылдануы мәселенің өзара сабақтас екенін көрсетеді. Атап айтқанда миф те (өз дәуірі үшін), эпос та айтушылар үшін де, тыңдаушылар үшін де – өмірде болған шындық. Оларда баяндалған қаһармандар да, оқиғалар да бір заманда болған, адамдар бастан өткерген, оқиғалардың фантастикалық, ғажайып сипаты ерекше дәуірмен түсіндіріледі. Айырмашылық байырғы мифтік дәуірдегі адамдар мен эпосты жаратқан бергі заман адамдарының ойлау ерекшеліктерінде, сананың тарихи сатысының айырмашылығында. Мұны арнайы зерттеген француз антропологы -Брюль сана мен ойлаудың тарихи кезеңінің мифтік дәуірде басқаша болғанымен түсіндіреді. Атап айтқанда оны пралогическое (логикаға дейінгі) ойлау жүйесі деп атаған. Алайда мұны «логикасыз», «мағынасыз ойлау» деп түсінуге болмайды. Мәселе байырғы адамдар мен қазіргі адамдардың ойлау жүйесіндегі айырмашылықта. Айнала қоршаған орта, болмыстың сыры туралы мағлұматтар алдымен адамдардың өзінің жүріп-тұрысына, өзгелермен қарым-қатынасына, социумның дағдысы мен тіршілік тынысына қарай жинақталған. Аспан денелері, табиғат құбылыстары қаншалықты ауқымды, жойласыз үлкен, космостық өлшемде көрінгенімен, олардың қарым-қатынасы социум тіршілігінің, моралдық-этикалық нормаларының, жақсы-жаман әрекеттерінің нәтижесі қатары түйінделеді. Бұлар ұжымдық сананың көрінісі болып табылады, әрі оның мистикалық пра-логикалық сипаты айқын [1, 48 б.]. Кеңістік пен уақыт ұғымдары бірімен бірі тығыз байланысты болып табылады. Эпоста қаһарманның дүние есігін ашқаннан бастап, мақсат-мұратына жеткенге дейінгі әрекеттері кеңістік пен уақытты біріктіреді. Осы себептен де кеңістік пен уақыт оқиғаларға толы болып келеді. Эпостарда батырдың туған-туыстарымен қош айтысуы, қайта көрісіп-табысуы, сапарға аттануға дайындалуы баяу жүрсе, белсенді қимылы суреттелгенде уақыт тез өтеді. Ойлау жүйесінің айырмашылығы миф пен эпоста мазмұны жағынан жіктелген: мифтегі жойласыз ғажайып оқиғалар эпоста тарихи жағдайға, шындыққа орайластырылған. Оқиға мифтегідей бір заманда болған, ата-бабаларымыз бастан өткерген деп баяндалғандықтан, енді оған реалистік сипат берілген. Батырдың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, өзгелермен қарым-қатынасы кәдімгі адамның әрекетіне ауысқан. Ал оның тездетіп өсуі, мыңдаған жаумен жалғыз соғысуы, түрлі құбыжықтарды жеңуі, бір елдің әскерінің қанын судай ағызуы, атының ұшуы, т.б. мифтік белгілерін сақтағанымен, жайшылықта батырдың кейпі шындыққа сәйкес. Ал оның жойласыз әрекеті ұлғайту (гипербола) тәсілі ретінде көркемдік бейнелеу амалына көшкен. Ұлғайту – поэтикалық көркемдік құрал қатары қабылданады. Жырда батырдың сырт бейнесі, күші, түр-тұлғасы, іс-әрекеттері, жекпежектері, шайқастары, оның тұлпарының шабысы, жау батырларының жағымсыз бейнесі, табиғат құбылыстары шындықтан асып, ерекше ұлғайтылып, әсірелене жырланады. Асылы тарихи поэтиканың түп негізі мифтік бейнелеу жүйесіне барып тіреледі. Мифті зерттеген ғалымдардың көбі тілде сақталған көркемдік-бейнелеу құралдарының (теңеу, метафора, параллелизм, синекдоха, литота, гипербола, метонимия, т.б.) көбі байырғы замандағы салыстыру, балама табу, аналогия жүргізу, ұқсастыру үдерістерімен сабақтас екенін айтады [2, 35 б.]. Қаһарман әрекетін (соғысу, жекпе-жекке шығу, құбыжық кейіпкерлерді жою, жол жүру т.б.) баяндауда мифтің рөлі эпостық шығармаларда молырақ сақталған. Әрекет әсерлі, бейнелі, ауқымды болуы үшін оны асыра дәріптеу, ұлғайту немесе кішірейту, мезгілдік жағынан созып көрсету (қыстың болғанын қабағына қатқан қыраудан, жаздың болғанын қыраудың ерігенінен білу) сияқты тәсілдер орын алады. Мифте бұлар реалды әрекет қатары қабылданса, эпоста көркемдік-бейнелеу құралына айналған. Миф поэтикалық ойлаудың маңызды қайнар көзі ретінде басқа деңгейге көшкен [3, 52 б.]. Осындай әрекет XIV-XV ғғ. шежірелік жылнамаларда бейнесіне қатысты «идеалды» қолбасшы образын жасауға да ықпалын тигізген [4, 101 б.]. Қаһармандық эпостардағы батырдың образында, жаратылысында тәңірлік түсініктің орын алғанын байқаймыз. Тәңір – аспандағы құдай. Оның бейнесі ер адам ретінде қабылданады. Тәңірлік дүниетаным бойынша түркі қағандарының қаһармандық жаратылысы Көк аспанмен байланысты [5, 112 б.]. Эпос поэтикасының тағы бір мифтен бастау алған айғағы – структуралық құрылымында. Мифтегі кеңістік өзімдікі/ бөтендікі, адамдардыкі/адамзаттық емес болып жіктелетіні эпосқа да ауысқан. Батырдың ерлік ісі бөтен елде, жау мекенінде жүзеге асады. Ерлік іс аяқталғаннан кейін қаһарман жеңіспен өз мекеніне оралады. Оқиғаның ұзын-ырғасы батыр елінде –жау елінде – қайтадан өз елінде өтіп, осы үлгі (модель) көптеген эпоста қайталанады [6, 124 б.]. Миф пен эпос – екі түрлі дәуірдің, ойлау жүйесінің байырғы және одан кейінгі кезеңінің нәтижесі. Солай бола тұра эпос өзінен бұрынғы миф тәжірибесіне, атап айтқанда болмысты түсіну мен санадан өткізу дәстүріне арқа сүйей отырып дамыған. Уақыт өткен сайын эпос мифтен алшақтай берген. Алайда олардың құрылымдық жүйесінде ортақ белгілердің сақталып қалғандығы дау тудырмайды. Миф пен эпос сюжетінің кеңістіктегі және уақыт категориясындағы орналасу тәртібі де өзара ұқсас болып келеді. Атап айтқанда, үйленбеген қаһарман өзіне әйел алу үшін бөтен елге сапарға аттанады. Сапарға шығу сынақтан өтіп, ұзақ жол жүру нәтижесінде, бөтен (жау) елде өзінің болашақ жарын алу үшін мифте түрлі құбыжықтармен, ал эпоста жау батырларымен күш сынасу түрінде өтеді. Қаһарманның бөтен елден қалыңдық алуының арғы негізінде экзогамиялық дуальдық құрылымның ізі байқалады [7, 87 б.]. Мифтік ұғым бойынша бөтен елдің мифтік кейіпкерлері, сол елдің тотемдік жануарларының (аю, қасқыр, жылан, т.б.) бейнесі болуы мүмкін. Бөтен елге барған қаһарманға алдымен қарсы тұратындар солар. Себебі рудың ең басты қорғаушы күші және біріктірушісі осы тотемдік хайуандар. Экзогамиялық формада ұйымдасу ру аралық қарым-қатынасты реттеудің идеологиялық негізі болып табылады [8, 47 б.]. Эпос қаһарманының сапарға шығуы осы мифтік дәуірдегі руаралық қатынастардың сілемі болуы әбден мүмкін. байырғы тайпалардың мифі мен эпосындағы әйел алу тақырыбы құрылымдық жүйесі бойынша өте жақын. Көрнекті фольклорист чукоттардың мифі мен гиляктардың эпосындағы қаһарманның әйел алу сапарының уақыт және кеңістік бойынша бірдей жүйе құрайтынын атап көрсетеді [9, 154 б.]. Айырмасы чукоттардың шамандық мифінде шаманның бөтен елде әйел алуы бақсылық өнеріне (камлания) байланысты болса, эпоста ерлік іс арқылы жүзеге асады. Асылы бақсылардың транс жағдайға түсіп, түрлі жындармен жан ұшырып алысқандығы жағдайы батырлардың ерлігін қайталағандай болады. Жау елінен оралған қаһарман мен бақсы ойынын аяқтап, өз мекеніне оралған шаманның әрекеті құрылымдық жағынан өте жақын: екеуі де ерлік әрекетін басқа дүниеде жасап, соңында өзі кеткен жеріне қайтып келеді. Олардың істеген әрекетінің хронологиялық тәртібі, уақыт бойынша орналасуы бірдей болып шығады:өз мекенінен кету, бөтен елде ерлік көрсету, соңында жеңіспен мекеніне қайту. Бұл конструкция қаһармандық эпостың бас кейіпкері батырдың ерлік істерін баяндаудың өмірбаяндық принципке құрылатынына негіз болған. Миф пен эпос поэтикасының ортақ белгісі көркемдік кеңістікті бейнелеуден де байқалады. Мифтегі кеңістік бинарлы оппозиция принципке құрылған. Атап айтқанда таулардан, сулардан өту, сөйтіп бөтен әлемге (чужой мир) бару *жоғары/ төмен* (вверх/вниз) үлгісі бойынша ұйымдастырылады [10, 223 б. ]. Эпостық жырларда батыр ұзақ жол жүріп таулардан (белдерден, төбелерден) және өзендерден (шөлдерден, жазық даладан, иесіз ен даладан) шауып өтеді. Бұл жолдың эпикалық формуласы: Бұл кеңістік жойласыз ұзақтықты, жер бедерінің ауысып отырған, жол картинасының өзгерісін бейнелеумен бірге, бөтен әлемнің батырдың елінен бөлек екенін ажырату үшін қажет [6, 139 б.]. Жоғары/ төмен өлшем бұл мифтік санаға сәйкес. Түркі-монғол халықтарының ұғымы бойынша, бақсының мінетін көлігі – оның қобызы (даңғырасы, сыпыртқысы). Кейде жолдың ауырлығына қарай алтай қамының даңғыра-көлігі бірде құс болып, бірде атан түйе болып, бірде ат болып құбыла түседі [11, 203 б.]. Бақсы ойын кезінде шамандық өзеннен қобызы (даңғарасы, кепшігі) арқылы жүзіп немесе ұшып өтіп басқа жындар (рухтар) әлеміне өтеді. Екі араны бөліп тұрған су немесе биік тау екі әлемнің шекарасы болып есептеледі. Мифтегі осы ұғым эпоста өз елі және жау елі ұғымын ажыратып, арасын бөліп тұратын шекаралық белгіге айналған. Миф пен эпос поэтикасындағы тағы бір бір-біріне ауысқан ұғым ол – уақыт өлшемі. Мифтегі уақыт –жойласыз ұзақ. Ол мезгілді ұзарту қажет болғанда жүздеген айлармен, мыңдаған жылдармен өлшенеді. Уақыт әрекетпен бірге суреттелсе, онда уақыт жылдам жүреді, ал оқиғасыз уақыт ұзаққа созылады. Эпостық жырда, ертегілерде кейіпкердің жол жүруі «жеті күн, жеті түн», «қырық күн, қырық түн», «жеті жыл», «қырық жыл» деген мерзіммен белгіленеді. Батырлардың жекпежегі жылға созылады. «Қыстың болғанын кірпігіне қатқан мұздан, жаздың болғанын кірпігіне қатқан мұздың ерігенінен біледі. Әрекеттің, алысудың, соғысудың осындай мерзімге созылуы мифтік түсініктің әсері екені анық. Бірақ бұл жағдай кейінірек көркемдік тәсілге, ұлғайту, гипербола, метафора сияқты троптың түрлеріне ауысқан. Уақыттың жойласыз өлшеммен алынуы мифте космос пен хаостың ауысуына байланысты ғарыштық ұғымда көшкен. Сондықтан да ол мифтік уақыттың ерекшеліктерін сипаттайды. Ал эпостық шығармада уақыт реалды өлшемге түсіріліп, нақтылана бастайды. Уақыттың мифтік емес, тарихилық өлшемі нақтылануға қарай бағытталады. Мифтегі «бұрынғы өткен заманда», «баяғы заманда», «ертеде» дейтін ұғымдар эпоста нақтылы тарихи дәуірдің бейнесімен толықтырылады. Эпос миф моделін пайдаланғанымен оқиғаның мазмұнын тарихи дәуірлердің шындығы мен көрінісіне қарай икемдейді. Себебі екеуі екі тарихи кезеңнің, болмысты игерудің бөлек шартын белгілейді.
TEXT
kaz
25,822
Фольклортану ғылымының алдына қойылған міндеттері уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Осы себептен ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін толықтырып зерттеу мұраты іздену мен үйренудің жаңа жолдарын ашуды, зерттеу жұмыстарын жетілдіруді қажет етеді. Түркі мифтері мeн эпocтарын зeрттеудің де aлуaн міндеттeрі aлдa тұр. Түркілердің сан ғaсырлар бoйында жаратқан эпикaлық мұрaларын түрлі бeлгілері бойынша тoптап, зeрттеудің әлі де тoлықтай аяқталмағандығы рас. Бүгінгі күнге дeйін зeрттелген эпoстық eскерткіштер мoл бaйлықтың тек бөлшeгі ғaна. Эпосты тарихи-типологиялық ретімен қарастыру әртүрлі тараптан алғанда пайдалы. Мәселен, кей кезде жырды бір халықтың нұсқасымен ғана қарап талдау толық ғылыми зерттеулер мен қорытындылар жасауға аздық етеді. Түркілердің қаһармандық эпостарында көне мифтен, эпостан, ертегілерден қалған белгілер әр түрлі сипатта және әр түрлі дәрежеде кездесетіндіктен эпостың нағыз табиғатын ашу үшін, оның әртүрлі нұсқаларын қарастырудың маңызы зор. Түркі халықтарының дүниетанымындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтар, тұрмыс-тіршілігіндегі тарихи оқиғалар эпостың дамуына өзіндік әсерін тигізгендігін ескере отырып, эпостарды бір-бірімен салыстыра қарап, олардың ортақ сарындары мен ұқсас үндестігіне назар аудару эпостық мұраның шын бағасын пайымдауға мүмкіндік берді деуге болады. Мәселен, түркі халықтарында түрлі нұсқамен таралған «Алпамыс», «Қобыланды», « – Баян сұлу», «Едіге», «», «», «Көрұғлы» аңыздарының түп негізін, даму барысын, көркемдік сипатын, тағы да басқа қасиетін тану үшін салыстырулар жасалды. Әрине мұндай жырлардың барлық тілдегі нұсқасын түпнұсқадан оқу, оны түсіну, ұқсастығы мен айырмасын ажырату оңай шаруа емес. Алайда ауыз әдебиеті туындыларын жан-жақты толықтай зерттеу үшін осы талаптарды орындау қажет. Аталған мақалада миф пен эпос поэтикасының типологиясын ашып көрсетуде түркі тілдес халықтардың эпостары мен мифтері салыстыра қарастырылды және нәтижесінде тың тұжырымдарға қол жеткізілді. Түркі халықтарының фольклоры, соның ішінде эпос пен мифтің өз алдына дербес қызметі, структуралық түзілісі, мазмұны, табиғаты зерделеніп, зерттелді. Түркі халықтарының қаһармандық эпосының мифпен байланысы мақалада екі түрлі аспектіде қарастырылды. Сондай-ақ мифтің логикасы мен құрылымына тән ерекшеліктер болмысты ұғынудың және санада жинақтаудың үлгісі ретінде эпос структурасында да орын алғаны атап көрсетілді. Миф пен эпостың құрылымдық жүйесінде сақталып қалған ортақ белгілер, миф пен эпос сюжетінің кеңістіктегі және уақыт категориясындағы орналасу тәртібіндегі ұқсастықтар мен өзгешеліктер қарастырылып, оларға салыстырмалы зерттеулер жасалды. Түркілерге ортақ рухани мұра болып табылатын эпикалық туындыларды салыстыра қарастырып, ортақ сипатын айқындап, оларды жан-жақты зерттеу, зерделеу, жариялауға атсалысуды айрықша міндетіміз деп білеміз.
TEXT
kaz
25,823
2021 жылы мамыр айында -нің 25 жылдық мерейтойына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аталмыш шараға көп адам жинауға болмайтындықтан да басшылығы мерейтойды тікелей эфирде жүргізіп, мыңдаған көрерменнің тамашалауына мүмкіндік жасады. Ол үшін арнайы алаң ретінде YouTube арнасы (1-сурет) және ZOOM платформасы таңдалды. Ал мерейтой аясында ұйымдастырылған шаралар кәсіби жылжымалы телевизиялық станцияның (ЖТС) көмегімен түсірілді. ЖТС құрамында 5-7 камера болады, оның бірі арнайы кранға бекітіледі. Кранға бекітілген камера түсірілім алаңын жалпы планда көрсетуге мүмкіндік береді. ЖТС көлігінде отырған режиссер мен локацияларда жүрген операторлар үнемі байланыста болады, әрбір бейнекадр режиссердің командасынан кейін ғана тікелей эфирге беріледі. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындар арасында мұндай технологияны пайдалану тұңғыш рет жүзеге асырылды. YouTube арнасы арқылы таратылған шараны тікелей эфирде мыңдаған адам көрді [1].
TEXT
kaz
25,824
Tengrinews.kz. агенттігінің хабары бойынша [2] Google компаниясы 2020 жылғы қаралым бойынша YouTube-бейнематериалдарының арасынан ең танымал жеңімпаздарын жариялады. Өкінішке орай, мұндай жеңімпаздар ортасына оқу орнында қолданылатын бейнеөнімдер кіре алмаған екен. Оның себебі
TEXT
kaz
25,825
неден екенін білу және YouTube технологияларын оқу үрдісінде пайдалануды дұрыс жолға қою үшін не керегін анықтау осы зерттеуді өзекті етеді. 2011 жылдың 14 қарашасында YouTube-те « » атты арнасын [3] ашты (1-сурет). Бейне ойындар, хабар тарату, спорт, параметрлер, шағымдар, анықтама, пікір жіберіңіз атты қосымша мүмкіндіктері қосылды; Қызмет, баспасөз құқығы, бізбен байланыс, авторлар үшін, жарнама берушілер, әзірлеушілер, қызмет көрсету шарттары, құпиялылық саясаты және қауіпсіздік атты бөлімдер бар бас мәзір қосылды; 1-кестеде көрсетілген 13 бейнефильмдер топтамасы қосылды
TEXT
kaz
25,826
YouTube статистикадағы [4] Қазақстан контенттері тізімде арналардың реттік саны, аты, жазылушылардың саны және жалпы көрілу саны туралы ақпарат беріледі және олар көрілу саны арқылы сұрыпталады. арнасының тиімділігін зерттеу мақсатында қанша ізделсе де, бұл тізімнен оның статистикасы табылмады. Мысалы, тізімнің басында тұрған ТОЙ ДУМАН арнасының жазылушылардың саны 10 001 және жалпы көрілу саны 1 598 566 (2-сурет). Арнаның жетістігі 2020 жылдың 18 желтоқсанында жазылушылар саны 2,06 миллион, жалпы көрілу саны 1,42 миллиард. Сонымен қатар бұл арна бір жылда 356 мың, ал ашылғаннан бері 5,6 миллион АҚШ доллары табыс тапқан. YouTube рейтингінің соңындағы арнаның жетістігі мен статистикасы 4 және 5-суреттерде көрсетілген. YouTube рейтингінің соңындағы Aktan Sharip арнасының жетістігі (5-сурет) тіркелімдер саны 6,61 мың, жалпы көрілім саны 3,086 миллион. арнасының бетінде көрсетілген жетістіктері (тіркелімдер саны 3960, ал жалпы көрілім саны 0,798 миллион) бұл рейтингтің соңына ілігуге де мүмкіндік бермейді. Егер арнасы ең болмағанда осы Aktan Sharip
TEXT
kaz
25,827
арнасының орнында тұрса, онда бір жылда ең болмағанда 731, ал ашылғаннан бері 12 мың АҚШ долларындай табыс тапқан болар еді. Ал 6-суретте көрсетілген SocialBlade компаниясы жасаған « » арнасының статистикасы[4] көңіл көншітпейді. Бұл жердегі айлық көрсеткіштердің динамикасына қарап, 2019 - 2020 жылдардағы шілде айында сандардың 2-3 есеге өсіп, қайта түсетінін байқауға және көрсеткіштердің жалпы аздап өсетіндігіне көз жеткізуге болады. Алдыңғы қатардағы топқа қосылу үшін не істеу керек? Ол үшін ең соңғы бейнеблогер Aktan Sharip арнасынан басып озу керек. 6-суреттегі оң жақтағы диаграммаларды қарастырайық. Алдымен бұл диаграммадағы күнара қосылатын жазылушылар санын екі есе ұлғай-
TEXT
kaz
25,828
Ал төмендегі диаграммада 11-18 желтоқсан аралығында 3085-3083 = 2 мың адам қараған екен. Демек бізге де күн сайын 2*2/(18-11) =4/7=0,59 мың, шамамен 600 көрілім ұйымдастыру керек. Бұған жету үшін заманауи технологиялар мен YouTube арнасының зор мүмкіндіктерін және студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушы-профессорларының арасындағы оқу үрдісін пайдалану керек. Қазақы құндылықтардың ішкі мәнін терең түсініп, болмысымызға айналдырып, құнды қасиетті бойымызға сіңіру үшін оны YouTube бейнехостингінде арналарға жариялап, әлемді таңғалдырарлықтай қазақ халқында мол рухани қазынасын - қазақтың ұлттық құндылықтарын көпшілікке ұсыну керек. Олардың бәрін бір тұтынушы YouTube бейнехостингіне шығарады деп ойлау қателік шығар. Еуразия ұлттық университетін бітірушілерінің әрқайсысы осы құндылықтардың бір қырын өзінің дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде қабылдап, ғылыми жетекшілерінің көмегімен зерттеу нәтижесін YouTube арнасында жариялауды дамыту қажет. Бейнехостинг тұтынушы «Енді қандай құндылық туралы зерттеу нәтижесі жарияланар екен», деп арнаның жанкүйеріне айналып, тіркелімдер саны көбейер еді! Сондықтан «Қазақтың ұлттық құндылықтары» атты ақпарат легін Еуразия ұлттық университетіндегі YouTube бейнеқызметі арқылы көрсету өзекті мәселе болып тұр. Қазақтың ұлттық құндылықтарының құрамына кіретін: қазақы мінез-құлық, әдет-ғұрып, рух, менталитет, тәрбие; ағаш, саз, теріден жасалған ыдыс-аяқтары; қазақ домбырасы, әшекейі, киімі, ою өрне- қазақи мәдениет, әдеби ет, өнер, шаруашылық, - деген қасиетті сөздердің бар екені көпшілікке мәлім. Алайда, осы ұлтымыз үшін маңызды ұғымдарды бойымыздан таба аламыз ба, әлде олар тек сөз күйінде қолданыста қалды ма? Бұл тізімнің толық-толық емесіне назар салмай, мысал үшін, «Қазақтың мінезі қандай?»,-деген бір жақты құндылығын зерттеп көрсек, ол - «Қазақтың жақсылы-жаманды қасиеттеріне байланысты шығар»,- деген ой келеді. Қазақтағы туа біткен жақсы қасиеттер: батырлық, батылдық, жауынгерлік, тәуекелшілдік, намыскерлік, аршылдық, төзімділік, еңбекшілдік, турашылдық, ойшылдық, шешендік, тапқырлық, біліктілік, айтқырлық, ақындық, алғырлық, түсінгіштік, ізеттілік, ибалық, ілтипаттылық, тәрбиелілік, үлкенді сыйлағыштық, жол сыйлаушылық, сөзге тұрушылық, сыйласкерлік, адалдық, қалтқысыздық, кешірімпаздық, ұятшылдық, кішіпейілділік, қайырымдылық, қанағатшылдық, шүкіршілдік, берегендік, қонақжайлылық, қауымшылдық, кеңпейілдік, ағайыншылдық, көпшілдік, жайдарылық, елгезектік, ынтымақшылдық, сауықшылдық. Қазақтағы жүре біткен жақсы қасиеттер: халықшылдық (басқа халықтармен аралас-құраластық), ізденімпаздық (өнер, ғылым т.б.). Қазақтағы туа біткен кемшіліктер: аңғалдық, даңғойлық, ысырапшылдық, алданғыштық, ырықшылдық, көнбістік. Қазақтағы жүре біткен кемшіліктер: еліктегіштік, кеудемсоқтық, менмендік, әкімгерлік, астамшылдық, күншілдік, арызқойлық, парақорлық, араққорлық, опасыздық – бұлар жан-жағымыздағы кейбір көршілермен қарым-қатынастан жұққан кеселдер [5]. Қазақы мінездің бұл қырларын талдай келе, олардың әрқайсысы жеке ғылыми зерттеудің тақырыбы болуы мүмкін екеніне көз жеткізуге болады. Бұл жөнінде жарияланған контенттердің ішінде «Saliqaly urpaq» YouTube арнасының «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналған контенттерінде жалпы құндыық тақырыбы туралы түсінік беріліп, қазіргі материалдық құндылық дәуірлеп тұрған заманда рухани құндылықты, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу дұрыс екендігі, қазақтың тарихы, мәдениеті, ата-бабалардан қалған өнері, тәрбиесі, қазақи рух пен қисса әңгімелері ұлттық құндылықтар болып есептелетіні және оны көздің қарашығындай сақтау керектігі туралы өсиет айтылады. YouTube арналарындағы ұлттың мәдени және рухани құндылықтары туралы басқа зерттеулер мұғалімдердің осы тақырыпта даярланған сабақтарынан репортаждар мен қалалардағы мұражайларға қойылған экспонаттар туралы мұражай қызметкерлерінің түсіндірмесінің смартфонға жазылған көшірмелері болды. Қаралымдар саны 100-ге жетпейді. Әрине бұл түсірілімдердің сапасы сын көтермейді және көрермендер үшін олардың құндылығы жоқтың қасы.
TEXT
kaz
25,829
Демек, бүгінгі таңда YouTube-те «Қазақтың ұлттық құндылықтары» атты арна бос тұр және ондай ақпарат легі жоқ деп айтуға болады. YouTube арнасының рейтингін көтеру үшін келесі қорытынды жасауға болады: Университетте YouTube технологияларына негізделген қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін пәндердің методикасын, методикалық кабинетін, соңғы үлгідегі компьтерлермен жабдықталған оқу залын ұйымдастыру туралы шаралар іске асырылып, соны қадағалайтын жаңа медианы жетік меңгерген арнайы маман тағайындалуы қажет; Студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлар арасында оқу үрдісіндегі сабақтарды YouTube бейнестудиясында даярлаудың тегін ерікті курстарын ұйымдастыру керек; Оқытушы-профессорлар құрамына YouTube технологияларына негізделген қашықтықтан білім беру пәндерінің жұмыс жоспарын даярлап, оқу бағдарламсына енгізген жөн; Жаңа YouTube технологияларын енгізген студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлар арасында білім алмасу курстарын ұйымдастырып тұру керек; Студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлар арасында YouTube технологияларын тиімді пайдалану жөнінде конкурс ұйымдастырып тұрған жөн; Топтағы әрбір студентке өз YouTube арнасында қазақтың мәдени және рухани құндылықтарының бір түрін дәріптеуге тапсырма беріп, оның нәтижесін (арнасындағы ұлттық құндылықтың дәріптеуге сілтемені) университеттің сайтына орналастырып тұру керек; арнасының статистикасы, YouTube технологиялары енгізілген пәндер, жетістіктер мен марапаттаулар туралы репортажды университет тақтасы мен арнада күн сайын жүргізіп отыру, апта сайын басқа БАҚ-тарда жариялануы керек. Осы аталған ұсыныстарды жүзеге асыратын болсақ, оның әсерінен туындаған БАҚ формасы – жаңа медианы қолданушылар саны өседі. «Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол елдің өзі де күшті» деп Алаш қайраткері ХХ ғасырда айтса, ХХІ ғасырда бұл аталы сөздің де формасы өзгергендей. Яғни, қай елдің ақпарат кеңістігі, ғаламторы күшті болса, сол ел ғана өзінің «ақпараттық иммунитетін» қалыптастырып, ақпараттық экспанциядан қорғанбақ, басқаға мойындатпақ, танытпақ.
TEXT
kaz
25,830
Шетел тілін меңгеру оқушылардың гуманитарлық білімін арттыруға, тұлға ретінде қалыптастыруға және әрдайым өзгерісте болатын көптілді және көпмәдениетті ортада әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге мүмкіндік береді. Заманауи білім беру талаптарына сәйкес, әлеуметтік тапсырыс орындау барысында білікті және құзыретті тұлғаны тәрбиелеу үшін әрбір мұғалім көптеген мәселелерді шешіп, заманауи оқу жолдарын іздеп, оны белгіленген талапқа сәйкестендіре келе оқу барысын ерекше әрі қызықты етуі қажет [1, 60]. Қоғамдық санадағы өзгерістер шетел тілін оқыту процессіне жаңа білім беру технологияларын енгізудің қажеттілігін айқындады. Телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпаратты игеру және меңгеру жолдарын өзгертеді, әр түрлі интеграциялық қызмет түрлеріне жету жолын ашады, оқыту мақсатының жаңа деңгейіне, елеулі жетістіктерге жеткізеді. Жаңа ақпараттық технологиялар оқушының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған педагогикалық тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мумкіндік береді. Заманауи білім беру талаптарына сәйкес ақпараттық технологияларды сыныпта және сыныптан тыс оқыту процессіне белсенді түрде енгізу қолға алынды [2, 156]. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде екі даму үрдісі қалыптасқан: дәстүрлі және инновациялық. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты - болашақта түрлі салада қолдануды жоспарлай отырып, адамзаттың даму барысындағы барлық білім мен тәжірибені жинақтау. Инновациялық білім беру заманауи қоғамда болып жатқан әлеуметтік талаптың тұлғаға қатысты және қоғам дамуындағы тұлға ролінің өзгерісіне сүйенеді. Заманауи инновациялық білім берудің басты міндеті қоғамға да жеке тұлғаға да қажетті шығармашылық әлеуетті сақтау мен дамыту, әлеуметтік маңызы бар қызметке тұлғаны еліктіру, сонымен қатар өзінөзі тиімді дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
TEXT
kaz
25,831
Адамның көріп және тыңдап ұғыну мен түсіну қасиеттері, шетел тілін оқыту әдістемесінде бүтін бір бағыт негізіндегі көру және есту синтезі арқылы оларды қабылдауға және саралауға мүмкіндік береді, сонымен қатар шетел тілін оқытудың аудиовизуалды тәсілін құру мен өңдеудің негізі ретінде қызмет атқарады [3]. Көрсетілген әдісті өңдеуден өткізу және жетілдіру, ескі әдістердің дамуына және киноүзінділер мен кинофильмдерді қамтыған дидактикалық материалдың формасы мен мазмұны жағынан жаңа әдістердің пайда болуына әкеледі. Аудиовизуалды материалды қолдана отырып шетел тілін оқытуға негізделген әдіс түрі "аудиовизуалды әдіс" деп аталады. Бұл шетел тілін ауызша сөйлеу стиліне тән, көру және есту көрнекіліктерін қарқынды пайдалану арқылы шектеулі лексико- грамматикалық материалды қысқа уақыт мерзімінде оқыту әдісі. Әдістің барлық ерекшеліктерін қамтыған толық атауы - "жаһандық-құрылымдық аудиовизуалдылық" - яғни жаңа материалдың есту арқылы қабылдауға бағытталатындығын, ал оның толық мағынасы көру көрнекіліктері көмегімен ашылатындығын көрсетеді. Тілді оқыту жаһандық (тұтастық) деңгейде қабылданатын құрылымдардың (сөйлем модельдері, сөйлеу үлгісі) меңгерілу жолы арқылы жүзеге асады.
TEXT
kaz
25,832
Қазіргі уақытта аудиовизуалды материалдардың ауқымды таралымы көптеген елдердің стационарлық оқыту ғимараттарында (мектеп, лицей, университет) ғана емес, сонымен қатар сансыз оқыту курстарында да кең таралған. Аудиовизуалды материалдарды қолдануда инновациялық, технологиялық, педагогикалық процесске ауқымды шараларды енгізу және шетел тілін оқыту тек қана утилитарлық мақсатқа негізделген аудиториялардың анық нәтижеге жету талабы шартталған. Алайда, оқушылардың білім деңгейі мен құрылымы негізінде нақты саралаудан өткен түрлі техникалық құралдар мен оқыту бағдарламаларын қолдану, бұл әдістің атауы бойынша жаһандықтылығын ғана емес, жаппай таралуының салмақтылығын көрсетеді. Психологиялық тұрғыдан ақпаратты қабылдау барысында неғұрлым көп сезім мүшелері қатысатын болса, соғұрлым ақпарат адам миында жақсы сақталатындығы анық. Осы тұжырымдаманы шетел тілін оқыту барысында естен шығармаған жөн, себебі адам аудиовизуалды канал арқылы 70%-дан 80%–ға дейінгі ақпаратты есте сақтаса, ал акустикалық канал арқылы тек қана 13% ақпаратты есте сақтайды [5, 75]. Шетел тілін оқыту процессі кезінде аудиовизуалды каналды қолдану белгілі бір әріптер, сөздер, сөйлемдер комбинациясын ғана емес, сонымен қатар шынайы бейнелер мен суреттерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Материалды көрсету барысында көп каналдар (сезім мүшелері) қатысатын болса интенсификацияға оң әсерін тигізіп, оқытудың тиімділігін арттырады. Нәтижелі оқыту үшін қабылдау процессі кезінде неғұрлым көп қабылдануға тиіс көрнекіліктердің, материалдардың қамтылғаны жөн. Аудиовизуалды оқыту құралдарын қолдануда маңыздылығы мен тиімділігі бойынша бірінші орында қабылдаудың комбинацияланған көру және есту түрі болып есептеледі. Осылайша, әртүрлі анализаторларға бір мезетте күрделі комплексті тітіркенгіштердің әсер етуі ерекше күш пен әсерге ие болады. Сондықтан аудиовизуалды материал арқылы ақпаратты қабылдайтын, ерекше сапалы ақпараттың қуатты ағымының әсерінде болатын оқушының ағзасы қажетті эмоционалдық база құруға және сезімге бағынған ойлау түрінен логикалық ойлауға оңай . Бейнематериалдар вербалды емес каналдар арқылы тасымалданған ақпаратты (қимыл, мимика) түсінуге оңтайлы етіп қана қоймай, сабақ барысында қолданылатын аудиоматериалдарға қарағанда шынайы коммуникация түріне анағұрлым жақын етеді. Коммуникацияның супрасегменталдық (екпін, пауза, дауыс деңгейі, интонация) және паралингвистикалық (ым – ишарат, қимыл) компоненттері ақпаратты тасымалдау және оқушылардың қарым-қатынас ситуациясын тиісті деңгейде бағалай алу үшін қолданылады. Нәтижесінде олар шынайы коммуникация жағдайына тән вербалды емес сигналдарды қабылдай алуға дайындайды және машықтайды. Осындай әр түрлі сигналдық жүйелердің әрекеттесуі видеофильмді басқа текст түрлерінен әлдеқайда ерекшелендіреді. Видеофильм көру барысында ым – ишарат, қимыл – қозғалыс, дыбыстық сүйемелдеумен қатар жүргендіктен, экранда болып жатқан оқиғаны толығымен түсінуге көмектеседі [6, 77]. Мектеп қабырғасында білім алу барысында оқушылардың әрдайым шынайы ойлау мен бақылау көрнекіліктеріне мұқтаж болатындығына еш күмән жоқ. Аудиовизуалды материалдар бұл мәселені оңай шешеді. Олар сынып атмосферасына нағыз қоршаған орта, өмір, ғылымды бейнелейтін нақты материалдарды енгізеді. Олар тілді абстракциядан тірі байланыс құралына айналдырады. Олар мұғалімге ғана емес, оқушыларға да шығармашылықпен айналысып қиялға ерік беруге, қарым-қатынасты қызықты әрі көңілді ете отырып өзара еркін құруға мүмкіндік береді. Анығырақ айтқанда, аудиовизуалды материалдар – шығармашылықпен ұштастыра отырып сабақ өткізгенді қолдайтын мұғалімдер үшін "ерекше таптырмас құрал", себебі ол арқылы әртүрлі функцияларды орындауға және сабақ кезіндегі жұмыс формасын оңай өзгертуге болады; бұл материал түрлері сабақтың құрылымы мен тұтастығына ешқандай кедергі жасамай, оның әр фазасында қолданыла алады. Сабақ барысындағы видео шынайы контекстті қамтиды. Ол сабақты нағыз өмірмен ұштастыра отырып, күнделікті қолданыстағы тілді көрсетеді. Бұл мұғалімнің арсеналында бар оқыту құралдарын одан әрі байыта түседі. Бәрінен бұрын, видео шетел тілін меңгеру кезіндегі тілдік-мәдени кедергілерден өтуге жол ашады. Қарапайым ақиқат: егер оқушы табанды түрде жаттықпайтын болса ағылшын тілін ешқашан жеткілікті дәрежеде түсіне алмайды. Әрине егер оның арманы ағылшын тілін өз ана тілі деңгейінде меңгеру болса, оған ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдардың сөйлеу әрекеттерін тыңдап, оларды түсінуге тырмысу қажет. Көру, тыңдау және түсіну – аудиовизуалды әдістің ең маңызды принциптері осыған негізделген. Оқушы күнделікті толықтырылып отыратын видео-сабақтар базасы негізінде ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдардың сұхбат барысы, жаңалықтар шығарылымы, халық алдында сөз сөйлеуі, кинофильмдердің қысқа үзінділері арқылы тілді үйреніп отырады. Видео-сабақ өткізу барысында негізгі тәсілдер мен принциптарды сақтаумен қатар, қажетті материалды дұрыс саралап, іріктеу керектігін естен шығармау қажет. Бейнематериалдарды келесі топқа бөліп қарастыруға болады:
TEXT
kaz
25,833
а) тілдің заманауи, әдеби тілдің талаптары мен нормаларына сай, оқушылардың алдағы уақытта тоғысуы мүмкін салалардан (бірақ көп жағдайда бұл таңдау қойылған сабақтың тапсырмасы негізінде анықталады ) болуы; ә) сөйлемдер мен сөздер арасында қажетті деңгейдегі паузалардың болуы; б) жаргондық сипаты бар сөздер мен сөйлемдер қысқа мазмұнды және түсінуге оңай болуы; в) тапсырма мазмұны жаңа сөздерге, сөз тіркестеріне және таныс емес ым-ишараттарға толы болуы қажет.
TEXT
kaz
25,834
а) оқушылармен (фильмге деген қызығушылығын оятуға және тақырыпқа сай лексикалық қайталау жұмысын жүргізуге бағытталған) алдын-ала талқылау; ә) сабақ барысында оқушыларға өз еріктерімен фильмнің тақырыбын болжауға мүмкіндік беру және талқыланатын тақырыпқа сәйкес проблемалық ситуацияларды қолдану арқылы шығармашылық жұмыс жасау; б) тақырыпқа сай берілген жаңа сөздер көмегімен оқушылардың лексикалық дағдыларымен жұмыс жасау [8, 136-137].
TEXT
kaz
25,835
Көрсетілім барысында келесідей жұмыстарды атқаруға болады: а) оқушылардың көрсетілімге дейін жасаған болжауларын тексеру; ә) ақпараттық ізденіс. Бірінші көрсетілімнен кейін оқушыларға фильм мазмұнына сай ақпараттық мағлұматтарды қамтыған жаттығулар ұсынылады, содан кейін оқушылардың сынып, тапсырма деңгейіне сәйкес сюжет тұтастай немесе бөлшектеп қайта көрсетіледі; б) бөлек үзінділермен жұмыс. Жұмыстың бұл кезеңі коммуникативті мәдениеттің анағұрлым көп элементтерінің қалыптасуына жол ашады. Сонымен қатар, тыңдап түсінудің ең маңызды аспектісі болып табылатын тапсырманың толық мазмұнын аша алу дағдысы да дәл осы кезеңде машықталады. Оқушылар әрбір көрсетілген үзінді негізінде төмендегі қамтылған бір немесе бірнеше жаттығулармен жұмыс жасауы қажет. Мысалы фильмдегі бейнесуреттерді өшіріп, тек қана дыбысты қалдыруға болады. Сюжет көрсетілімі барысында аз ғана паузалар жасап, кейіпкерлер не істегенін, олардың арасында қандай оқиғалар мен әңгімелер болғанын, қайда барғанын және т.б. секілді сұрақтарды қоюға болады. Оқушылар толық ақпаратты жинап болған соң, олар үзінділерді тағы бір рет бейнесуреттермен қарап өздерінің интерпретацияларын тексереді [8, 138-139].
TEXT
kaz
25,836
Зерттеу барысында сандық әдіснама ретінде анкеталық сауалнама қолданылды. Анкеталық сұрау өзбек жасөспірімдері оқитын мектептерде жүргізілген. Ұсынылған зерттеу нәтижелері Қазақстандағы өзбек этникалық тобының ересек өкілдері арасында жүргізілген тереңдетілген сұқбатты толықтырады. Жасөспірімдердің арасында сұрау жүргізу үшін ата-аналарының келісімі алынған. Зерттеу нәтижелерін ұсыну кәсіби этикалық талаптарға сәйкес келеді.
TEXT
kaz
25,837
белгілі бір аймақтарында шоғырланып өмір сүретін өзбек этникалық тобына қатысты, соның ішінде, өзбек жасөспірімдерінің болашаққа бағдары қандай? Әлеуметтік белсенділігі қандай деңгейде? Өзбек жастарының миграциялық көңіл күйі қандай? деген сұрақтарды қойған орынды. Осы сұрақтардың жауабын алу үшін құрылымдық деңгейде және күнделікті қарым-қатынас деңгейінде анализ жасау арқылы анықтау мәселесін алға қоямыз. Жалпы қазақстандық өзбектерге әлеуметтанулық талдау жасамас бұрын, олардың арасынан, ең алдымен, жастарды бөліп аламыз. ХХ ғасырдың танымал әлеуметтанушысы «жастарды –кез келген қоғамда кездесетін және олардың топтасуына қоғамның өміршеңдігі тікелей тәуелді болатын жасырын ресурстардың бірі» деп атап өтеді [1]. «Жастар табиғатына қарай прогрессивті, не консервативті емес, ол –кез келген бастамаға дайын – әлеует (потенциал). Жыныстық пісіп жетілгенге дейін бала отбасында өмір сүреді және оның көзқарастары отбасының эмоциялық және интеллектуалдық дәстүріне сәйкес қалыптасады. Жасөспірімдік кезеңде ол көршілерімен, қоғаммен және қоғамдық өмірдің бірқатар салаларымен байланысқы түседі. Осылайша, жеткіншек, тек биологиялық тұрғыдан ашыту, пісу кезеңінде болмайды, сондай-ақ, әлеуметтанулық тұрғыдан бұрынсоңды көрмеген жаңа әлемге, жоралғыларға, әдеп-ғұрыпқа және құндылықтар жүйесіне тап болады» [1, 444 б.]. Кәмелет жасқа толғанша жасөспірім отбасындағы құндылықтар жүйесін сіңірген таза әлеуметтік ағза бола отырып, қоршаған ортасымен қарым-қатынас барысында әлеуметтену кезінде бойында сіңірген ғадет үлгілерін ұдайы өндіреді. Негізгі мақсатымыз жоғарыда көрсетілген зерттеу сұрақтарына жауап беру арқылы заманауи жерінде бірнеше ұрпақ бойы мекендейтін өзбек этносы жастарының дамуында «өзбектік» мәдениеттің көрінісіне талдау жасау және отбасылық құндылықтардың сақталуын, кәсіби қалауларын, сабақтастықты анықтау болып табылады. этникалық мәселеге қатысты жұмыстардың басым бөлігі тарихисалыстырмалы, тарихи-этнографиялық, тарихи-этнологиялық және демографиялық сипат алады. Қазақстандық әлеуметтанушылардың еңбектерінде аталмыш бағыт 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында дами бастады. Олардың басым көпшілігі мемлекетте өмір сүретін этникалық топтар еңбек ұжымындағы өзара қарым-қатынас, көшіқон, құқықтық мәдениет, тілдік процестер, ортаға бейімделу, баспасөз құралдарындағы толеранттылық/интолеранттылық дискурсына талдау және т.б. секілді зерттеу тақырыптары аясында көтерілген. Сонымен бірге, түркі тілдес халықтардың ішінде өзбектерді зерттеуге арналған жұмыстарды Батыс және ресейлік зерттеушілер арасында кеңінен кездестіруге болады. Солардың ішінде социологиялық тұрғыдан маңызды деректер ұсынатын авторлар қатарына ХХ ғасырдың басындағы [2], [3], [4] еңбектерін атап өтетін болсақ, заманауи зерттеушілердің қатарына [5], [6], [7], [8], [9], [10], [11] және басқаларының еңбектерін келтіре аламыз. Ағылшын тарихшысы «The modern uzbeks»(Қазіргі заманғы өзбектер) еңбегі Стэнфорд университетінің профессоры Вучиничтің айтуы бойынша « ... Батыстағы өзбек тарихының әлеуметтік-мәдени динамикасын зерттеген алғашқы үлгісі болып табылады және кеңестік тарихнама мен оның философиялық негізіне және идеологиялық тұсына жан-жақты әрі терең сыни талдау жасаған туынды» [12]. Олворттың пайымдауынша, өзбек халқының басқа халықтарға қарағанда, басқа этностарды ассимиляциялау қабілеті жоғары болған. Оған себеп: көне қалалардағы білім беру және мәдени жүйенің доминанттығы, өз ареалынан тыс дамыған сауда-саттық каналдары, дін таратушылардың үлкен рухани потенциалы [13]. « in Uzbekistan: Islam, Modernity, and Unveiling under Communism» (Өзбекстандағы әйелдің жаңаша бейнесі: ислам, қазіргі заман және посткоммунистік кезеңде хиджабты шешу) монографиясында нарративті сұқбат әдісімен индивидтің өмір тарихына үңіле отырып, оның трансформациялану процесін ашып көрсетеді. Осылайша, өзбек қоғамындағы ХХ ғасырдың алғашқы жартысын зерттей келе, жаңа әйелдің бейнесінің қалыптасуы туралы құнды деректерімен бөліседі. Оның айтуы бойынша, өзбек әйелінің оқшаулығы, мойынсұнғыштығы, отбасындағы және қоғамдағы төменгі орны секілді дәстүрлі ережелері діннің рөлінің басымдығынан емес, мәдениет және экономикалық фактордың ықпалынан орын алады [7]. Ал америкалық саясаттанушы өзінің «: Culture and National Identity in Uzbekistan» (Эффекті мемлекет: Өзбекстандағы мәдени және ұлттық бірегейлік) мақаласында мемлекетті құру саясатындағы ерекшеліктерді бұқаралық қойылым арқылы түсіндіруге тырысады. Яғни, билік «Наурыз» және «Тәуелсіздік» күнін мерекелеуді ұлтты құрастырудың ұтымды тетігі ретінде қолданады. Ғалым тәуелсіз Өзбекстанда жүргізген бақылау және эксперттермен жүргізген сұқбат әдістері көмегімен мәдениетті басқару мен ұсынуда кеңестік әдістердің қолданылатындығын анықтаған [6]. Танымал өзбек әлеуметтанушысы, және Африканы зерттеу Мектебінің ассоциацияланған ғылыми қызметкері «Археология узбекской идентичности» (Өзбек бірегейлігінің археологиясы) мақаласында констурктивистік әдіснама тұрғысынан өзбек бірегейлігінің қалыптасуына талдау жасайды. Өзбек бірегейлігінің қалыптасуына Өзбек АССР құрылуын тікелей байланыстыра отыра, Ильхамов: «Жаңа өзбек бірегейлігін жобалау процесінің белсенді қатысушыларының арасында бастапқы кезде үш жақ болды: джадидтер, ұлтшыл-коммунистер, ...... және орталық партиялық-саяси аппарат....» дейді [9]. шешімімен ұлттық мемлекет құру саясатының нәтижесінде алғашқы екеуінің идеялары жүзеге аспағанын айтады. «Шындығында, – дейді Ильхамов –төңкеріске дейінгі статистикаға сүйенсек, өзбектер Хива, Бұқара және Самарқанд облыстарында ғана саны жағынан көпшілікті құраған. Сырдария және Ферғана жерлерінде саны жағынан сарттар доминантты еді. Осы жерде Орталық комитет джадидтердің ұсынысын қолдап, сарттарды өзбек қылып жаздырады» [9, 37 б]. Жаңадан құрылған кеңес үкіметі бұқараға ұлттық сана сезімді тарату үшін ұлттық мәдениет, тіл, ұлттық символдар, тарих және басқалары туралы түсінікті қалыптастырды. Түрік әлеуметтанушысы провинциясындағы Овакент мысалында Ауғанстаннан келген өзбек мигранттардың әлеуметтік-мәдени және діни өміріне әлеуметтанулық талдау жасаған [10]. өмір сүретін өзбектердің әлеуметтік интеграциясы туралы зерттеу жүргізген. Оның жүргізген зерттеуінің нәтижелерін «Antakya'da yaşayan özbeklerde sosyal entegrasyon» (Антакьядағы өзбектердің әлеумемттік интеграциясы) мақаласында танысуға болады[11]. Зерттеу сапалық әдіснама құралдары (енгізілген бақылау, жартылай құрылымдалған сұқбат, ауызша тарих) арқылы жүзеге асырылған. Автор мигранттардың бірінші, екінші және үшінші ұрпақтарының жергілікті халықпен қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді талдауға алады. Қазақстандағы өзбек қауымдастығын зерттеу фокусына алған бірнеше жобалар бар. Олардың негізгі мақсаты Қазақстандағы өзбектерді қоса алғанда, түрлі этникалық топтардың қазақстандық қоғамдағы этноәлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, лингвистикалық аспектілері бойынша даму процесін анықтау болып табылады. Соның ішінде « түркі тілдері мен мәдениетінің өзара әрекеті» тақырыбында жүргізілген ауқымды әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің халықаралық жобасы [14]. Жоба шеңберінде Қазақстанда шоғырланып қоныстанған түркі тілдес этностық топтар арасында анкеталық сұрау жүргізілген. Анкета сұрақтары өзін сәйкестендіру, төлқұжат бойынша этностық және ұлттық тиесілігі, ұлтаралық некеде ұлтты анықтау, отбасы тарихы, тілді меңгеру және қолдану кеңістігі, мемлекет тарапынан түркі тілдерді қолдауы, білім деңгейі туралы мәліметтерді қамтыған. Сонымен бірге, «Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік тапсырмасы аясында жүргізілген «Ірі этностық топтардың тарихын қоса алғандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» ғылыми жобасын атап өтуге болады. Жоба барысында өзбектердің қоныстану тарихы, мәдени ерекшелігі, этнодемографиялық жағдайы, шаруашылығы назарға алынған [15]. Ұсынылып отырған мақала да Қазақстанды мекендейтін өзбек этникалық қауымдастығын зерттеу қорын толықтырады. «Қазақстандағы өзбек этникалық қауымдастығының әлеуметтік-мәдени интеграциясы» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу барысында, этникалық топтарды зерттеуде көп қолданылатын зерттеу әдіснамасын пайдаланамыз. Зерттеу бірнеше әдістердің комбинациясы арқылы жүзеге асырылды. * национального университета им. . . Психология. Социология // Bulletin of the . Pedagogy. Psychology. Sociology Series, № 1 (130)/2020* Соның ішінде, дәлірек айтсақ, жартылай қалыпқа келтірілген сұхбат әдісі (биографиялық әдіс), жасөспірімдер арасындағы анкеталық сұрау және эксперттік сауалнама. Жартылай қалыпқа келтірілген сұхбат биографиялық зерттеу әдісіндегі ақпаратты жинаудың негізгі құралының бірі. : «кейбір авторлар «өмір тарихы» немесе «жеке жағдай тарихы» («individual case history») терминін ұсынады. Ол өмір тарихын баяндау кезінде, барлық өмірбаянын емес, тек зерттеу мақсатына сәйкес ғалымның сұрағандарына жауап ретінде таңдаулысын, іріктеп сипаттауды білдіреді» дейді [16]. Әлеуметтануда «өмір тарихы» әдісі көбінесе әлеуметтік азшылықты зерттеу үшін қолданылады, сонымен бірге бұл әдістің негізгі артықшылықтары: зерттеу құбылысы туралы «теорияға дейінгі» тиянақты ақпараттарды алу; ақпарат берушінің қолданатын локалды немесе субмәдени тілі, символдары, оған беретін мәні туралы ерекше мәліметтерге ие болу; басқа мәдениет өкілі болып табылатын информанттардың кездейсоқ немесе бағамдамай өмір тарихын, тәжірибесін баяндау барысында қолданған сөздеріне, символдарға, мәдени формаларға терең және жүйелі талдау жасау және т.б. Анкеталық сұрау әдісін пайдалануымыздағы негізгі мақсат өзбек этникалық қауымдастығының жас ұрпақтары арасында зерттеу жүргізу. Яғни жоғарыда жастар категориясын талдау барысында анықтағанымыздай, кәмелет жасқа толғанша жасөспірім тек отбасындағы құндылықтар жүйесін сіңірген таза әлеуметтік ағза. Сәйкесінше, атааналарынан берілген (ересек буын) әлеуметтік, этникалық ұстанымдары өлшеу үшін анкеталық сұрау ұтымды. Анкета көбінесе жабық сұрақтарды ұсынады, яғни жиналатын ақпарат сандық сиптақа ие. Бұл өз кезегінде макродеңгейде өтіп жатқан құбылыстарды түсінуге, соның ішінде әлеуметтік ынтымақтастық феноменін зерттеуге көмектеседі. Келесі қолданылған әдіс – эксперттік сауалнама. Эксперттер ретінде этносаясат саласын жетік білетін, кәсіби біліктілігіне сәйкес этникалық топтар мәселесімен айналысатын және зерттеуге алынған этникалық топтың ортасынан шыққан, қоршаған ортасының мәселесімен іштей жақын таныс мамандар сұралды [17]. Айта кету керек, бұқаралық сұраудан эксперттік сауалнаманың айырмашылығы эксперт зерттеу объектісі емес, зерттеуге қатысушы тұлға болып табылады. Эксперттік сауалнама әдетте болжам жасау, эксперттік баға алу, дайындық жұмыстарын жүргізу, зерттеу мәселесі туралы нақты мәліметтер алу үшін қажет. Біз берілген мақалада жастар арасында жүргізген анкеталық сұрау нәтижелерін ұсынамыз. Зерттеуге қатысқан респонденттердің орташа жас шамасы 15-ке тең. Олардың кәмелет жасқа толмағандығын ескере отырып, зерттеу ересек буын өкілдері, яғни атааналарының келісімі арқылы 2018-2019 жж. желтоқсан және қаңтар айларында жүргізілді. Зерттеу территориясы – Шымкент республикалық маңызы бар қаласы. Анкета алынатын деректер топтамасына қарай 5 блоктан тұрды. Бірінші блок респондент туралы мәліметтерді алуға бағытталған. Екінші блок болашаққа жоспарын білуге арналды. Үшінші блок әлеуметтік белсенділік деңгейін анықтауға арналған. Төртінші блок ата-анасы туралы, яғни олардың білім деңгейі, кәсіби статусы туралы сұрақтардан тұрды. Ал соңғы – бесіншісі блок жасөспірімдердің этникалық бірегейлігін анықтауға арналған сұрақтарды қамтыды. Жасөспірімдер арасында әлеуметтанулық зерттеу жүргізу үшін ұялық іріктеу әдісі таңдалды. Бұл іріктеу әдісі бізге бір уақыт ішінде бірнеше адамнан сауалнама алу үшін тиімді. Сондықтан ұя ретінде мектеп таңдалды. Өзбек жасөспірімдері ең көп оқитын екі мектепті атап өткіміз келеді. қаласындағы №107 және №71 орта мектеп. Осылайша іріктеу көлемі – 215 респондентті құрады. Зерттеу қорытындысы бойынша алынған эмпириялық мәліметтерді SPSS 21.0 әлеуметтанулық мәліметтерді өңдейтін арнайы бағдарламада өңдеп, талдау жасадық. Сауалнама 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Яғни респонденттердің жастық құрамы 14 пен 17 жастағы жасөспірімдерді қамтыды. Сұрауға қатысқандардың 28,5% титулды ұлт өкілдері болса, қалған 71,2% өзбек этносы өкілдерінен тұрады. Мақалада өзбек этносты жасөспірімдерін қарастыратындықтан зерттеу нәтижелерін талдау барысында біз көбінесе солардың жауаптарын фокусқа аламыз. Жасөсіпірімдердің болашаққа бағдарын анықтау мақсатында «Сіздің мектеп бітіргеннен кейінгі жоспарыңыз қандай?» деген сұрақ қойдық. Жауап бергендердің 83,1% ы – оқуды жалғастырамын, жоғары білім алуды жоспарлаймын деді. Сұрақ жартылай жабық болған еді. Ұсынылған жауаптардың ішінен ата-анама көмектесіп, отбасылық бизнесті жалғастырамын деген нұсқаны респонденттердің 5,5%-ы таңдады. Сұралғандардың 2,3% ы 9-сыныптан кейін білімін колледжде жалғастыруды жоспарлайды және тағы осынша бөлігі шетелге жұмысқа кеткісі келеді. Сонымен қатар, 0,9% отбасын құруды көздейді. Келесі сұрақта жасөспірімдердің болашақта қандай салада қызмет етуге ниетті екендігі анықталды. Оқушылардың арасында медицина саласы (34,2%) айтарлықтай тартымдылыққа ие болып шықты. Екінші орында педагогика саласы (21%) қызықтырса, үшінші орында техника және инженерия саласына (14,6%) таңдау жасалған. Ал таңдау аз берілген салаларға: (0,9) және мәдениет саласы (0,5%) жатады. Мектеп оқушыларының барлығына дерлік мектепте ұйымдастырылатын ісшараларға қатысқан ұнайтын болып шықты. Осылай 10 оқушының 8-і жауап берген. Олардың 66,5%-ы пәндік олимпиадаға, ал 35,9% спорттық жарыстарға қатысқан. 16,5% музыкалық өнерлерін көрсетсе, 10,2% ғылыми жобалар конкурсында білімін көрсеткен. Тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға қатысу арқылы оқушылардың 14,1%-ы белсенділік танытса, шешендік өнерін сұралғандардың 17,5%-ы шыңдай білген. Оның 9,2%-ы КТК (көңілді тапқырлар клубы) және 8,3%-ы пікір-сайысқа қатысып тұрады. Аталған шаралардың ешбіріне қатыспағандардың үлесін респонденттердің тек 2,9%-ды құрайды. «Табысты адам болу үшін барлық адамдарға мүмкіндіктер бірдей берілген бе?» деген сұраққа барлық респонденттердің басым бөлігі жағымды сипатта жауап берді. Олардың саны 81,6% құрайды. Десек те, қалған 18,4% бұл пікірмен келіспейді, оның 14,5% «дұрысы жоқ» десе, 3,6% мүмкіндіктер бірдей берілмеген деп көрсеткен. Сонымен бірге анкеталық сұрау барысында оқушылардан бос уақыттарын қалай өткізетіндіктері туралы сұрақ қойылды. Бос уақыт жаһандану дәуірінде тіршілік ететін қоғам үшін бір жағынан мол мүмкіндіктер берсе, екінші жағынан айтарлықтай мәселелік жағдай тудырады. Соның ішінде оқушы жастар сабақтан тыс уақытты қалай өткізеді. Мектеп те, отбасы да тұлғаның қалыптасуы барысында бақылау қызметін атқаратыны белгілі, ал осы бақылау агенттерінің назарынан тыс қалған жеткіншек бос уақытты қандай мазмұнмен толтырады? Алынған зерттеу мәліметтеріне сәйкес, жасөспірімдер арасында кино көргенді ұнататындардың үлесі ең жоғары болды. Ол 32,7% құрайды. Тағы осымен шамалас (31,3%) бөлігі . Үшінші орында физикалық мүмкіндіктерін жетілдіру, яғни салауатты өмір салтын ұстануға бағдарлайтын спорттық үйірмелерге қатысу тұр. 23,5% бос уақытында газет-журналдарды, кітаптарды оқығанды ұнатады. Қалған 13,3% би, музыка үйірмесіне барғанды және компьютерде ойын ойнағанды жөн санайды. «Басқасы» деген жауап нұсқасында респонденттер бос уақыттарын қалай өткізетіндігі туралы қосымша мәліметтерді белгілеп көрсеткен. Оларды шартты түрде мазмұны жағынан ұқсастарын біріктіру арқылы үш топқа бөлуге болады. Соның ішінде: өзінің білімін жетілдіруге бағытталған істер (қосымша курстарға бару, интернет арқылы семинарға қатысу, ағылшын курсына бару) – 14,4%,күнделікті тұрмыста қажетті дағдыларды үйренуге арналған іс-әрекеттер (тәттілер пісіру, макияж жасау, тігін тігу) – 4,1% және уақытты көңіл көтеруге арнау (достармен араласу, музыка тыңдау, телефонда ойнау) – 4,7% деп бөлеміз.
TEXT
kaz
25,838
Өзбек жастары арасында Instagram, ВКонтакте, Wats up ең танымал әлеуметтік желілер болып табылады. Пайдаланушылар саны сәйкесінше 27,5% - 22,3% - 22% құрайды. Шамамен сұрауға қатысқан барлық өзбектердің үштен бір бөлігі әлеуметтік желілерде тіркелмеген болып шықты. Қазақтар арасындағы өз құрдастарымен салыстырғанда бұл екі есеге артық. Қазіргі таңда кез келген адам қабілеті мен мүмкіндігіне қарай әлемнің кез келген университетінде білімін жалғастыра алады. « шетелде білім алуға мүмкіндік берілсе, Сіздің шешіміңіз қандай болар еді?» деген сұраққа жартысынан көбі (59,9%) бір ауыздан: «Мен өзімде басқа елде жоғары білім алуды жоспарлап жүрмін» және «егер мүмкіндік болса, оны жіберіп алмауға тырысамын» деп жауап берген. 27,2% ата-анасымен ақылдасып көреді. 9,7%– «тек Қазақстанда жоғары білім алуды ойлаймын» деген нұсқаны таңдаған. Бұл жерде оқушылардың таңдауына мектептің, болмаса ата-анасының беретін ресурстарының қол жетімділігі бөлек зерттеуді талап етеді. «Басқа жауап, жақшаның ішіне жазып көрсетіңіз» деген тұста кейбір оқушылар шетелге барғысы келетіндігін, бірақ білім алу үшін емес, жұмыс істеу мақсатында баратындығы туралы ойларын жеткізген1 . Төменде оқушылардың білім алуға барғысы келетін елдерін бірнеше типі бойынша топтастыруға тырыстық:
TEXT
kaz
25,839
Кестеден көріп отырғанымыздай, оқушылардың арасында білім алу үшін тартымдылыққа ие елдер – АҚШ, Түркия, Англия құрайды. 2012-2017 жж. ЕАБР Интеграциялық барометрінің 18-24 жас аралығындағы РФ, Армения, Молдова, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Белоруссия тұрғындарын зерттеу мәліметтері бойынша жастардың арасында соңғы бес жылда білім алуға тартымды елдер қатарына АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және Ресей кірген. Соның ішінде Қазақстанның жастары арасында Ресейде білім алғысы келетіндер саны артқандығын <sup>1</sup> Әрине бұл жерде оқушылардың жастық ерекшеліктерін де ойдан шығармау керек. Олар әлі өз бетінше толық шешім қабылдай алмайды. Сонымен бірге шетел олар үшін беймәлім әлем секілді елестеуі де мүмкін. Зерттеу кезінде оқушылардың арасында «біз білмейміз ғой, ондай ойымызға да келмепті» деген сөздер де айтылды. Бірақ осы тұста зерттеуші ретінде оларға, мүмкін армандаған, болашақта барғым келеді деген елдерді тізіп көрсете беруін сұрадық. көрсеткен. Керісінше, Еуропа елдерін таңдау 2017 жылы азая бастаған. Зерттеу авторлары оның себебін 2014-2015 жылғы жаһанды саясаттағы өзгерістер мен экономикалық дағдарыспен түсіндірген [18]. Осылайша, өзбек жасөспірімдерінің таңдауында АҚШ-тың бірінші кезекке шығуы жалпы трендпен сәйкес келеді. Тартымды мемлекеттердің екінші үштігін Қазақстан, Ресей, Германия құрайды. Шетелдің қатарында Қазақстанның болуы таңқалдырғаны сөзсіз. Себебі осы сұрақтың алдында фильтр жасаған едік. Бұл сұраққа «Мен өзімде басқа елде жоғары білім алуды жоспарлап жүрмін» және «егер мүмкіндік болса, оны жіберіп алмауға тырысамын» деген жауап нұсқаларын таңдаған респонденттер жауап берген. Алынған нәтижені түсінудің екі жолын қарастырамыз. Мәселе сұрақта қолданылған «ел»түсінігінің этимологиясында болуы мүмкін деген тұспалымыз бар. Анкеталық сұрақ «Қайсы елге барып оқығанды жөн көресіз?»түрінде құрастырылған. Бірінші түсініктеме: ертеде қазақ тілінде де «ел» сөзі әртүрлі мағынада қолданылған.Кейде өз тұрғылықты жеріне қатысты қолданса, кейде шыққан руына байланысты да айтатын болған. Қазақстандық өзбектер арасында осы ескі қазақи сөздердің сақталуы «қай ел» дегенді басқа жер деген мағынада түсініп, тиісінше жауаптардың арасында Қазақстанның басқа қалаларынның аталуына алып келген. Екінші түсініктеме, саяси дискурста айтыла бермейтін, ирредента түсінігі. Шымкент қаласының айналысындағы өзбектердің шоғырланып өмір сүретін мекендерін ирредента ретінде қабылдап, басқа қалаларын шетел ретінде қарастыру. Біз бірінші тұспалымызға тоқталамыз. Себебі жоғарыда біз талдау барысынан қазақ тілді мектептердің алынып тасталғанын айтқан болатынмыз, айрықша жағдай ретінде қазақтардың арасында да Қазақстанды таңдаған екі оқушының болғандығын айта кетуіміз керек. Яғни «ел» өзбектер мен қазақтар үшін де «жер» мағынасында қарастырылған болуы керек. Сонымен бірге, екі елдің жүздеген жылдар қоян-қолтық өмір сүруі олардың лексикасының бір-бірімен алмасуын куәландырады. Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, келесі түйіндер жасаймыз. Өзбек жастары арасында білімді жетілдіру болашақтағы басым стратегиялардың бірі екендігі анықталды, жаһандану процесі аталмыш этникалық топ арасындағы дәстүрлі ұстанымдардың өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. Сонымен бірге өзектер үшін . Сұрау нәтижелері өзбек жасөспірімдердің әлеуметтік-азаматтық белсенділігі деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Және де өзбек этносының өсіп келе жатқан жас ұрпақтары арасында Қазақстанда барлық адамдарға табысты болуы үшін бірдей мүмкіндіктердің берілгендігіне деген сенімі басым. Өзбек жасөспірімдері бос уақытының көп бөлігін рухани-мәдени білімін жетілдіруге, болмаса күнделікті тұрмыста қажетті дағдыларды үйренуге арнайды. Әлеуметтік желілерде отыру, көңіл көтеруге бос уақытты арнау, гаджеттерде ойын ойнау оларға тән емес. Өсіп келе жатқан өзбек жасөспірімдерінің миграциялық көңіл-күйі тұрақты емес екені анық. Дегенмен егер басқа елге кетуге мүмкіндіктері болса, олардың таңдауы үшін ең тартымды мемлекеттердің үштігін АҚШ, Түркия, Англия құрайды.
TEXT
kaz
25,840
Бұл мақалада құрылысты жоспарлау кезiнде шешiм қабылдау процесiнде кеңейтiлген шындық (КШ) технологиясының ықтимал мәнi қарастырылады. КШ-ты қолдану тұрғындарға қаланың дамуына неғұрлым интерактивтi және тиiмдi түрде үлес қосуға мүмкiндiк беретiнi, сол арқылы олардың процесте басқа мүдделi тараптармен өзара әрекеттесуiне мүмкiндiк беретiндiгi атап өтiлдi. КШ технологиясы мобильдi құрылғыларда жақсы жұмыс iстейдi. Дегенмен, геолокациялық КШ GPS-тiң тұрақсыздығы мен дәлдiгiнде белгiлi бiр проблемалар бар, оларды түрлi геостратегиялар құру арқылы жою керек. Алынған бiлiмдерге сүйене отырып, КШ қолдану арқылы бiрлескен жоспарлау үшiн жетiлдiрiлген мобильдi қосымшаны құру әдiстемесi талқыланады. Әдiстеме кезең-кезеңмен жұмыс процесiн құруды көздейдi, онда әр қадам болашақ жүйенiң белгiлi бiр компонентiн қамтиды. Мұндай жүйелердiң кейбiр аналогтарына қысқаша шолу жасалып, олардың кемшiлiктерi болашақ мобильдi қосымшаларды жасау әдiстерiн жетiлдiруге көмектесу үшiн анықталған. Түйiн сөздер: құрылысты жоспарлау, қоғамның қатысуы, толықтырылған шындық, шешiм қабылдау, ашықтық.
TEXT
kaz
25,841
бұл мақалада Еуразия ұлттық университетiнде () құрылған ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешеннiң CARPET қондырғысының қысқаша сипаттамалары және 2016-2019 жылдар кезеңiнде алынған эксперименттiк деректер келтiрiлген. Жер магнитосферасы мен планетааралық ортадағы ғарыштық сәулелер мен жағдайлардың тiркелген өзгерiстерiн талдаудың жеке нәтижелерi келтiрiлген. Алынған деректердi түзету үшiн барометрлiк коэффициенттi анықтау әдiсi келтiрiлген. Басқа нейтрондық мониторларда алынған эксперименттiк деректердi өлшеу динамикасы CARPET детекторымен жүргiзiлген өлшеу деректерiнiң сериясымен жақсы сәйкес келетiнi көрсетiлген. ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешенiнде үздiксiз мониторинг пен зерттеудiң мақсаты қайталама ғарыштық сәулелер ағындарының вариацияларын зерттеу болып табылады. Бұл жұмыс CARPET детекторының көмегiмен алынған эксперименттiк мәлiметтер күн, планетааралық ортада, сондай-ақ, жер үстi атмосфералық қабатының бетiнде болып жатқан процестер жағдайында ғарыштық сәулелердiң өзгеру қасиеттерiн әртүрлi уақыт аралықтарында зерттеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсеттi. Жұмыс шеңберiнде екiншi реттi ғарыштық сәулелер вариацияларының кең уақыттық спектрi – қысқа мерзiмдi (форбуш-эффект, күн әсерлерi және т.б.), ұзақ мерзiмдi зерттелдi. Сәулелену өрiстерiнiң сандық сипаттамалары және алынған мәлiметтердi түсiндiру мүмкiндiгi алынды. Жұмыс барысында алынған зарядталған бөлшектердiң ағындары туралы бiрқатар мәлiметтердi ғарыш сәулелерiнiң магнитосфералық және атмосфералық процестерге модуляциясы мен әсерiне байланысты есептердi шешуде қолдануға болады. CARPET детекторының көмегiмен алынған деректер және эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi ұзақ мерзiмдi перспективаға зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi және екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарының жалпы әлемдiк деректер банкiн толықтырады. Түйiн сөздер: космофизикалық кешен, ғарыштық сәулелердiң вариациясы, зарядталған бөлшектердiң ағынын есептеу қарқыны, мониторинг. DOI: Түстi: 19.10.2020 /Жарияланымға рүқсат етiлдi: 02.12.2020 Кiрiспе. Ғарыштық сәулелер ауа райы мен климатқа байланысты атмосфералық процестерде маңызды рөл атқарады және Жердiң ғаламдық электр тiзбегiнiң қасиеттерiн анықтайды. Сондықтан атмосфералық процестерден туындаған екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарының өзгеруiнiң физикалық табиғатын әртүрлi уақыт шкалаларында (күнделiктi, 27 күндiк, маусымдық, жылдық және т.б.) зерттеу өте маңызды. Сонымен қатар, эксперименттiк кешендердi құру мұндай зерттеулердi жүргiзудiң қажеттi шарты болып табылады. Осы мақсатта 2015 жылы Еуразия ұлттық университетiнде () Ресей ғылым академиясының Физикалық институтымен бiрлесе отырып, екi CARPET детекторынан, нейтрондық детектордан және EFM-100 электростатикалық флюксметрiнен тұратын ғылыми космофизикалық кешен құрылды. CARPET ғарыштық сәулелерiнiң ғылыми детекторы 2015 жылдың соңында -Сұлтан қаласындағы -дiң Физика-техникалық факультетiнде орнатылды (51 ◦ 10'48" с. е., 71 ◦ 26'45" ш. б., биiктiгi 358 м, геомагниттi кесудiң қаттылығы RC ≈ 2,9 ГэВ) [1]. Ол жер деңгейiндегi ғарыштық сәулелер ағынын үздiксiз бақылауға арналған. Детектормен жұмыс iстеудiң негiзгi мақсаты – ғарыштық сәулелердi тiркеу және олардың Күн белсендiлiгi мен атмосфералық құбылыстармен байланысын зерттеу, қолда бар мәлiметтер, алынған мәлiметтер мен атмосфералық айнымалылар арасында салыстырмалы және корреляциялық талдау жүргiзу, олардың жеке нәтижелерi осы мақалада ұсынылады. CARPET аспабының негiзiн (1-сурет) 12 есептеу блоктарына бiрiктiрiлген (жалпы өлшемi ≈ 1, 5 × 1, 5 м) СТС-6 типтi Гейгер газды разрядты цилиндрлiк санауыштар құрайды, олардың әрқайсысында 10 санауыш бар. Есептегiштер блогы қалыңдығы 7 мм алюминий сiңiргiшпен (сүзгi) бөлiнген есептегiштердiң екi қабатынан тұрады (5 жоғарғы және 5 төменгi). Тәжiрибелiк деректер 1 мс жұмыс циклi бар үш деректер каналында тiркеледi. Бiрiншi канал («UP») 60 санауыштағы жоғарғы қабаты бар тiркелген зарядталған бөлшектердiң жалпы санына сәйкес келедi. Екiншi канал («LOW») 60 есептегiште төменгi қабатта тiркелген зарядталған бөлшектердiң жалпы санын көрсетедi. Жоғарғы және төменгi есептегiштердiң кез келгенiмен бiр уақытта тiркелген бөлшектер, яғни сүзгiден өткен бөлшектер сәйкестiк каналы - «TEL» арқылы жазылады. CARPET келесiдей энергиясы бар бөлшектердi тiркейдi: «UP» және «LOW» арналарында E>200 кэВ энергиясы бар электрондар мен позитрондар, E> 5 МэВ протондар, E> 1,5 МэВ мюондар және E>20 кэВ фотондар (тиiмдiлiгi 1% - дан аз). «TEL» арнасы (сәйкестiк) неғұрлым күштi бөлшектердi анықтайды: энергиясы E> 5 МэВ электрондар, E> 30 МэВ протондар және E> 15,5 МэВ бар мюондар. Осылайша, CARPET жерүстi нейтрондық мониторлардан айырмашылығы, барлық зарядталған бөлшектерге, соның iшiнде, Жер атмосферасындағы бастапқы галактикалық және күн ғарыштық сәулелерiнен және/немесе жер бетiндегi атмосферадағы басқа процестерден пайда болатын төмен энергиялы зарядталған екiншi реттiк компонентке сезiмтал. Сурет 1 – Жабдықтың блок-схемасы және жалпы түрi CARPET детекторы жоғарыда сипатталған меншiктi детектор модулiнен, санау және интерфейс электроникасы модулiнен және компьютерден тұрады. Кешенге, сондай-ақ, телеметрия датчиктерi (температура, қысым, кернеу параметрлерi U - 5V, 12V, 380V) кiредi. «CARPET Monitor» арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудiң көмегiмен өлшеу деректерi тiркеледi, өңделедi, жазылады және шығуда күнделiктi екi файл қалыптасады: үш канал eISSN 2663-1296 Хабаршысы. Физика. Астрономия сериясы, 2020, Том 133, №4 бойынша бөлшектердi тiркеу деректерiнiң файлы (СН1, СН2 және TEL) және телеметрия деректерiнiң файлы. Детектордың ғылыми мақсаттарының бiрi – атмосфералық процестер мен ғарыштық сәулелер бөлшектерi арасындағы байланысты әртүрлi уақыт шкалаларында зерттеу. Детектордың эксперименттiк деректерi қысқа мерзiмдi, мысалы, форбуш эффектiлерi, Күн сәулелерi және т.б. және қайталама ғарыштық сәулелердiң ұзақ мерзiмдi вариацияларын зерттеуге мүмкiндiк бередi. Нәтижелер. 2 және 3-суреттерде 1 – канал үшiн 2016 жылғы 16 қазандағы тәулiк iшiндегi детектор деректерiнiң қарқын серпiнi көрсетiлген, сондай-ақ, TEL детекторының каналы үшiн деректердiң айлық уақытша өзгерiстерi және 2016 жылғы шiлдедегi Алматы нейтрондық мониторының деректерi [2] (NM Data Base-NMDB дерекқоры) келтiрiлген. Сурет 2 – Детектордың 1-шi каналы үшiн 2016 жылғы 16 қазандағы тәулiк iшiндегi деректер динамикасы Сурет 3 – CARPET детекторының TEL каналындағы (жоғарыда) және Алматы нейтрондық мониторындағы (төменде) 2016 жылғы шiлдедегi есептеу қарқыны eISSN 2663-1296 Bulletin of ENU. PHYSICS. ASTRONOMY Series, 2020, Vol. 133, №4 Төменде (4-сурет) CARPET детекторының 1 және 2 модульдерiмен тiркелген 2017 жылғы 10 шiлде мен 20 шiлде аралығындағы кезеңдегi уақыттық өзгерiстердi және «Апатиты» нейтрондық мониторларының көмегiмен алынған деректердi салыстырмалы талдау нәтижелерi көрсетiлген (67.57 ◦ N, 33.39 ◦ E, Rc = 0.65 ГВ, Полярлы геофизикалық институт, Ресей) (1), «Алматы» (43,1 ◦ S, 76,6 ◦ E; Rc=6,69 ГВ, Ионосфера институты, Қазақстан) (2) и «Jungfraujoch IGY» (46.55 ◦ N, 7.98 ◦ E; Rc=4.49 ГВ, Швейцария) (3). Осы кезеңде NMDB жерүстi нейтрондық мониторлардың әлемдiк желiсiнде байқалған ғарыштық сәулелер қарқындылығының форбуш-төмендеу сериялары тiркелдi. Атап айтқанда, 2017 жылдың шiлдесiнде ғарыштық сәулелер ағынының едәуiр төмендеуi 16 шiлде айының екiншi жартысында басталып, 17 шiлде сериясының жалғасуымен байқалды. Ғарыштық сәулелердiң ағындары қарқындылығының едәуiр төмендеуi барлық жер үстi мониторларында, соның iшiнде, CARPET детекторында көрiнедi. 2017 жылдың шiлдесiндегi CARPET детекторы мен нейтрондық мониторлардың эксперименттiк мәлiметтерi жер бетiндегi атмосферадағы ғарыштық сәулелер ағынының азайғанын көрсеттi. белсендiлiгiнiң жоғары болуына байланысты (Күн бетiндегi жарқылдар сериясы). Сурет 4 – CARPET детекторы екi модулiнiң TEL каналдарындағы санау жылдамдығы (Форбуш эффектiсi, шiлде 2017 ж.) Нейтрондық мониторлардың эксперименттiк мәлiметтерiн өлшеу динамикасы және детектор көмегiмен өлшеулерде алынған зарядталған бөлшектердiң мәлiметтер қатарлары өте жақсы сәйкес келедi. Күннiң гелиофизикалық әсерiнiң ғарыштық сәулелердiң бiрiншi реттi бөлшектерiне әсер ету қасиетiн зерттеу үшiн ғарыштық сәулелердiң екiншi реттi бөлшектерiне ықпалын анықтау және оны жою қажет [3]. Сонымен қатар, ғарыштық сәулелердiң екiншi бөлшектерiн анықтау жылдамдығы негiзiнен атмосфералық қысым мен температураға байланысты екендiгi анықталды. eISSN 2663-1296 Хабаршысы. Физика. Астрономия сериясы, 2020, Том 133, №4 Атмосфералық қысым ғарыштық сәулелердiң қайталама бөлшектерiнiң ағымына әсер ететiн ең маңызды атмосфералық айнымалы болып саналады. Сондықтан оның салдарын алдымен зерттеу керек. CARPET детекторына арналған барометрлiк түзетудi есептеу әдiстемесi [4] жұмыста егжей-тегжейлi сипатталған, онда барометрлiк коэффициент ғарыштық сәулелердiң сағаттық деректерiн қолдана отырып регрессиялық талдау әдiсiмен анықталады. 5-суретте 2019 жылғы желтоқсандағы корреляциялық коэффициенттi анықтау мысалы көрсетiлген, себебi бұл кезеңде Күн бетiнде белсендi процестер байқалмады. Түзу сызық – бұл деректерге ең жақсы сызықтық сәйкестiк, көлбеу – барометрлiк коэффициент. Сурет 5 – 2019 жылғы желтоқсан айында TEL каналы үшiн CARPET детекторымен тiркелген салыстырмалы интенсивтiлiкке ( ∆ I/I) қатысты атмосфералық қысымның ауытқуының күнделiктi мәнi ( ∆ P, гПа) 6-суретте 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейiн CARPET детекторының TEL каналындағы жалпы иондаушы компоненттiң өңделмеген және қысым бойынша түзетiлген деректер ағымындағы уақыттық өзгерiстер сериясы көрсетiлген. Суретте көрiп отырғандай, ғарыштық сәулелер ағынының қарқындылығының өсуi байқалады, ол құлдырау фазасына сәйкес келедi және 11 жылдық Күн белсендiлiгiнiң 24-шi циклiнiң әсерiне байланысты. Сурет 6 – Детектордың (есептегiштiң) TEL каналы үшiн 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейiнгi кезеңде алынған және қысымға қатысты түзетiлген эксперименттiк деректердiң динамикасы 2016-2019 жж. бақылау кезеңiнде CARPET детекторында алынған ғарыштық сәулелер ағындарының уақытша вариацияларын зерттеу үшiн [5] жұмыста барометрлiк түзетулердiң бастапқы деректерiне енгiзiлген Вейвлет-талдау қолданылды. Ұсынылған эксперименттiк eISSN 2663-1296 Bulletin of ENU. PHYSICS. ASTRONOMY Series, 2020, Vol. 133, №4 мәлiметтер қатарлары үшiн сипаттық жылдық және 26-29 күндiк вариация кезеңдерi анықталды. Айта кету керек, эксперименттiк деректердiң статистикалық дәлдiгiн арттыру үшiн 2016 жылдың соңында қосымша CARPET детектор модулi детектордың бiрiншi бөлiгiне қосылды. Қорытынды. космофизикалық эксперименттiк кешенiнде орнатылған және бапталған CARPET детекторының алынған эксперименттiк мәлiметтерiн талдау және осы деректердi жерүстi нейтрондық мониторлардың нәтижелерiмен салыстырмалы талдау детектордың әртүрлi уақыт аралықтары үшiн ғарыштық сәулелердiң өзгеру табиғатын зерттеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Жерүстi кешенiнiң деректерi ұзақ мерзiмдi перспективаға зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi және екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарының жерүстi детекторларының қолданыстағы желiсiнiң деректерiмен қатар жалпы әлемдiк деректер банкiн сапалы түрде толықтыра алады.
TEXT
kaz
25,842
Адамның ақпаратты тыңдаудағы мақсаты – тек тыңдап қана қою емес, одан өзіне пайдалысын таңдап алу және оны таңдау үшін, талдау жасап та үлгеру. Ақпарат тұтынушының сол қажеттілігінің қиындықсыз жүзеге асуына мүмкіндік берудің бір механизмі – деректер мен цифрларды адам санасы тез қабылдайтындай, әрі есте сақтайтындай етіп, визуализациялау. БАҚ материалдарын құрылымдық-графикалық моделдеу туралы кейінгі жылдардағы ғылыми зерттеулерде ақпаратты кескінмен әрлеудің теориялық мәселелері, әдіс-тәсілдері, мәтіннің графикалық параметрлері, басылымның сыртқы формасының құрылымдық элементтері және композициялық схемасы, көрнекілікке әсер беретін бояулар үйлесімділігі, шрифтардың үйлесімділігі және тағы да басқа мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қоса, оған қажеттілік, тәуелділік артып отыр. Өйткені қазіргі ақпарат заманы кім бұрын ақпарат таратса және кімнің ақпараты көбірек таралса, сол жеңіске жетеді деген ұғымды алға шығарды. 20-ғасырдың басында неміс банкирі «Ақпарат кімнің қолында болса, билік те соның қолында» деген сөзі қазір өзінің шарықтау шегіне жетіп тұр десе болады [1]. Зерттеу жұмысының міндеті. Визуалды ақпараттың қыр-сырын тереңдеп зерттеу ақпараттық бәсекелестікте жеңіске жетудің сырын ашып, негізгі технологияларын түсіндіреді. Бұл шетелдік ғалымдардың еңбектерінде біршама қарастырылғанымен, біздің ұлттық ғылымымызда, ақпаратты зерттеу ғылымында бұл саланы зерттеуге әлі де болса жан-жақты көңіл бөлінбеген. Сол олқылықтың орнын, сәл де болса, толтыру мақсатында, визуалды ақпараттың өтімділігі мен тиімділігінің мәнін ашып, оны ұлттық ұстанымдарға және қазіргі кезеңнің талаптарына сай қалай құруға болатындығы туралы зерделеуді осы мақаламыздың негізгі міндеті етіп алдық. Зерттеу жұмысының мақсаты. Визуалды ақпараттың ықпалдылығына ғылыми тұрғыдан талдау жасау және визуализация мен тайм-менеджменттің бір-бірімен байланыстылығының ұлғаю процесін зерделеу, стереотиптік, символдық кескіндердің интерактивтілігінің мәнін ашу. Зерттеу әдісі. Визуалды ақпарат мәселесін зерттеген ғылыми еңбектерімен танысып, саралай зерттеп, олардың ортақ концепциясын іздедік. , -Мурадова, , Дж. Лакофф пен , -Шпурк, , , , , , . , , , , , Әл-Фараби, , , , , , , , зерттеген ақпараттың визуалдық сипаты туралы ғылыми-теориялық еңбектерін негізге алдық. Көне дәуір коммуникациясы мен бүгінгі күнгі визуалды ақпарат арасындағы сырттай ұқсастықтар мен іштей байланысып жатқан генетикалық-менталитеттік заңдылықтар мен ұстанымдардың ерекшеліктерін көрсеттік және бірнеше кескіннің бірігуі арқылы ақпараттық мағынаның ассоциациялануының мәнін зерделеп, қолданыста ықпалды болатындығына ғылыми-теориялық тұрғыдан көз жеткіздік. Талқылау. Латынның «visualis» - «визуализация» көріп қабылдаймын немесе көрілу деген мағынаны білдіретін қарапайым ғана сөзі қазір ғылыми терминге айналып кетті. Визуализацияның басты мақсаты – көзге көрілмейтін ақпаратты көрілетін формаға келтіру. Яғни, ақпаратты оптикалық кескін түрінде көрсету, оның сан алуан формасы бар. Қазіргі дүниетанымның көпжақты қырын ақпарат түрінде жеткізу жәй ғана сөйлемнің шеңберіне сыймастай болды. Өйткені жаратылыс аса күрделі және шексіз. Оның сондай қасиеті мен ерекшелігі туралы ақпаратты жеткізу үшін сөзге де сондай деңгейдегі шексіздік керек. Бірақ дүниенің қай тілінде болса да, сөздік қор шектеулі. Әйгілі жаратылыстанушы, биосфераның ноосфераға өту заңдылығын ашқан былай дейді: Табиғаттың шексіздігі мен болмыстың түпсіздігін танып, шеті жоқ деректерді игеріп, оған тереңдей түскен сайын ғалымдар мұның бәрін қарапайым, жәй сөздермен, тіпті, айқын сөздермен де кескіндеп жеткізе алмайтындығын түсінді» [2, 176 б.]. Ал «түсінді» деген сөз – адам баласы оны жеткізудің басқа да амалдарын іздеуге кірісті деген сөз. осы түйіні арқылы сөзден басқа да мүмкіндіктердің бар екендігіне сілтеме жасайды. Демек, ақпарат тұтынушының ақпаратты көріп қана емес, түйсіктің 5 сезім органына да, тіпті, алтыншы сезімге де әсер ететіндей мүмкіндіктеріне күш салу – бүгінгі ақпарат таратушылардың басты қажеттілігіне айналды. Тағы да іліміне жүгінейік: «ХХ ғасырдағы ғылыми ойлардың ұлы «жарылысы» бұл – биосфераның күллі ежелгі заманы дайындап әкелген жарылыс және оның құрылымы түпсіз тереңдікте жатыр» дейді [2, 197 б.]. Сол «жарылыстың» бірі – визуализацияны зерттеу ғылымы. Ата-Мурадова «Көздің көру клеткаларының пайда болғанына 500 миллион жыл болған екен, ал көз торшасының кескінді айыру элементінің пайда болу дәуірі клеткалар пайда болмай тұрған (доклеточный) кезеңдеріне жататын көрінеді. Сондықтан кескінді образдар адамға бірден түсінікті, өйткені ол, тіпті, адам психикасының түпсанасындағы өзіне де белгісіз қабаттарына қозғау салады» деп түйеді [3, 77-78 бб.]. Осы «қозғау салуға» себеп болатын не десек, ол әрбір сөз және сөз тіркестері. Бірақ әр сөздің өзі емес, оның визуалдық төркіні. Яғни, сол сөздің пайда болуына себеп болған нәрсе. Веселовский «Сөздің бәрі о баста метафора болған» дейді [4, 276 б.]. Яғни, метафора болып өмірге келіп, кейін заттың немесе құбылыстың атауы болып кеткен сөздер әлемі сол заттың немесе құбылыстың сыртқы-ішкі сипатына қарай берілген. Мысалы, жылқы деген сөзде жылқыға ұқсас ештеңе жоқ. Бірақ ол «коммуникативтік белгі» [5,18 б.]. Оның ең алыс түкпірінде визуалдық кескін жатыр. Яғни, «жылқы» деген сөз өзінен-өзі пайда болған жоқ, ол көзге көрілген нәрсенің әсерімен пайда болды. Яғни, олар алғашында зат ретінде, құбылыс ретінде көрілген. Визуалды болған. Сосын оған атау берілген. Сөйтіп осындай атаулар арқылы адам санасында белгілі бір жағдайларға байланысты кескіндік-мағыналық стереотиптік ұғымдар қалыптасқан. Мысалы, «дәрігер» деген жәй ғана сөз болғанымен, осы сөз арқылы қалыптасқан осы мамандық жайлы белгілі бір стереотиптік ұғымдар бар. . Лакофф пен «Метафоры, которыми мы живем» атты кітабында «Біздің күнделікті тіршілікте жинақтаған ұғымдық тәжірибелеріміздің бір бөлігін объектілер мен заттарға ұқсастырсақ болды, оларды белгілі бір ұғымдар ретінде топтастырып, категорияларға жатқызып, солар арқылы жаңа ой толғауға мүмкіндік болады» деп тұжырымдайды [6, 49 б.]. Уразова мұны концептуальды метафоралар ретінде қарастырады. «Концептуальды метафоралар – нақты бір мәдениеттің өкілдерінің санасында тұрақтанған метафоралар арқылы қалыптасқан, жаратылыс туралы ұғымында жатқан стереотиптік ұғымдар [7, 11 б.]. Көрілмейтін ақпаратты көрілетін формаға келтіру ғалымдардың назарын аударуда. «Кім визуалды кескінді көбірек қолданса, жеңіс те соларда» дейді [8, 183 б.]. -Шпурк визуалды ақпараттарды медиапсихологиялық тұрғыдан зерттеді [9, 88 б.]. визуалдық үрдісті «мозайкалық жаңалық» дейді және бұл «баяндау емес, біреудің көзқарасы да емес, түсіндіру де емес, тіпті, комментарий да емес. Бұл – әлеуметтік процеске қатысуға айқайлап шақырып тұрған осы қоғамдастықтың ұжымдық терең образы» дейді [10]. «өңіндегі жылы күлкінің өзіне доллар әкеле бастағанын байқаған» [11, 86 б.]. «Баспасөз парағының мәтінін хаттың «денесіне» салыңыз. ...10 мың сөздің орнына бір иллюстрация қойсаңыз да жетіп жатыр» дейді [12, 192-204 бб.]. «Визуалды ақпарат адамдарды сол мәселе бойынша іс-қимылға кірісуіне ықпал етеді» деп тұжырымдады [13, 198-199 бб.]. шаршының ортасында дискінің суреті бар картинкасында көрермен бірінші кезекте дискіні көреді (1-сурет). Ал кейбір көрермен дискіні емес, дискіні қоршап тұрған ақ кеңістікті көруі мүмкін. Тіпті жұрттың бәрі бірдей дискіні көріп, ақ кеңістікті көрмесе, оларға «дискіден басқа тағы да нені көріп тұрсыз?» деген сұрақ арқылы да жұрттың назарын аударуға болды» дейді автор [14, 24 б.]. Бұл жұртшылықтың интерактивтілігін арттыруға да ықпалды болады. Кескіндер арқылы образ құру – жалпы адам санасының творчестволықпен ойлау қабілетіне о бастан тән нәрсе екені ғылымда талай дәлелденген. Кішкентай баланың ойыншықты құрастыруы, қыз баланың қуыршаққа көйлек кигізуі – мұның бәрі белгілі бір образды түйсік арқылы ішкі көзбен көруінің көріністері. Бұл – эйдосфера ғылымының не- гізгі нысаны. Эйдосфера дегеніміз – образдар жүйесі, медимәтіннің гештальты [15, 175 б.]. . ақпарат қабылдаудың логосферамен қоса, графикалық және живопистік формадағы көру арқылы, яғни, осы эйдосфера арқылы қабылданатын түрін түсіндіре келіп: ақпаратты сақтау және жеткізудің екі түрлі тілі жасақталғанын көрсетеді:«ол – белгілік (цифр, әріп) және топикалық (визуалды образ, картинка), олар ойлау және көркемдікпен сезу мүмкіндігін жарыстыра, бір мезгілде туғызады» деген тоқтамға келді [16, 62 б.]. визуализация бәрінен озық, түсінікке жеңіл, миллион өлшемді болса да, адамға бірден түсінікті болады» және «әр тілде сөйлейтіндердің бәріне бірден ұғынықты» деп, бірақ «визуализацияны зерттеу ғылымы әлі бесікте жатыр» дейді [17, 23-34 бб.]. Визуализацияның дәл қазіргі заманда неліктен белсенді болып тұрғанына да ғалымдар ерекше мән береді. «Бізде қазір ұзақ мәтінді оқып отыратын уақыт жоқ. Біз тек керек жерін ғана оқуымыз керек, ал басқасының дәл осы қажеттілігіміз үшін мәні жоқ» дейді . Оның кітабының аты да осылай аталады – «Don't ». [18, 31 б.]. Оның бұлай деуінің басты себебі – бизнесте, яғни, тұтынушының көңілінен шығу мәселесінде жатыр. деген зерттеуші «көптеген компаниялар тұтынушының ақпаратты оқуына өте аз уақыт жұмсауына барынша күш салуда. Мұны зерттеуші ғалымдар «ең озық компаниялар осындай тәсіл арқылы да алға шығып жатыр» деп түсіндіреді. [19, 268 б.]. Демек, бизнесте алға шығудың бір шарты – берілетін ақпараттың қысқалығына келіп тірелгендігінде және көп ойландырмайтын да болуы тиіс. Бірден ұғынықты болатын ақпараттар тұтынушының уақытын үнемдейді. Демек, визуализацияның белсенді болуына тайм-менеджмент ықпал етіп отыр және визуализация мен тайм-менеджменттің бір-бірімен байланыстылығының ұлғаю процесі жүріп жатқанын байқаймыз. Бұл қазіргі адамдардың жылдам ойлау қабілетінің артқандығымен де түсіндіріледі. Жылдам қабылдану процесін былайша талдайды: «Санада пайда болған кескін түпсанадағы басқа да критерийлермен сол бойда салыстырыла бастайды да, ішкі «көзбен» көріліп, ақпараттың реттілігі түрлі қосымша сапалық кодтармен жедел толықтырылып, сырттан келіп тұрған ақпаратпен одан да күшті жылдамдықпен салыстырылып үлгереді» дейді. Сөйтіп, санадағы мұндай ішкі салыстырулар сол бойда ақпараттың нәтижесін де шығарады. Ақпараттың қабылдану процесінің ішкі траекториясын ғалым осылайша сызып көрсетіп: «затты немесе кескінді көре салып, біз, алдымен, оны танимыз, сосын автоматты түрде оның атауын ойша айтамыз және сапалық деңгейін де болжаймыз» дейді [20, 227-232 бб.]. Омашевтің «Қоғам қандай болса, журналистика да сондай» деген қанатты сөзін визуализацияны кең қолдануға көшкен PR-ға да, жарнамаға да, маркетингтік, имидждік ақпараттарға да қатысты айтуға болады, яғни, қоғам қандай болса, PR да, жарнама мен маркетингтік, имидждік ақпараттар да сондай [21, 160 б.]. Біздің қоғам визуалды болып кетті. Осыны ескеріп, жоғарыда айтылған озық компаниялардың PR, имидждік, жарнамалық мақсаттардағы ақпараттарын визуализациямен беруге тырысуының 4 себебін төменде берілген 1-кестеден атап көрсете аламыз: 1-кесте. Визуалды ақпараттың тиімділігінің көріністері Осы процестердің негізінде визуалды ақпаратты көрген тұтынушы бұл ақпарат жеткізіп тұрған жаңа идеяны тез ұғынады. Адам психологиясының ерекшеліктерін талдай келіп, академик осындай әртүрлі жағдайлардан бір идея туғызуына мүмкіндік беретін сананың мынадай үш қабілетін көрсетеді:
TEXT
kaz
25,843
Визуалды ақпараттарда қолданылатын кескіндерді *символдық* және *стереотиптік* деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Символ – кез келген коммуникацияның кешенді, тұрақты және ең тиімді құралдарының бірі. Символдар тұтынушыларды мобилизациялаудың да ең күшті құралы. Символдар манипулияция жасаудың да маңызды технологиясы. Өйткені «символдарды іс-әрекет үстінде орнымен қолдана білу дәл сол сәтте жоқ зат немесе оқиға туралы ой туғызуға, еске алуға және айтуға мүмкіндік береді. ...Палеолит дәуірінде де, одан кейінгі дәуірлерде де адамның өзін қоршаған ортаны символдарға айналдыру және олардан символдар әлемін құру қабілеті болған» дейді ғалымдар [23, 3738, 65 бб.]. Символдар туралы және олардың ішінде, тіпті, тыныс белгілердің де символдық мәні туралы зерттеуші «символизм тұрғысынан қарастырғанда, әр жерде тұрған кішкене ғана сызықшалар да үлкен семантикалық мағынаға ие болады» дейді [24, 134 б.]. Символ сан қырлы, миллион өлшемді. Символдар көне дәуірдің өзінде идеяларды моделдеу қажеттілігінен туындаған. Бірақ кез келген тұжырымдама өмірдегі жағдаймен тексеріледі, сол сияқты өмірдің өзі де сол тұжырымдамалар арқылы тексеруден өтеді. Көне дәуір коммуникациялары ретінде бүгінгі бізге жеткен символдар сондай аса күрделі де, ұзақ тексерулерден өтіп, белгілі бір ұғымдарды қалыптастырды. Сыртқы орта кеңейе түскен сайын және түрлене түскен сайын оны сипаттайтын белгі-символдар да көбірек қажет болады. Символдардың басқа кескіндерге қарағанда мағынасы тереңірекң әрі кез келген тұтынушыға дәл түсінілетіні де визуалдық ақпараттар үшін ұтымды. Музыкалық ноталарды музыканың сөзі деп түсіндіреді ғалымдар. Әр нота әр дыбысты жеткізеді. Яғни, нота – бұл кескін. Ал кескіннің қандай да бір әуендік дыбысты білдіруі де дыбыстың визуализация арқылы кескінделуі. Ноталық кілт – бұл символ. Оны көргеннен-ақ санаға музыка туралы ұғым келеді. Визуалды ақпаратты танымал ететін механизмніңтағы бірі – *стереотиптік* ұғымдар. Стереотиптік ұғымдағы кескінге жаңа ұғымдағы кескінді қосып, үшінші бір мағына беретін кескін шығарғанда мақсатты аудиторияға ерекше ықпал ететіндігі назар аудартады. Бұл туралы ІХ-Х ғасырда өмір сүрген Әл-Фараби музыкадағы дыбыстардың және олардың интервалдарының үйлесімділігі туралы айтқаны бүгінгі ақпаратты визуалды жасау технологиясына дәл келеді: «...өзара қосылатын заттардың белгілі қатынасы мен өлшемдері болуы шарт, сонда біз өзімізге белгілі қасиеттер мен шамаларға ие жаңа дүниелер аламыз» [25, 134 б.]. Әл-Фараби айтқан *«жаңа дүниелер»* – жұртшылыққа бұрыннан таныс ұғымдарды немесе заттарды бір-біріне үйлестіре қосып, жаңа ақпараттық ұғымның көрсетілуі. Мұндайда олардың «белгілі қатынасы мен өлшемдері болуы шарт». Мысалы, су туралы жарнамада таудың фонында бір кесе су тұрса, біз мұны табиғи таза, құрамы бай су деп ұғамыз. Былай қарағанда, тау мен су екеуі екі бөлек ұғым, бір-біріне қатысы жоқ. Бірақ біз таудың суының сапасы туралы жақсы білеміз және ол біздің санамызда қалыптасқан стереотиптік ұғым. Тау мен суды бірбірінің фонында көрсеткенде ол таудың суы деген мағынадан гөрі, «сапалы, таза су» деген мағынаны ұғамыз. Яғни, кескін арқылы «таза су» деген ақпаратты жеткізіп, «таза су» деген ассоциацияны беру. 2-сурет. Таудың фонында көрсетілген стақандағы судың «таза су» деген ассоциацияны беруі [26] Адам санасы шығармашылыққа бейім. Кескіндер жиынтығы арқылы бір образдың берілуінің ассоциациясы туралы : «Ассоциативтік байланыстар дегеніміз – адам миында сақталып тұрған ақпараттардың белгілі бір реттілікпен байланысуы. Бұл қажетті деректерді тез тауып, қажетті материалмен немесе ақпаратпен коммуникацияға түсуі» дейді. ойдың қозғалысын образдан символға өтіп, сосын сол ізбен кері қайтуымен байланыстырады. «Осы жағдай «ассоциативтік кеңістікті» шарықтата көтеріп, ойлау процесінде логикалық секіріс жасауына мүмкіндік береді. Осыған дейін ойға сыймайтындай болып көрінген ұғымды визуализация арқылы көруі, ол көздің өткірлігінен немесе көз торшаларының ерекшелігінен емес, бұл – ойлаудың сапалылық деңгейге шыққандығының нәтижесі, өйткені адам тек көзбен ғана емес, негізінен мидың көмегімен көреді» [27, 100-106 бб.]. Ал мида стереотиптік ұғымдар өте көп және ол мағыналық жағынан көп өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан да қазіргі визуалдық ақпараттардағы кескіннің мобилизациялық күші көп жағдайда стереотипке сүйенеді. Кезінде америкалық журналист 1922 жылы «Қоғамдық пікір» атты кітабында үгіт-насихаттың өткірлігі үшін қандай да бір мәселе туралы тұжырым жасап, оны әдейілеп стереотиптендіру концепциясын ұсынған екен. «Адамға ықпал ететін барлық құралдардың ішіндегі білдірмей, байқатпай өзіне еліктіре алатындар – стереотиптер галереясын жасағандар және соны адамдардың санасына орнықтыра алғандар» деп тұжырымдайды [28]. Жарнама да қып-қысқа уақытта көп нәрсе айтып үлгеру үшін стереотипке жүгінеді. Визуалдық ақпараттардағы стереотиптік көріністің жылдамдығы соншалық, тұтынушы оны талдап жатпай-ақ, оқиғаны немесе затты, қызмет түрін бағалап үлгереді. Өйткені стереотип тұтынушының санасында бұрыннан бар ұғым, демек, оны жәй ақпаратты болсын, PR мақсатындағы ақпаратты болсын тезірек жеткізудің құрылымдық бөлшегі ретінде қолдануға болады. Тіпті, стереотипті болмаса да, символдық белгі болмаса да, қатарынан көрінген бірнеше кескіннен бір идеяның тууы адамның түп санасындағы визуалдыққа бейімділіктің ықпалымен болатындығының ғылыми дәлелдемелерін келтіреді ғалымдар. Неміс физигі бензол сақинасының формуласын түсінде өз құйрығын өзі тістеп тұрған жыланды көріп, жаңа формула туралы идеяны тапқан екен. Оны «түпсанада бір мезетте бірнеше ақпаратты синтездеу процесі жүріп, олардың тоғысқан тұсынан жаңа идея туады» деп түсіндіреді [29, 78 б.]. Кескіндермен астастырылып берілген қысқа сөз – ол да жиі қайталанса, сөзден гөрі кескіндік форма алып кетеді. : «...образ құрылымындағы сөз – сөз болудан қалады, ол тұтастың бөлшегіне айналады, оның жаңа мәні санаға жаңаша ұғыммен кіреді, қосымша мәнге ие болады. Сөйтіп, белгілі бір образдың тұжырымдамасы мен идеясына айналады» деп бағалайды [30, 289 б.]. Лондон көшелерінің қиылысында жолға жазылған «LOOK RIGHT», «LOOK LEFT» деген жазулар сөзден гөрі визуалдық картинкаларға айналып кеткен, әрі бағдаршамның рөлін атқарып тұрған сурет деуге болады. Өйткені әлемде көлік қозғалысы тек үш елде – Англияда, Жапонияда және Австралияда сол жақпен жүреді екен. Бұл елдерге келген шетелдіктер үшін көліктердің сол жақпен жүруі үйреншікті емес, сондықтан да бағдаршаммен қоса, жол үстіне, яғни, аяқтың астына осындай жазудың жазылып қойылуы – «Сақ бол!» деген мағына беріп тұрады. 2-сурет. Таудың фонында көрсетілген стақандағы судың «таза су» деген ассоциацияны беруі [26] Бірақ кескіндерді және кейбір стереотиптік образдарды пайдаланғанда жергілікті ұлттың ұстанымдарын да қатты ескеру маңызды. Гонконгта жарнамада көзілдірік киген маймыл бейнеленген екен. Ешкім бұл көзілдірікті алмай қойыпты, себебін анықтағанда, жергілікті халық маймылдарды хайуандардың ішіндегі ең азғыны деп қарайды екен және жек көреді екен. Сөйтіп, «азғындар» киіп отырған көзілдірік жағымсыз әсер қалдырыпты. Қазіргі таңда визуалды ақпарат жасауға мүмкіндік беретін көптеген сервистік программалар бар. Олардың ішіндегі ең қарапайым да, тиімді, әрі қолжетімділерін атауға болады:
TEXT
kaz
25,844
Визуалды ақпараттың тайм-менеджментке қатысты болуының кейбір элементтерін білу де қазіргі ақпарат жасаушылар мен таратушылар үшін қажет болатыны және оның барлық тілде ұғынықты болатындығы жаһандану дәуірі үшін өте маңызды екендігі ғылыми тұрғыдан сарапталды. Визуалдылықтың қысқа-нұсқа формада болатындығы мен мазмұнға қанық және көрнекілігі, әрі интерактивтілігінің де теориялық тұжырымдары бизнес үшін аса қажет технология екендігін көрсеттік. Носов «өзектілігі, дәл осы уақытқа сай келетіндігі, фотомен берілген ақпараттың сенімді болатындығы, нақты тұтынушыға арналатындығы, жеделділігі мен тілдік жағынан ұғынықтылығы визуалды ақпараттың өте маңызды функциясы» деп бағалайды [33, 18 б.]. Визуалды ақпараттың «аз сөзге көп мағына» сыйғызу концепциясына негізделетіндігін, ақпаратты аңғару және ұғыну жағдайында сөзден көз жылдам жағдайы ескерілуі керектігін ғылыми тұрғыдан зерделедік. Жарманама жасаушылар, PR мамандары, имиджмейкерлер, журналистер осы ғылыми тұжырымдар мен мысалдарды ақпарат дайындауда негізге алуына және қолдануына ұсынылады.
TEXT
kaz
25,845
Еріктілікті дамытудың әлемдік тәжірибесі ХХ ғасырдың басында бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілікті қалпына келтіру қажеттілігімен тығыз байланысты. Осы кезеңде Волонтерлік қызметті жұмыс лагерлері мен миссионерлік қызметтер жүргізді. «Халықаралық азаматтық қызмет» () алғашқы бейбіт және гуманитарлық еріктілер қозғалысының бірі 1920 жылы құрылды. Бұл ұйымның алғашқы жобасы Франция мен Германия арасындағы татуласудың символы болған Францияның қираған Эснес-Ан-Аргон ауылын қалпына келтіруге бағытталған болды. Содан бері волонтерлік қызмет барлық салаларды қамти отырып, дүниежүзілік танымалдылыққа ие болды. 1934 жылы алғашқылардың бірі болып SCI кедейлерге көмектесу үшін Үндістанға төрт еуропалық еріктілерді жіберді. Бұл команда сияқты ұйымдардың және ұзақ мерзімді волонтерлік акциялар өткізетін басқа топтардың бастаушысы болып, аталған ұйымдар өз кезегінде БҰҰ волонтерлік бағдарламасының алғышарттарын қалады.
TEXT
kaz
25,846
Волонтерлік іс-әрекет әлемдік деңгейде нормативтік құқықтық жағы қарастырылып, дүниежүзілік құжаттармен бекітілген. Волонтерлық қызмет бойынша алғашқы заңнамалық құжаттардың бірі 1948 жылы БҰҰ үшінші сессиясында қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Декларацияның 29-бабының 1 тармағында: «Әр адамның, адам баласының еркін және толық кемелденуіне мүмкіншілік беретін қоғам алдында міндеттері бар» -деп қоғамдық қызмет пен міндетті ерекше атап көрсетеді[2]. Азаматтық қоғамды құрудың негізі ретінде волонтерлықтың іргелі рөлін негіздейтін негізгі принциптер ерікті қозғалысты дамыту тәжірибесіндегі негізгі тұжырымдамалық құжаттардың бірі – волонтерлардың жалпы декларациясында тұжырымдалған. Волонтерлардың жалпы декларациясы 2001 жылы халықаралық қауымдастығының XVI Дүниежүзілік конференциясында қабылданып 2001 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Волонтерлікті (еріктілікті) қолдау жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, келесі маңызды құжат БҰҰ 56 сессиясында 2002 жылғы 10 қаңтарда қабылданған БҰҰ A/RES/56/38 қарары болып табылады. Аталған құжатты қабылдау әлемдік қоғамдастықтың еріктіліктің, оның ішінде дәстүрлі өзара көмек пен өзіне-өзі көмектің дәстүрлі формаларын, қызметтерді ресми ұсынуды және азаматтық қатысудың басқа түрлерін қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан құнды үлесін мойындаумен негізделген. Жалпы қоғамның және еріктілердің өздері үшін пайда. Волонтерлік - бұл кез-келген стратегияның маңызды құрамдас бөлігі, атап айтқанда әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Құжаттағы негізгі бағыттардың бірі мемлекеттік деңгейде волонтерлікті қолдау шаралары бойынша ұсыныстар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық жұмысындағы еріктіліктің маңызды үлесі туралы қоғамға дәріптеу. Волонтерларды қорғауды кепілдендіру және оларды жалдамалы қызметкерлерден ажырату үшін волонтерлық қызметті құқықтық реттеу қажеттігі туындады. Еріктілер тікелей немесе жанама түрде еңбек, салық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік заңдарына бағынады. Әр ел өзінің әлеуметтік, мәдени және экономикалық жағдайларына байланысты еріктілерді реттеудің өзіндік моделін табуы керек. Осы тұрғыда көптеген еуропалық елдерде және АҚШ-та заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар түрінде волонтерлік қызметті құқықтық реттеу бойынша мемлекеттік заңнамалық құжаттар қабылдады. Еріктілерді қолдау, дамыту жұмысындағы ең белсенді мемлекеттердің бірі -АҚШ. XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап АҚШ президенті жұмыссыздық деңгейін төмендету және табиғи ресурстарды сақтау мақсатында «Азаматтық қоршаған ортаны қорғау корпусы» () еріктілер ұйымын құрған кезден бастап, АҚШ-та волонтерлық қызмет қарқынды дами түсті. Ел тарихында 1933-1942 жылдарға арналған қоршаған ортаны сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламаға шамамен 3 млн. жастар қатысып, ең табысты болған еріктілер бағдарламасы болған[3]. АҚШ-тағы еріктілікті дамытудың маңызды кезеңі 1961 жылы американдық көшбасшы бастамасымен құрылған «» халықаралық еріктілер ұйымының (Peace Corps) құрылуымен байланысты. Аталған ұйым бес елде әлеуметтік көмек қызметін бастап, алты жыл ішінде 14 мыңнан астам еріктілердің қатысуымен 55 елде бағдарламалары әзірленген. Қазіргі уақытта Ұйым шеңберіндегі еріктілер әлемнің 142 елінде білім беру, денсаулық сақтау, [4]. Волонтерлық қызмет Францияда, Нидерландыда, Канадада, Жапонияда сынды басқа да көптеген дамыған елдерде кең таралған. Шетелдік ұйымдарда волонтерлік лагерлер деп аталатын халықаралық алмасудың кең тәжірибесі бар. Әрбір волонтерлік лагерь жұмысының мақсаты-елге (қалаға, ауылға) қандай да бір жобаны іске асыруға жеткілікті қаражат жоқтығына байланысты жобаны жүзеге асыруға көмектесу. Олар әсіресе АҚШ, Англия, Германия, Испания, Франция, Финляндия, Швейцария және т. б. елдерінде танымал. Шет елдерде волонтерлық түрлі қауымның, әлеуметтің бірге жұмыс жүргізуінен басталатын болса, елімізде бұл қызмет тарихи сипат алатын «Асар» түсінігінен бастау алады. Ерте кезеңнен бастау алатын *«Асар»* ұғымы– бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктірген мұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет болған [5]. Тарихи бастауы бар қоғамдық құбылыс елдің барлық аймақтарында жалғасын табуда. Еліміздегі волонтерлық қызметтің маңызы мен қоғамдағы рөлі қазіргі кезде артып, еріктілік әлемдік стандарттарға сәйкес қоғамдық қозғалыс түрін ала бастады. Елімізде волонтерлық іс-әрекетті қолдау, азаматтарды ерікті болуға тарту мақсатында 2006 жылы 25 шілде «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011 жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес ұйымдардың ашылумен, мысалға үкіметтік емес ұйымдар секілді ерікті əлеуметті белсенді халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының маңыздылығын көрсеткен. Елімізде еріктілер қызметінің орны мен статусын белгілеу үшін 2016 жылы 30 желтоқсанда алғаш рет «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қызмет туралы заңы бекітілді. Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді. ҚР Заңында волонтерлік қызмет деп ерікті әлеуметтік бағытталған, ерікті қалауы бойынша орындалатын, жеке және заңды тұлғалардың мүддесін өтеусіз қоғамдық пайдалы қызмет деп көрсетіледі. Заңға сәйкес, волонтерлер ретінде 18 жасқа толған жеке тұлғалар заңды тіркеліп, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асыра алады. Көрсетілген жас мөлшеріне жетпеген азаматтар үшін Волонтерлық қызметті олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтірмейтін, сондай-ақ оқыту үдерісін бұзбайтын жағдайда жүзеге асыра алады; 14 жасқа толмаған жеткіншектер ата-аналарының (өзге заңды өкілдерінің) жазбаша келісімін бере отырып немесе олардың бірлесе жүруімен волонтерлік қызметке қатыса алады. Төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға байланысты жұмыстарға тек 18 жастан асқан волонтерлар ғана жіберіледі деп көрсетілген[6]. Бұл заң елімізде волонтерлікті неғұрлым тұрақты, жүйелі дамыту үшін алғаш рет негіз қалады. Осы сәттен бастап волонтерлік бастамалар заңнамалық негізге және шоғырландыруға ие болды. Волонтерлық іс-әрекет әлі де фрагменттік сипат пен жүйелілікке ие болмауына қарамастан, азаматтары елдің қайырымдылық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуда. Бұл жөнінде спорт жарыстарын, қайырымдылық марафондарын, емделуі қиын балаларды қолдау бағдарламаларын, балалар үйлері мен онкологиялық бөлімшелерде іске асырылатын жобаларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын еріктілердің сандық көрсеткіштері арқылы айқындалады. Қазақстанда волонтерлік қызмет үш нысанда жүзеге асырылады:
TEXT
kaz
25,847
Дегенмен, Қазақстанда еріктілердің көмегімен ірі іс-шаралар өтіп жатыр: 2017 жылғы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиадаға 3000 волонтер жұмылдырылған, оның ішінде 100-ге жуық волонтер 20 елден, Ресейден, Қытайдан, Кореядан және басқа мемлекеттерден келген шетелдіктер. Ресми ақпарат бойынша еліміздің азаматтары арасынан ерікті ретінде жұмыс жасауға 5000-нан астам адам өтініш қалдырған. Саны бойынша ең көп ерікті жұмылдырған, 5 мың еріктіні бір жерге топтастырған алғашқы іс-шара «ЭКС-ПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның түкпір-түкпірінен 4,5 мың ерікті және әлемнің 46 елінен 150-ге жуық волонтер жұмыс істеді. 2019 жылдың 26 тамызында президенті Қасым- халқына жолдауында 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Волонтерлар жылында бірқатар жобалар сәтті іске асырыла бастап, қоғам тарапынан қолдауға ие болып, тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатыр. Оларға:
TEXT
kaz
25,848
Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге студенттерді еріктілік қызметке бейімдеу, тарту мақсатында арнайы шәкіртақы мен оқу ақыларына жеңілдіктер жасалынады. Яғни, жеңілдіктің көлемі студенттің ерікті болып жұмыс атқару уақытына байланысты болып табылады. Жас еріктілерді тіркеу және қолдау үшін елімізде Qazvolunteer.kz. ұлттық желісі онлайн форматта жұмыс жасайды. Студенттік жастардың ерікті болуға қызығушылығын, мотивтерін білу мақсатында университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттерінен **«Жастардың волонтерлық іс-әрекетке көзқарасы»** атты сауалнама алынды. Сауалнамаға бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алушы 58 студент: 75,9% әйел, 24,1% ер адам қатысты. Сауалнама мазмұны 11 тақырыпқа сай сұрақтан тұрады. Жас категориясы бойынша 19-21 жас-15,5 %, 21-25 жастағы-51,7%, 26 жастан жоғары-32,8% білім алушыларды қамтыды. *«Волонтерлық қызмет деген не екенін білесіз бе?»* деген сұраққа 87,9% -иә, 5,2%-жоқ, 4%-жауап беруге қиналамын; *«Волонтерлық қызметті өзіңіз қалай түсінесіз? Бұл сұраққа жауап, егер сіз ал-* *дыңғыға «иә» деп жауап берсеңіз ғана беріледі)»* -адамдарға көмек түрі, риясыз қызмет ету, ешнәрсе күтпей көмектесу, жан-жануарға көмек, тегін еңбек күші, қоғамға тегін еңбек ету түрі, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек, мейрімділік түрі, адамзат парызы сынды жауаптар берілген; *« орналасқан қандай волонтерлық ұйымдарды білесіз?»* - Аман келешек, Азамат әлеуеті, Лига волонтеров, Харекет қоры, Аялы алақан, Панасыз жануарларды қолдау ұйымы, Милосердие, Команда SOS, Котопес, Асар, Жылы жүрек, Клуб добряков, Дәулеттен қоры, Астана жастары волонтері, , Мейірім, Asar-ume, Қызыл жарты ай- ұйымдарын көрсеткен; *«Волонтерлық қызметпен айналысып көрдіңіз бе?»* ¬-46,6%- жоқ, ешқашан айналысып көрмедім, 8,6%-иә, қазіргі таңда ерікті болып жұмыс жасаймын, 44,8%-иә, тәжірибем бар; «Қандай салада ерікті болғыңыз келеді?»-әлеуметтік әлсіз отбасыларға көмек, экологиялық бағытта, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, жеткіншектерге психологиялық-эмоционалдық жағынан көмек беру, жануарларға көмек, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, білім беруді дамыту саласында, спорттық салада, қарттарға көмекпен айналысу; *«Егер сіз ешқашан ерікті болмасаңыз, себебін көрсетіңіз»*-21,7%-ешқашан ойланбаппын,52,5% уақытым жоқ, 25,8%- қызық емес; *«Еріктінің бойында қандай қасиеттер болуы керек?»*-төзім, эмпатия, құрмет, мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, шынайылық, шыншылдық, әділеттілік, қалау, кеңпейілділік т.б.; *«Адамды ерікті болуға не ын-* *таландырады»* -77,6%- адамдарға көмек беруге деген талпыныс, 4%- бос уақыттың көптігі, 18,4%-әлеуметтік мақұлдау, *«Сіздің ойыңызша, волонтерлік қызмет қазір өзекті ме?»*- 92,9% иә, 1,8% -жоқ, 5,4%-жауап беруге қиналамын деп жауап берген(Сурет 1,2). Жоғарыда көрсетілген сауалнама нәтижесінен жастары тарапынан еріктілік қызметке деген қызығушылық байқалды, осы саланы жандандыру, дамыту жолдарына ұсыныстар көрсетілді. Ұлттық волонтерлар орталығының статистикасына сүйенер болсақ, қазір Қазақстанда еріктілер қозғалысы өте қарқынды дамып келе жатыр, егер 2017 жылы 100 ге жуық ұйым белсенді жұмыс істесе, 2021 жылғы қаңтар айындағы мәлімет бойынша 200-ден астам ұйым өздерінің волонтерлік қызметін жүзеге асырып келеді.
TEXT
kaz
25,849
2020 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша волонтерлық тәжірибесі бар адамдардың 22% әлеуметтік бағытта қызмет ететін мамандарды көрсеткен. Бұл бағытқа әлеуметтік әлсіз топтарға: тұрмысы төмен отбасыларға, қарт адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ медициналық қажеттіліктерге қаражат жинауға көмек көрсету кірген. Сол үшін әлеуметтік салада білім алушы студенттерді еріктілік іс -әрекетке жұмылдыру, болашақ маман ретінде жұмысында төзімділік, құрмет, эмпатия сынды қабілеттерді меңгеруге көмектеседі. Тәжірибе көрсеткендей, ерікті
TEXT
kaz
25,850
«Волонтерлық қызметтің не екенін білесіз бе?» сұрағының жауабы болып тәжірибе жинаған жастардың мақсаты айқын, азаматтық ұстанымдары берік қалыптасқан, ісіне адал, жауапкершілік алуға дайын болады. Студент жастардың қоғамдық қозғалыстарға қатысуы оған жаңа білім алуға, әлеуметтік жобаларды басқару тәжірибе жинақтауға, топта, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, өз қызметінің түпкі нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Осыларды ескеріп, волонтерлік қызметтің маңыздылығын көрсете отырып, осы қызметті дамытуда жоғарыда көрсетілген шетелдің тәжірибелері маңызды орын алады деп ойлаймыз.
TEXT
kaz
25,851
Ретроспекция сөзі өткенге көз жүгірту, бағзыны еске түсіру мағынасын береді. Әдеби термин ретінде «бұрын өткен оқиға», «өткенді баяндау құралы» деген ұғымдарда жұмсалады [1, 5 б.]. Ретроспекцияның мәнін түсіндіруде уақыт пен кеңістік ұғымдарын қолданудың маңызы зор. Бұл әдеби-ғылыми терминдер туралы тұжырымдар , , , сынды ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Кез келген көркем шығарма не кез келген мәтін мекендік-мезгілдік белгілері бойынша ұйымдасқан біртұтас кешенді құрайды. Мәтінде баяндалатын оқиға белгілі бір шақта және мекенде өтеді. Мұны ғылымда «хронотоп» терминімен түсіндіреді. : «Уақыт белгілі кеңістікте айқындалады және кеңістік уақыт арқылы өлшенеді, түсіндіріледі», - дейді [1, 127 б.]. Демек, мәтінде сөз болатын кеңістіктің басты өлшеуі – уақыт. Көркем шығарма бойында жүзеге асатын іс-әрекет, кейіпкер бейнесінің сомдалуы да хронотоппен тікелей байланысты. Кеңістік пен уақыттың мәтін ішіндегі берілу жолдары мен оларды сипаттаудың түрлі амал-тәсілдері уақыт пен кеңістік ұғымдарынан тысқары жатпайды. Объективті өмірде уақыт ешқашан артқа жылжымайды, ол үнемі алға жүреді, болашаққа бастайды. Ал көркем уақыттың ерекшелігі де осында – оның кейінге «сапар шегіп» не параллель уақыт пен кеңістікте баяндалу мүмкіндігі бар. Мұндай құбылысты «ретроспекция» терминімен түсіндіреміз. Ретроспекция құбылысы мәтін ішінде лингвистиканың да, әдебиеттану ғылымының да зерттеу нысаны болып саналады. Ретроспекция ұғымына ғалым мынадай анықтама береді: «Ретроспекция – уақыт қатарының бұзылуы, сипатталып отырған оқиға реттілігінің араласуы, сюжеттің құрылымдық үйлесімінің бір тәсілі» [2, 23 б.]. Яғни, ретроспекция мәтін ішіндегі уақыттың бейнеленуінің қалыпты жүйеден ауытқуын не кейінге шегініп, не алға жылжыта суреттеуін білдіреді. Мәтін лингвистикасын зерттеуші ғалым ретроспекцияны «оқырманды алдыңғы мазмұнды ақпаратқа қатысты ететін тілдік өрнек түрі» ретіндегі грамматикалық категория деп қарастырады [3, 106 б.]. Ретроспекция «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» мәтіннің сызықтық өрістеуін тоқтататын және оқырман сол арқылы «уақыт байланысына» енетін мезгілдік континуумның пішіні ретінде түсіндіріледі [4, 342 б.]. Гальперин ретроспекцияның мына жағдайларда көрінетінін айтады: а) ақпарат мәтінде көрсетілген жағдайда автор не оқырман оған өзі қайта оралады; ә) «мәтін қозғалысы реттілігінен ажырағанда, яғни баяндаудың уақыттық жоспарының қайта құрылуы арқылы» алдыңғы ақпарат бейнеленгенде [3, 106 б.]. Демек, мәтін ішіндегі ретроспекция арнайы тілдік құралдар мен әдеби амалдар арқылы көрініс тауып, оқырман мен автор арасындағы байланысты орнатады. Автор өткен істі, алдыңғы уақытты оқырман жадына түсіре отырып, сол іске не жағдаятқа, кеңістікке қайтадан алып келеді. Демек, кеңістік пен жағдаят уақыттың әсерінен қайта жаңғырады.
TEXT
kaz
25,852
Мәтін ішінде ретроспекцияның объективті-авторлық және субъективті-оқырмандық деп аталатын екі түр әрекет етеді. Объективті-авторлық ретроспекция автор тарапынан арнайы тілдік құралдарды пайдалануы негізінде оқырманға әсер етуі арқылы көрінеді. Ал субъективті-оқырмандық ретроспекция баяндау континумының жеке шығармашылық қабылдауының нәтижесі болып саналады [3, 107 б.]. Ретроспекция мәтін құрылымында арнайы тілдік бірліктер мен автордың сөз қолданыстары арқылы да, оқырманның өзі анықтап алатын идеялық-мазмұндық тұрғыдан да көрініс табады. Демек, мәтін ішінде ретроспекция имплицитті (жасырын) түрде де, эксплицитті (ашық) түрде де кездесе береді. Ретроспекция баяндау уақытын ауыстыратын қайталау бола алады. Автор өз қалауынша, маңызды деп тапқан кезеңдер мен сәттерге назар аударту үшін мәтін ішінде уақытта тоқтата да, баяулата да, тез қарқында дамыта да алады. Сол арқылы баяндаудың біртұтастығы да мәтіннің нақтылы бөліктерінің арасындағы байланыс та жүзеге асады. Шындығында, кез келген мәтін құрамында ретроспекция орын алады. Алайда, ретроспекция мәтін категориясы ретінде автордың нақтылы мақсатына сай қайталаулар мен «еске түсірулерден» құралады. Мәтіндегі ретроспекцияның көріну жолдары мен берілу тәсілдері әртүрлі. Ретроспекция түрлі «маркерлер» арқылы мәтін ішінде сипаттала алады. Соның нәтижесінде «көлеңкеде» қалған ақпарат жаңа бір маңызды мәртебеге ие болып, оқырман назарына ілігеді. Мұндай «маркерлердің» тікелей және жанама деп аталатын екі түрі кездеседі. Тікелей амал-тәсілдерге грамматикалық маркерлер (осы шақ, өткен шақ, келер шақ формалары), жекелеген сөздер мен уақытты белгілейтін сөз тіркестері (ертең, кеше, таң сәріде, т.б.) жатады. Жанама амал-тәсілдерге уақытты астарлап жеткізетін тілдік құралдар жатады. Мәселен, естелік, ойлану, қиял, мақсат. т.б. сөздер [5, 87 б.]. «Мәтін лингвистикасында» ретроспекцияның көріну жолдарына қатысты мынадай мәлімет келтірілген: «Ретроспекция түрлі тәсілдермен жүзеге асады, солардың ішінде, қайталау ерекше орын алады. Ретроспекцияның өзі де – баяндау желісін баяулататын ой қайталауы, баяндау барысындағы үзіліс. Ретроспекцияның мәні баяндау барысындағы уақытша үзіліспен қызықтыруында, яғни мәтінге өткендегі, қазіргі, белгілі бір жағдайда келешектегі көзқараспен қарауға мәжбүрлейді» [6, 73 б.]. Демек, ретроспекцияның берілуінде жиі қолданылатын тәсіл – қайталау. Автор жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін қайталау арқылы не болмаса ой қайталауы негізінде де ретроспекция амалын жүзеге асырады. ретроспекцияның баяндалу тәсілдеріне қарсы мәндес сөздерді (осында – анда, қазір – бұрын, шындық – жалған), уақытты және шақты қарсы қоюды (осы шақ – өткен шақ, келер шақ – өткен шақ), қайталауды, ырғақты жатқызады [7, 84 б.]. ретроспекцияның баяндалу түрі ретінде дәйексөзді атайды. Ғалым аллюзия мен дәйексөзді салыстыра отырып, аллюзияның қосымша ақпаратты кіріктіруіне байланысты ретроспекцияның берілу тәсілі бола алмайтынын айтады. Ал дәйексөз беруде қосымша ақпарат айтылмайды да, оқырманды белгілі ақпаратқа қатысты келісімін не қарсылығын білдіру мақсаты алға шығады [3, 109 б.]. Демек, ретроспекция амалының жүзеге асуы үшін мәтінге алдыңғы мазмұннан артық қосымша ақпараттарды кіріктіру көзделмейді. Керісінше, алдыңғы мазмұн сақтала отырып, оқырман жадына еске түсіруді ғана қамтиды. Ретроспекция амалы баяндауды өткен шақта, осы шақта, белгілі бір дәрежеде келер шақта сипаттауға мүмкіндік береді. Мәтін байласымын жүзеге асыратын дейксис пен анафораны да ретроспекцияның көріну жолы деп атауымызға болады. Себебі «дейксис» мәтін ішінде белгілі бір сөзге не сөйлемге, тіпті, күрделі синтаксистік тұтастыққа сілтеме жасайды. Демек, алдыңғы айтылған ойға дейксистік құралдар арқылы сілтеме жасау арқылы уақытты кері жылжытуға болады. Ол дегеніміз – белгілі бір тілдік бірлік арқылы оқырманның назарын мәтін ішіндегі нақтылы бөлікке аударту. Демек, оқиғалардың тізбегін оқырманның көз алдына қайта алып келу үшін сілттемелік мәні бар сөзді не сөз тіркесін қолдану жеткілікті. Сол арқылы автордың маңызды деп тапқан оқиғалар тізбегі эксплицитті түрде оқырман жадында қайта жаңғырады. Ал анафораны ғалым «өткенге қайта оралу» деп есептейді. Яғни, бұрынғы айтылған ақпаратқа қайта үңілу анафораны ретроспекцияның берілуінің бір жолы етеді. Мысалы, «олар тағы да ажырасты» десек, мұндағы «тағы» сөзі өткенге сілтеме жасап, кейіпкерлердің өмірінде мұндай жағдайдың алдыңғы мәтінде орын алғандығына меңзейді [2, 28 б.]. Қазақ көркем прозасындағы реминисценциялық-ретроспекциялық тәсіл туралы пен мақалаларында: «Ретроспекция тәсілін зерделеу ең әуелі көркем туындыдағы уақыттың қалыптасуының мазмұндық концепциясымен байланысты. Осы тарапта көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына антикалық дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі айтулы романдар алынды. Қазіргі романның алуан типтерінде ретроспекция «сана ағымы», «бір күннің романы», «жаңа роман» түрінде барынша ауқымды көркем диапазонды иеленген концептуалды тәсіл ретінде танылды», - дей келе, бұл тәсілдің тек романға ғана емес, көркем прозаның басқа жанрларына да тән екенін атап көрсетеді [8, 379 б.]. Сондай-ақ, мақала авторлары ретроспекция тәсілінде бағзыда өткен оқиғаны, аңызға айналған тарихи тұлғаларды шығарма тақырыбына арқау ететіндігін, шығарманың оқиғалар өрісінде кейіпкердің, өткен оқиғаны еске түсіруі түрінде көрінетініне тоқталады.
TEXT
kaz
25,853
Ол қара үйде өмір сүріп жатады екен өткенім, Бауырларым... естерінде елесім де жоқ менің. Қарғаларға қарап қойып, дән шоқиды аулада Қалып қойған баяғыда менің көңіл-кептерім... [9, 16 б.]. Ақын «ол қара үй» деп өткен шақтағы, бала шақтағы мекеніне сілтеме жасайды. Бұл жерде «ол» сілтеу мәнді есімдігі дейксис қызметін атқара отырып, ақынға өткен күнге оралуға мүмкіндік береді. Ретроспекция санадағы елестердің, адам жадында сақталған ақпараттар мен көріністердің жаңғырығы іспеттес. Өткен шақта болған іс-әрекет пен көрініс санада қайта жаңғырып, дәл сол сәтте орын алып жатқан оқиғаға ұқсап, ақынға уақыт кеңістігінде кері бұрылуға, болған іске қайта қарауға жағдай туғызады. Осы өлеңде ақын ары қарай ойын былайша жалғайды: Ол қара үйде әкем, апам, ағам және кәрі анам Өмір сүріп жатады екен, бұрынғыдай.... жаңадан... Аттай алмай жүреді екем босағадан қиналып, Қара итке айналады қолымдағы чемодан.. [9, 16 б.]. Келесі шумақтың да «ол» сілтеу есімдігімен жұмсалуы мәтіндер арасындағы байланысты, субстанциялық қызметті атқарып тұр. Кез келген мәтінде ретроспекция құбылысы орын алған тұста ол арнайы тілдік бірліктер арқылы немесе идеялық-мазмұндық мәні арқылы көрінеді. Ақынның келесі бір «утопиялық түс» өлеңінде де ретроспекция құбылысы байқалады. Өлеңнен үзінді келтірсек: Сәлем айтып келіпті өткен шақтан. Самал желмен қалықтап жеткен хаттар. Жүр екен-ай жайылып боз көдеге Тәңір көктен түсірген ертегі аттар. Бір қуантып шаһарлық тамам елді, Ауыл жақтан күтпеген хабар келді. Таңғажайып аққулар түннен құлап, Мекен етіп алмақшы Аралды енді [9, 23 б.]. Мұнда ақын өткенге түс көру арқылы сапар шегеді. Бұл жердегі түс көруді, сонымен қатар, мифопоэтика тұрғысынан да қарастыра аламыз. Жадында сақталған естеліктер, . Ретроспеция мәтін ішінде жекелеген сөздер және өткен шақты білдіретін грамматикалық формалармен де беріле алады. Бұл өлеңде ретроспекция құбылысын «өткен шақ» тіркесі және -ған, -ген формалы өткен шақтағы есімшенің жұрнағы жүзеге асырып тұрғанын көруімізге болады. Бұл құбылыстың әдеби-мазмұндық жағына келер болсақ, оқырманға уақыт кемесінде кері жылжи отырып, кейбір жайттарға анық қарауға, дәлдеп бағалауға мүмкіндік туғызу міндетін арқалағанын көре аламыз. Өлең мәтінінің ретроспекциялық мәні, тұтастай алғанда, лирикалық шегініс түрінде айқындалады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ретроспекция құбылысына де шығармаларынан мысал келтіруге болады. Ақынның «Жүрек маусымдары» өлеңінде: Өткенде... Өмірді бастарда, Көктеуге ынтыққан өмірмен, Көктемге ынтыққан көңілмен, Тап келдім, Тап келдім сенің мен, Әлімнің, Аспаның, Көп келдім көктемгі бағыңа [10, 18 б.], - деген жолдар кездеседі. Бұл өлең, негізінен, үш бөлімнен тұрады. Үш бөлім үш шақта (өткен, осы, келер) баяндалады. Яғни, мұнда ретроспекция құбылысымен қатар проспекция құбылысын да аңғаруға болады. Ақын өмірінің өткен кезеңіндегі есінде қалған ескі күндерді қайта жаңғырта отырып, мәтін түзеді. Сол арқылы өткенге оралып, еске түсіреді. Мұнда ретроспекция құбылысын арнайы тілдік бірліктер жүзеге асырып тұрғандығын көре аламыз. Үзіндінің алғашқы тармағында-ақ ақын «өткенде... өмірді бастарда» сөз қолданыстары арқылы оқиғаның осы шақта емес екендігін, өткен шаққа қатысты екендігін сездіреді.
TEXT
kaz
25,854
Студенттердің болашақта өз ісінің маманы ретінде қалыптасуы үшін өзіндік жұмыстар арқылы оларды дерберстікке, креативті ойлауға баулу керек. Сондықтан, жоғары оқу орнының студенттері үшін қолданылатын өзіндік жұмыстардың түрлері және әдіс-тәсілдерін қарастырып, талдау арқылы тиімді формаларын оқыту үдерісінде қолдануға болады.
TEXT
kaz
25,855
Жоғары мектептің түлегі кез келген бағытта өзіндік кәсіби білімдік іс-әрекетке дайын болуы керек, бұл - заманауи өмірдің шындығы. Жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы, жаңартылған білім мазмұны және қоғамдағы, білім саласындағы т.б. өзгерістер тек білімді ғана талап етпейді, ол кез келген өзгерістер мен толқуларға бейімделе алатын, өзөзін көрсетіп, мәселелерді шеше алатын қабілеттерді талап етеді. Сонымен қатар, заманауи кәсіби тұлға әр түрлі жобаларға, кәсіби пікірталастарға, күрделі міндеттер мен мәселелерді шешуге қабілетті болуы керек [1, 12 б]. Қазіргі таңдағы заманауи маманға қойылатын талаптардың деңгейі жоғары оқу орындарында кәсіби кадрларды дайындау жүйесінің дидактикалық негіздерін үнемі жетілдіріп отыруды, оқытушылар мен студенттердің өзара шығармашыл іс-әрекетіне ғылыми-негізделген тұғырларды құрастыруды талап етеді. Жоғары оқу орнындағы білім мақсаты - жоғары кәсіби деңгейі бар, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытуға қабілеті бар, дербестігі жоғары және кәсіби құзіреттілік деңгейі жоғары шығармашыл тұлғаны дамыту. Жалпы, студенттердің өзіндік жұмысы мәселесін зерттеуге деген қызығушылық соңғы жылдары жоғары оқу орнының білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты ұлғайды. Маңызды себептерінің ішінде келесілерді атап өтуге болады:
TEXT
kaz
25,856
Қазіргі кездегі қоғамда адам білімді немесе білікті бір рет үйреніп, оны өмір бойына қолдана алмайды. Оның білімдері қаншалықты терең және жан-жақты болғанымен он жылдан кейін олар өзінің өзектілігін жоғалтуы мүмкін. Құзіреттіліктің осы дағдарысынан өтудің жалғыз жолы - өздігінен білім алу болып табылады, бұл - жаңа өзекті білімдерді меңгеруге бағытталған өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру бойынша өзіндік жұмыстың формасы болып табылады. Еліміздегі жоғары оқу орындарында енгізілген кредиттік оқыту технологиясы қазіргі заманғы студенттердің бойында терең де, толыққанды кәсіби білімді өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырып, оны әрі қарай дамытуға жағдай жасайтын оқыту жүйесі. Бұл жүйедегі басым бағыттардың бірі - өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің белсенділігі мен саналылығын қалыптастыру. Зерттеудің мақсат-міндеттерін басшылыққа ала отырып, «өзіндік жұмыс*»* ұғымының эволюциялық дамуына талдау жасадық. Аталған мәселе ертедегі Сократ, Демокрит, Платон сияқты грек ойшылдарының еңбектерінде де қарастырылған, яғни, ертеден-ақ шәкірттердің өздігінен оқуына, өзіндік ісәрекетіне ерекше мән берілген. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі өзіндік іс-әрекеттің өзектілігі , мен еңбектерінде қарастырылады. Ал, қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылық тарихында көрнекті орын алатын білім алушылардың өз бетінше білім алуында педагогтің рөлін жоғары бағаласа, , тұлғаның өзіндік психологиялық ерекшеліктерін дамыту сияқты ғылыми, мәні бар мәселелерге баса назар аударып, өзіндік сана-сезімді дамытуда жан-жақты білім алуға, ізденуге шақырады. Жалпы, студенттердің өзіндік жұмыстарының педагогикалық-психологиялық аспектілерін зерттеуге: , , , , , , , , , , , , , , , ал, қазіргі әлемдік стандартқа сай сапалы білім беруді ұйымдастыруға , , , , , , ғылыми еңбектері арналған. Зерттеушілер, өзіндік іс-әрекет ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысымен көрініс табатын тұлға қасиетін анықтайтын жиынтық ретінде көрсетеді [2, 9 б.]. Зерттеулердің мақсаттары мен мәселелеріне байланысты авторлардың ұсынған өзіндік жұмыс жайлы бірқатар анықтамаларының толық талдаулары , еңбектерінен орын алған. Студенттердің өзіндік жұмысына көп көңіл бөлінуінің себебі: қазір әр түрлі білім беру жүйелеріндегі жинақталған ой елегінен өткізіп, қорытындылауды талап етеді. Зерттеушілер атап айтқандай, өзіндік жұмысқа берілген анықтамалардың әр түрлілігі кездейсоқ емес. Бұны өздігінен орындайтын жұмысты оқытушының да, студенттің де өзара іс-әрекеттерін екі жақты үдеріс ретінде қарастырғанда байқалатын оның екі жақты сипатымен түсіндіруге болады. Студенттердің өзіндік жұмысын дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: , , , -Топоркова, еңбектері арналған. Сондай-ақ, өзіндік жұмыстың маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін отандық зерттеушілер , және ресейлік зерттеушілер , , , , еңбектерінде қарастырылады. Студенттердің өзіндік жұмыс мәселесі педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде көпаспектілі қарастырылады (, , , , , , , , , және т.б.). Бұл жұмыстардың талдауы, педагогтердің өзіндік жұмыс туралы ортақ анықтамалары жоқ екендігін, яғни, оның мәні, белгілері, түрлері әр түрлі қарастырылатынын көрсетті. Ең алдымен, өзіндік жұмыстың не екендігін нақты анықтап алған жөн. Көптеген авторлардың пікірінше, «студенттердің өзіндік жұмысы» терминінің ғылыми түсінік ретінде нақты анықтамасы жоқ. «Өзіндік жұмыс» түсінігі педагогиканың классиктері , , , , , , , , және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Өзіндік жұмыс туралы түрлі әдебиеттерді талдау, қазіргі уақытта «өзіндік жұмыс» түсінігінің мәнін ашудағы бірнеше тұғырлардың бар екендігін көрсетті. Өзіндік жұмыстың мағынасын ашуда авторлар оны әр түрлі қарастырады. Оны төмендегі 1- суреттен көруге болады. Студенттердің өзіндік іс-әрекетін зерттеу мәселесі зерттеулерінде ерекше орын алады. Ол оқытушы білім алушыға тек білімді беріп қана қоймай, олардың өздігінен жаңа білімді оқытушының көмегінсіз меңгеру қабілетін дамыту керектігін айтады [3, 500 б.]. Педагогика тарихында оқытудағы өзіндік іс-әрекеттің екі концепциясы орын алды. Бірінші концепцияның (, ) өкілдері білім алушыны білім, білік және дағдыларды меңгертетін, педагогикалық әсер етудің пассивті обьектісі ретінде қарастырды. Бұл концепция бойынша білім алушылардың өзіндік іс-әрекеті мәселесі ғылыми негізге қойылмады. Екінші концепцияда (, ) білім алушыны дамыту өздігінен жетілдіру және табиғаттан берілген тұлғаның сапаларын одан әрі ашу болып табылады. Бұл концепцияның жақтаушыларының орталық идеясы өзіндік іс-әрекеттің кенеттен пайда болуына кедергі жасамау болды. Екі концепцияның кемшілігі - оқыту үдерісінде студенттердің өзіндік іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырудың болмауы. Сонымен, өзіндік іс-әрекет өзіндік танымдық іс-әрекеттің негізінде жатқандығын тұжырымдауға болады. Оқыту үдерісінде студенттердің өзіндік іс-әрекеті қажет, себебі, ол жоғары мектеп педагогикасының маңызды принциптерінің бірі - танымдық принципінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Жалпы, өзіндік жұмысқа берілген әр түрлі анықтамаларды төмендегі 1 кестеден анық көруге болады.
TEXT
kaz
25,857
Жоғарыдағы кестедегі зерттеушілердің берген анықтамаларының барлығын талдай келе, қазіргі білім беру жағдайындағы өзіндік жұмыстың орнын ескере отырып, келесі анықтаманы ұсынамыз: «Өзіндік жұмыс - бұл студенттердің белгілі бір тапсырманы орындау барысында орындалатын, оқытушының басшылығымен, бірақ, оның тікелей қатысуынсыз жүзеге асырылатын, өздігінен білім алу, бар білімді шыңдау және жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі ұғымымен қатысты танымдық әрекет». Адамның өзін-өзі білім беру қызметінің тәжірибесін қалыптастырудың негізгі бағыттары: қоғамдық-саяси дамуының осы кезеңі үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу және өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыру құралы ретінде өз бетінше білім алу қажеттілігін қалыптастыру; адам қызметінің басым түрлерін орындау үшін қажетті жалпыланған білім мен іскерлікті меңгеру; ақпаратты пайдаланудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын, кітаптар, автоматтандырылған және компьютерлік кешендерді меңгеру, ашық және қашықтықтан білім; өзінің танымдық іс-әрекетінің траекториясын ұтымды ұйымдастыру, жоспарлау, іске асыру, содан кейін бағалау және түзету дағдыларын меңгеру. Әр түрлі авторлардың әдістемелері мен еңбектерін талдай келе өзіндік жұмыстағы келесі іс-әрекеттердің бірізділігін ұсынады:
TEXT
kaz
25,858
Ендеше, жоғарыда аталған іс-әрекеттердің бірізділігі сақталса, жоғары оқу орыны студенттері өзіндік жұмысты жоғары дәрежеде орындай алады деген сөз. Бұл алгоритмдерден көріп отырғанымыздай студенттердің өзіндік жұмысы - тек практикалық тапсырма ретінде ғана орындалмайтын, бірізді, жүйелі зерттеу жұмыстарын қажет ететін танымдық іс-әрекет екендігін көреміз. Ал, педагог-практиктердің көзқарастары бойынша өзіндік жұмыстарды орындауда келесі алгоритмдер сақталуы қажет:
TEXT
kaz
25,859
Бұл жерде педагог-практиктердің өзіндік жұмысты орындауға берген алгоритмдерін қарастыра отырып, алгоритмдерінен айырмашылығын талдадық. Нәтижесінде, студенттердің өзіндік жұмысында ғылымилық аз екендігін көруге болады, яғни, педагог-практиктердің алгоритмдері бойынша өзіндік жұмыс белгілі бір тақырып бойынша жоспар құрылып, сол жоспардағы сұрақтарды ашу мақсатында ақпарат жинап, сол ақпаратты арқылы сұрақтарға жауап беру жүзінде ғана іске асырылады. Ал, өзіндік жұмыс студенттердің танымдық қабілеттерін дамытып, олардың іздену, зерттеу қабілеттерін арттыру үшін өзіндік жұмысқа көп көңіл бөліп, оның ғылыми тұрғыда жасалуына мән беруіміз қажет. Енді жоғары оқу орынының студенттер орындайтын өзіндік жұмыстардың классификациясын қарастырайық. Өзіндік жұмыстар келесі белгілері бойынша жіктеледі: дидактикалық мақсаттарға сәйкес, студенттердің іс-әрекет формаларына, студенттердің іс-әрекеттерінің әдістері мен тәсілдеріне, тапсырманың түріне, жауап беру түріне, студенттердің іс-әрекетінің сипатына, орындалу орнына, өзіндік жұмыстың әдістеріне байланысты. Өзіндік жұмыстардың нақты жіктемелерін төмендегі 2-кестеден көруге болады.
TEXT
kaz
25,860
Аталған өзіндік жұмыстардың жіктемелері бір-бірімен тығыз байланысты болуы қажет жіне қажеттілігіне қарай студенттер әр түрлі белгілеріне байланысты өзіндік жұмыстарды орындаулары мүмкін. Өзіндік жұмыстардың белгілеріне қарай жіктемелерін ажыратып алғаннан кейін өзіндік жұмыстардың түрлерін қарастырайық. Жалпы педагогикада өзіндік жұмыстарды: оқу, ғылыми және әлеуметтік деп бөледі. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ, негізгісі оқу мақсатындағы студенттердің өзіндік жұмысы болып табылады. Студенттердің өзіндік жұмыстары келесі формалармен беріледі: дәріс, семинар, практикалық, лабораториялық сабақтар, экскурсиялар және оларға дайындық. Студенттер дәрістердің қысқаша мазмұнының конспектісін жазып, баяндама тезистерін әзірлеп, әдебиеттерді таңдай алулары қажет. Ал, ғылыми өзіндік жұмыстар кезінде студенттер кафедраның үйірмелеріне, ғылыми конференцияларға қатысады, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыстарды жазуды жатқызуға болады. Ғылыми өзіндік жұмыстардың тиімділігі:
TEXT
kaz
25,861
Білім берудің негізгі мақсаты студенттердің қазіргі жағдайында өз бетінше кәсіби өсуге қабілетті, біліктілігі жоғары, құзыретті мамандарды дайындау болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы педагогикалық жоғары орындарының түлектеріне да толық қатысты. Алған білімдерін бекіту үшін біз 5В 012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ӘПЖӨӨТ-41 тобында білім кесімін өткіздік. 20 студенттен құралған топ сынақтан өтті.
TEXT
kaz
25,862
Бұл кестеден анықтағанымыз, біріншіден, өздігінен білім алу сапасына студенттердің мотивациясын дамытудың деңгейі мен бағыттылығы айқындаушы әсер етеді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер өзін-өзі дамытудың жоғары деңгейіне тұрақты әлеуметтік және ішкі уәждер қалыптасқан: кәсіптік білім беру сапасын жақсарту қажеттігіне сену; өз білімін жетілдіру процесінде өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылу; әріптестерінен беделге ие болу және т. б. қол жеткізетінін көрсетеді.
TEXT
kaz
25,863
Өзіндік жұмыс - оқыту үдерісінің маңызды формасы болғаннан кейін, студенттердің зейінін мобильділік, жағдайды болжай алу қабілетіне және студенттердің өз еңбектерінің жағымды нәтижелерін көре алуға аударған жөн. Студенттер өзіндік жұмысты орындау арқылы әр түрлі деңгейдегі кәсіби міндеттерді орындауға қабілетті және дайын белсенді шығармашылық тұлға ретінде қалыптасады.
TEXT
kaz
25,864
Президенті – Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі кітабы жарыққа шықты. Тәуелсіз еліміздің жиырма алты жылдық тарихының келелі белестерін қамтыған сүбелі еңбек мемлекетіміздің мәртебелі тарихын алғаш рет фундаменталды үлгіде баяндаған туынды. қоғамына, оның ішінде тарихшылар мен зиялы қауымға тағылымды ой салған кітап – тәуелсіздік деген қасиетті ұғымға қатысты мақтанышымызды, оны қуаттандыруға бағытталған биік мақсатты іс-әрекеттерімізді бекіте түсетіні сөзсіз. кеңістігінде өзіндік орны бар қазақ халқының басты мұраты – баянды мемлекет құру және оны мәңгілік ету идеясын насихаттаған тарихымыз жазылған еңбек. Президентіміздің тұңғыш рет Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңа ғаламдық санаттағы ойтұжырымдар арнасында жазған кітабы болашақтың жарқын жолына түсудің формуласын түзген ғылыми туынды. Тарихи асқақ арманымызды жүзеге асырған, толыққанды ұлттық мемлекетті қалыптастырған қайталанбас Тұлға – Назарбаев **«**Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде мемлекет болып қалыптасу және өркендеп даму жолымызды кең пайымды көзқарастар жиынтығы негізінде аса дәйекті баяндаған. Тәуелсіз ел болып, әлемдік қауымдастықтан ойып тұрып орын алған мемлекет дәрежесіне көтерілген елдің тарихын Ұлт көшбасшысының өзі айшықтап жазып беруі қазақстандық қоғамның жасампаз рухын білдіртеді. Маңызы ерекше кітап беттерінде Қазақстанның дүниежүзілік масштабтағы мемлекеттік даму үдерісіміз, жасампаз тарихымыздың өрелі өрістері нақтылы қамтылған. Қоғамдық санаға қуатты серпіліс пен асқақ сенім әкелген құбылыстардың бар болмысын Назарбаев өзіне ғана тән стилмен аса әсерлі мағынада баяндап берген. Бұл кітап тарихи құбылысты дүниелерімізді объективті әрі тарихи шынайылықпен жазу әдіснамасына бағыттайды. Аса ұтымды берілген статистикалық мәліметтер мен материалдарды оқырманға жеткізудің тың әдістемесі түзілген құнды еңбек. Тәуелсіз ел тарихын болашақ зерттеушілерге әлемдік кеңістікте қабылданған әдіснамалық жиынтықты терең игеру арқылы беруге ұмтылдыратын жылнамалық шығарма. Бұл туындыны тарихын жалпыәлемдік өркениеттік үдерістер арнасында зерделеудің жаңа әдіснамалық түбірі тұжырымдалған ғылыми зерттеу деп қабылдаймыз. Тарихи бетбұрысты кітап, қазақстандықтардың қолдан тастамайтын асыл дүниесіне айналатыны сөзсіз. Оның тарихи себептері бар: мәселен, Англияның төрт томдық тарихын жазып шыққан. Азаттыққа ұмтылған Үнді елінің атақты саяси қайраткері «Әлемдік тарихқа көзқарас» атты еңбегінде Үндістанның мемлекеттік идеясын берген. негізін қалаған 1927 жылы II конгресінде отыз алты жарым сағат оқыған «Нұтұк (сөйлеу немесе жолдау)» деген баяндамасы түріктердің санасында төңкеріс жасады. Кейін тоғыз жүз беттік кітап болып шыққан. Оның нәтижесі жаңа – Түркия мемлекеті. Тарихты тұлғалар жасайды қағидасы – біздің Елбасыға да қатысты. Республикасының негізін қалаушы тұлға. Отан тарихының мемлекеттілігінің барлық кезеңдерін жетік білетін саяси қайраткер және терең тамырлы тарихи еңбектердің авторы. Ел тарихын Елбасының өзі бастап баяндауы, бүкіл қоғамдық санамызға орасан зор ой салды. Мемлекетімізді ренессанстық даму сатысына одан сайын өрлететіні сөзсіз. Біздің бірегей жетістіктеріміздің бәрі Елбасы есімімен біте астасып жатқаны тарихи шындық. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа туындысы құрылымы жағынан төрт бөлімнен түзілген. Тарихи-көзқарастық, тарихи-жылнамалық, тарихи-ақпараттық және тарихи-тезистік баяндаулар құдіреті айқын. Жалпыға ортақ тарихи-публистикалық жанрда жазылған тұжырымды туынды. Бөлімдердің мазмұндық құрылымы даму этаптарына сәйкестендірілген. Орасан зор стратегиялық маңызы еңбек авторының өзіндік қолтаңба ерекшеліктері мен басымдықтары әрбір бөлімде айқын аңғарылады. Мәселен, Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар) деп аталған бірінші бөлімінде тәуелсіздік бастауларының айшықты уақиғаларына ерекше акцент жасалған. Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар) деп аталған екінші бөлімде «Қазақстандық барыс», «Астана – бас қала», «Ортақ шаңырақ» және «Тәуелсіздік рухы» ұғымдарына асқақ мағына берілген. «Қазақстан – 2030» стратегиясы және Қазақстанның жаңа келбетіне тарихи ракурс жасалған. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының әлемде танылуы да ерекше сөйлетілген. Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар) деп аталған үшінші бөлімде бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына қосылу жолы, Астананың жасампаздық миссиясы, түбегейлі өзгерістер әкелген реформалар нәтижелері, еліміздің экономикалық өрлеуі, ұлттық моделіміздің қалыптасу тарихы, зияткерлік кеңістіктің көкжиегі және мемлекетіміздің бітімгерлік миссиясы айырықша баян етілген. Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыртылу (2010-шы жылдар) деп аталған төртінші бөлімде**:** Жаңа бағыт. «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Институционалды реформалар, Қазақстанның үшінші жаңғыртылуында авторлық қолтаңба мен көзқарас жойқын көрініс берген. Тәуелсіздік құндылығы, Жаңа қазақстандық патриотизм, тарихтың қоғамдық тұтастандырудағы рөлі де еңбекте басты орын алған. Бөлімдердің мазмұндық құрылымы даму этаптарына сәйкестендірілген. тұжырымы арнасында Қазақ хандығының 550-жылдығы аталып өтті. Мемлекет тарихының этникалық шеңберін айқындап берген айтулы құбылыс болды. Елбасының тікелей бастамасымен атқарылған Қазақ хандығының 550-жылдығы ұлт тарихын ардақтаудың жарқын үлгісін көрсетті. Біз тәуелсіздіктің арқасында ұлттық тарихымызды түгендедік. Елбасы кітабын оқығаннан кейін түйінделген ой-пікірлер мен тұжырымдар легі мынандай мағынада өрбіді. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Демократиялық принциптерді берік ұстанған негізін қаладық. Елбасының ерен жасампаздық идеялары нәтижесінде мемлекеттілігі қалыптасты. Еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына батыл қадаммен қосылды. Әлемнің дамыған елдерімен иық тірестіріп, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам бастық. Тілімізді, діліміз бен дінімізді қайта оралттық, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырттық. «Ұлт», «мемлекет»,«ел» деген қастерлі ұғымдардың жаңа мағынасына қанықтық. Біртұтас халық пен территория, жалпыұлттық мәдениет, ұлттық мінез және ұлттық сана деген қастерлі түсініктер жаңаша мазмұндалды. Қазақ халқын, оның жерінің тұтастығын, Қазақстан халықтарының бірлігі мен татулығын сақтап қалу тарихына барладық. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деген Елбасының нақыл сөзі ойымызды бекітіп береді. Жалпыұлттық ынтымақтастық үдерісіне, ұлтаралық келісімге және жалпыұлттық идеологияның нығаюына жағдай жасалды. Бұл біздің керемет тамаша жеңісіміз болды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын Елбасы негіздеп берген «» контексінде жаңғыртудамыз. Қазақ халқының және барша қазақстандықтардың тарихи тамырын рухани-мәдени аспектіде жаңғырту өзекті үдерісте. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бүкіл қоғамда отандық тарихқа деген тың серпіліс әкелді. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жаңа мемлекеттік тарих пен идеологияны түзуге атсалысты. «Идея – еркін, тәуелсіз демократиялық мемлекет болу» деген ұстанымды қазақстандық қағидаға айналдырған даму жолы мұраты – деп басты идеяны ұсынды. Оның мазмұнын Елбасы былай деп нақтылады: « болу – бұл санғасырлық ата-баба арманы болып қалмай, бүгінде ел тәуелсіздігінің арқасында жүзеге асып жатқан ұлан-ғайыр игілікті істер, жарқын болашақтың стратегиясы деп білемін... ». «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді **«»** етуді мұрат қылдық» *-* деп Елбасы айтқандай Жалпыұлттық идеяны – идеясын жүзеге асыруға кірістік. Қазақстандық идеологиялық айшықтар: «», «», «Қазақстандық жол» ұғымдарына қатысты қоғамда қалыптасқан ойларды тарихи теориялық тұрғыда молықтыру және мазмұнын көпшілікке жеткіз жолдарын зерделеу іске асырылуда. Елбасы ұсынған «Ұлт жоспары:100 нақты қадам» бағдарламасындағы өзекті мәселелер шешімін бірізділікке түсірді. «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қасиетті жеріміздегі материалдық құндылықтардың жаңа тізбесін жасауға негіз болды. Ұлттық туризм кластерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін факторын да ескердік. Астана келбеті – ұлт пен мемлекет келбеті. Астана – өршіл ұлттық рухтың символына айналды. Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі деген ой-ұғым әрбір қазақстандықтың санасында берік орын алды. Астананың төрінен төл тарихымыздың жарқын жолы, жасампаздық куәсінің бейнесіндей «Қазақ елі» және «» монументтерін ашылды. *Жаһандық «ЭКСПО*–2017» көрмесінің зор абыроймен өтуі Астанамыздың беделін одан ары асқақтатып, бүкіл әлем тамсанған әсем кешен салынды. Елордасы – Астананың жиырмажылдық тарихы аса бай және мазмұнды дүниелерге толы. Тәуелсіздігіміздің жиырма алты жылы ішінде жүз жылға бергісіз жолды еңсеріп үлгердік. Еліміздің бұл даму жолы – «Қазақстандық жол» деп аталды. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын уақытынан бұрын орындап, «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік. Үшінші индустриализацияның есігін айқара ашып жаңа әлемге ендік. Бұл бағыт жаңаша өркендеуге жол ашты. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделіне бастаған батыл қадамға айналуда. Қазақстан бүгінде әлемдік қоғамдастық үшін экономикалық-инвестициялық тұрғыдан қолайлы да тұрақты әрі сенімді серіктес елге айналды. «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деп Елбасы айшықтап берген стратегиялық ұстанымды жүзеге асыру барша қазақстандықтардың арманы және қазіргі уақыттағы жүзеге асыратын ең басты мақсаты. Әлемдік қауымдастықта өзіндік айырықша орны бар тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің даму тарихының жаңа кезеңі халқымыздың рухани санатта жаңғыруымен басталуының маңызы зор және оның тарихи сабақтастық аспектілері көпқырлы мазмұнмен астарланған. Елбасы айтқан стратегиялық мазмұндағы идеологиялық ұғымдарды халыққа жеткізу мен насихаттаудың тың жолдарын ұсыну бағытында ізденістер жасау бүгінгі заманның басты талабы деп қарастырамыз. Қазақстан өз тәуелсіздігінің жиырма алты жылдығында мемлекет ретінде қалыптасқан, әлем елдері қауымдастығынан, түрік дүниесінен өз орның нық алған, ел екендігін дәлелдеді. Президенті – Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының 2018 жылғы 18 қаңтарда өткен ұлттық конгресінің отырысында ғылыми тұрғысында талдануы отандық гуманитарлық білім-ғылым саласына зор міндеттер жүктеді. Тарихшылардың ұлттық конгресінің Елбасының жаңа кітабын конгресс отырысында ғылыми талдаудан өткізудегі мақсаты айқын болды. Рухани жаңғыру жолындағы қазақстандық қоғамды және толыққанды мемлекетті қалыптастырған – Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегін қоғамға жете таныстыру мен насихаттаудың тың жолдарын қарастыру басты мақсатымызды түзді. Осы мақсаттан туындаған мынандай міндеттер шешімін табуы керек деп бірауыздан ұйғарылды:
TEXT
kaz
25,865
Конгреске қатысушы қауымның Елбасының жаңа әрі тарихи нысаналы еңбегіне қатысты пікірлері бір арнаға тоғысты. Мемлекет болып қалыптасу және өркендеп даму жолымызды кең пайымды көзқарастар жиынтығы негізінде аса дәйекті баяндаған туынды біздің мақсатміндеттерімізді жүзеге асырудың басты теориялық және методолгиялық құралына айналуы заңды құбылыс болмақ. Бүгіндері дүниежүзі мойындап отырған «Қазақстан жолы» - ұлттық идеяның іске асуының жарқын көрінісі. жаңа кезеңдік тарихын жазудағы ұстанымдарды Елбасы еңбегіндегі тұжырымдармен байланыстыра қарастыру басты қағиданы түзді.
TEXT
kaz
25,866
. Осы жұмыста гетероқұрылымдарды немесе люминесценциялық кванттық шығуы жоғары болатын кванттық нүктелердi алу көзделдi. Бұл мақсатта коллоидты синтездiң жаңа әдiстемелерi талданды, синтез әдiстемелерiнiң қолжетiмдiгiн тексеру мақсатында терең апробация жасалды, нәтижелердiң қайталанды, көзделген спектр аймағында жарқырайтын кванттық нүктелердiң үлгiлерi алынды. CdSe/CdS кванттық нүктелерiнiң оптикалық қасиеттерi, синтез жағдайларының оның физикалық қасиеттерiне әсерi және күн элементтерiне сенсибилизация мүмкiндiгi зерттелдi. Түйiн сөздер: гетероқұрылымдар, коллоидты кванттық нүктелер, CdSe/CdS, люминесценция, күн элементтерi, пассивация, люминесценцияның кванттық шығуы.
TEXT
kaz
25,867
Сөздің көпмағыналылық қасиеті оның көптеген жұрнақтарды қабылдауына, басқа сөздермен бірігіп, тіркесіп немесе өзге сөз табына ауысу арқылы жаңа туынды сөздер жасау қабілетін де күшейтуге мүмкіндік береді. Бұндай қабілет ақ түбірінің бойында да бар.
TEXT
kaz
25,868
Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселелерін арнайы зерттеу жұмыстары 1996 жылдан бастап жүргізіле бастады. «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі» екі кітапша болып 1996 жылы баспадан шықты [2]. Осы жылдардан бастап, , , мақалалары шыға бастады. Бұл сөзжасамдық ұя мәселесіне ғылымдар тарапынан назар аударыла бастағанын көрсетеді. Сөзжасамның теориялық бірліктері де қазіргі кезде өз алдына жеке зерттеу нысанына айналды. Мысалы, кандидаттық диссертациясы сөзжасамдық ұялардың сатыларындағы туынды сөздерге (2001) [3], кандидаттық жұмысы [4] сөзжасамдық тізбек мәселесіне (2002), докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесіне (2002) [5], ғылыми жұмысы [6] етістікті сөзжасамдық ұяның семантикалық сипатына (2005) т.б. ғалымдардың еңбектері арналды. Кейінгі кезде сөз тіркестерінің туынды мағыналы сөз жасауға қатысы туралы мәселеге арналған ғылыми еңбектер жарық көрді. «Қазіргі қазақ тіліндегі дене мүше атаулары негізіндегі сөзжасамдық ұялардың сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер», (2001), «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер (бір буынды қимыл-қозғалыс салт етістіктері негізіндегі сөзжасамдық ұялар тұрғысынан)» (2002) атты диссертациялары ұя мәселесіндегі алғашқы арнайы зерттеулер болатын. Құрманәлиев орыс тіл білімінде ұя мәселесінен 20  қорғалған деген тілдік деректі салыстырудан қазақ тілінде сөзжасамдық ұя мәселесі әлі де зерттеуді қажет ететінін айтқан болатын. кандидаттық диссертациясы негізінен сөзжасамдық саты мәселесін зерттеуге арналған. Сөзжасамдық саты ұяның бір өзекті мәселесі ретінде зерттелген. Орыс тіл білімінде көлемді сөзжасамдық ұялар сөздігі бар. Қазір қазақ тілінде сөзжасамдық ұялардың толық сөздігі жоқ. 90 жылдары жарыққа шыққан сөзжасамдық ұяларға арналған сөздігінде синтетикалық тәсіл ғана қамтылған. Сондықтан мақаламызда қамтылған ғылыми мәліметтер мен тұжырым нәтижелері жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнін оқытуда дәріс, семинар сабақтарына қазақ тілінің сөзжасамдық ұялар сөздігін құрастыруда қосымша материал ретінде пайдалануға өз үлесін қосады деп ойлаймыз. «**ақ**» сөзінің мағынасы алғашқыда етістік, кейін конверсиялық жолмен бірте-бірте сын есімге, кейін зат есімге айналған деп, ақ сөзінің жасалу жолын семантикалық сөзжасамға жатқызады [7]. «Қазақ тілі сөзжасамы» оқу құралында ақ сөзінің семантикалық дамуы нәтижесінде пайда болған ақбурыл, ақпейіл, ақбақай, ақжарқын, ақжүрек, ақжелең, ақкөбік, ақөлең, ақсауыт, ақсорпа, ақ шаш туынды атаулары берілген [8, 106]. Қасымның «Күрделі зат есімдер сөздігінен» [9] және «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» [10] ақ түбірінің қатысуымен жасалған 211 туынды сөз жинақталды. Бұл ретте лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған екіншілік мағынадағы туынды сөздер де есепке алынды. Ұя құрылымы өте күрделі, көлемді. Сөзжасамдық ұя құрылымына талдау жасайтын болсақ, бұнда 15-і синтетикалық тәсіл арқылы, 21-і лексика-семантикалық тәсіл арқылы, 175-сі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. 202 сөзжасамдық жұп, 174 сөзжасамдық тізбек, 3 сөзжасамдық тарам, 6 сөзжасамдық саты бар. Бірінші сатыда 180 туынды сөз, екінші сатыда 12 туынды сөз, үшінші сатыда 3 туынды сөз, төртінші сатыда 3 туынды сөз, бесінші сатыда 1, алтыншы сатыда 1 туынды сөз жасалған. Бұдан шығатын қорытынды: ең көп туынды сөз бірінші және екінші сатыларда орналасқан, ал үшінші мен төртінші, бесінші мен алтыншы сатыларда туынды сөздер саны тең болып келеді. Демек, түп негізден алыстаған сайын сатылардағы туынды сөздер саны да сирей бастағанын көреміз. Сонымен қатар бұл сөзжасамдық ұяда аналитикалық тәсілдің сөзбірігім жолы арқылы жасалған туынды сөздер өте көп кездеседі.
TEXT
kaz
25,869
ақсыз ақ орда ағырақ (әп) пақ, аппақ ақшыл ақшылт ақшылтым ақауыз (ауру, жара) ақайрауық (өсім.) ақбайпақ І (өсім.), ақбайпақ ІІ (індет, ауру) ақбайтал (күртік қар) ақбақай (өсім.) ақбалық (балық) ақбанды (көне.; белогвардейцы) ақбас (1.түйе ауруы, 2.өсім.) ақбасқурай (өсім.) ақбасшалғын (өсім.) ақбасшөп (өсім.) ақбаспалау (өсім.) ақбаттауық (өсім.) ақбауыр (құс) ақберен (көне.; сауыт) ақбидай (астық) ақбикеш (ақталған тары) ақбүйрек (өсім.) ақбоз сын. ақбозат (астр.) ақбөкен (аң) ақбілек (өсім.) ақбурыл ақгүл (өсім.) ақдабы (мата) ақдәрі (өсім.) ақжайма (простыня) ақжал (өсім.) ақжалбыз (өсім.) ақжарқын ақжаулық (1. әйелдің бас киімі; 2. әйел, зайып) ақжапырақ (өсім.) ақжелең (халық әуені) ақжелек (өсім.) ақжелкек (өсім.) ақжелкен (өсім.) ақжем І (өсім.), ақжем ІІ (1. қыран құсқа беретін ет; 2. су сорып, терінің үлбіреп қалуы; 3. тозған) ақжол І (топырақ), ақжол ІІ (ырым, ұран), ақжолтай (жолы болғыш; удача) ақжуа (өсім.) ақжусан (өсім.) ақжұпар І (өсім.), ақжұпар ІІ (өсім.) ақжүгері (өсім.) ақжүзген (өсім.) ақжүзім (өсім.) ақжүрек (өсім.) ақизен (өсім.) ақиық (қыран, құс) ақкекіре (балық) ақкелін (өсім.) ақкөбе (тар.; сауыт киім) ақкөбелек (жәндік) ақкөбең (өсім.; бидай) ақкөбік ақкөз (балық) ақкіріш (тас) ақкіс (аң) аққайнар (шарап) аққайран (балық) аққайың (өсім.) аққақпақ (өсім.) аққала (ойын) аққалақ (аң) аққанат (өсім.) аққаңбақ (өсім.) аққаптал І (балық, кит), аққаптал ІІ (жауырдан кейін шығатын ақ жүн), аққаптал ІІІ (індет, ауру) аққараған (өсім.) аққарқара (құс) аққас (түшкіргенде айтылатын сөз) аққасқа (миф.; айту) аққатпа І (өсім.), аққатпа ІІ (қой ауруы) аққияқ (өсім.) аққой (өсім.) аққонақ (өсім.) аққоңырбас (өсім.) аққорғасын (өсім.) аққоян (аң) (астр.; шоқ жұлдыз), аққу ІІ (құс) аққугүл (өсім.) аққуоты (өсім.) аққурай (өсім.) аққұйрық (құс) аққұлақ І (аң), аққұлақ ІІ (аң және қой, ешкі ауруы), аққұлақ ІІІ (өсім.) аққылтан (өсім.) аққылтық (өсім.) аққұман (ыдыс) аққұр (құс) аққұрт (ауру) аққұс (у тас) аққұтан (құс) аққылтақ (бидай) аққырау (иней) ақләйлек (құс) ақмай (мақта майы) ақмамық (өсім.) ақмарал (аң) ақмаржан (күріш) ақмарқа (балық) ақмия (өсім.) ақмұрт І (жерг.; сөктары), ақмұрт ІІ (жерг.; ұлтан) ақнабат (қауын), ақнауат (үлкен сары қауын) ақпейіл ақөлең (өсім.) ақсақал (1.қария; 2. ел билеген рубасы) ақсаңырауқұлақ (өсім.) ақсарағат (көне) ақсарбас (миф.; ырым) ақсары І (жыртқыш құс), ақсары ІІ (өсім.) ақсарыгүл (өсім.) ақсарымсақ (өсім.) ақсасыр (өсім.) ақсауыт ақсәуле (өсім.) ақсексеуіл (өсім.) ақселеу (өсім.) ақсерек (ұлт.; ойын) ақсерке (балық) ақсирақ (малдың жұтап қырылуы) ақсора (бұта), ақсу (шай) ақсорпа ақсусар (аң) ақсұңқар (экспр.; қыран құс) ақсүйек І (ойын), ақсүйек ІІ (өсім.), ақсүйек ІІІ (тек, бекзада) ақсүйрік (өсім.) ақсүмбе (көне. мұнара) ақсырттан (өсім.) ақтабан (жұт) ақтамақгүл (өсім.) ақтамыр (өсім.) ақтаңдақ (тері ауруы), ақтаңдақтар (саяси термин) ақтас І (түйме), ақтас ІІ (жерг.; әк) ақтаспа І (өсім.), ақтаспа ІІ (құрт) ақтаяқ І (көне.; хан мен патшаның атарман-шабарманы), ақтаяқ ІІ (кәсіби, мұрап) ақтерек (ағаш) ақтиін (терісі бағалы тышқан) ақтоқал (өсім.) ақтон (бидай қабығы) ақтопалаң (індет) ақторта (балық) ақтұйғын (құс) ақтұмсық (құс) ақтұнба ақтұнжыр (құс, қаршыға) ақтұт (жәндік) ақтүйебас (ойын) ақтүйнек (картоп) ақтүлкі (аң) ақтүтек (пурга) ақтышқақ (ауру) ақтышқан (аң) ақтікен (өсім.) ақтілеу (ізгі көңіл қалауы) ақуыз ақұнтақ (қызылша өсімдігінің ауруы) ақұрық (қауын) ақүрпек І (балық), ақүрпек ІІ (өсім.) ақшабақ (балық) ақшагүл (өсім.) ақшағала (құс) ақшайыр (өсім.) Ақшақар (снегурочка) ақшам (1. іңір; 2. намаз) ақшамсоқыр (ауру) ақшаңқан (өсім.) ақшатыр (өсім.) ақшатау (өсім.) ақ шаш ақшелек (мал ауруы) ақшеңгел (өсім.) ақшешек І (ауру), ақшешек ІІ (өсім.) ақши (өсім.) ақшоқан (өсім.) ақшолақ (тышқан) ақшом (көне. керуен ақшомшы (көне. керуенші) ақшөп (өсім.) ақшуақ (бұта) ақшұнақ І (1. су өсім.; 2. боран), ақшұнақ ІІ (тышқан), ақшытыр (өсім.) ақшілік (өсім.) ақшірік (өсім. кеселі) ақамур ақбұзаубас ақсырғақ сын. (суық күзде тоңазыған жердің жүруге тайғанақ болуы)
TEXT
kaz
25,870
Абайдың қазақ руханиятын әлемдік деңгейге көтере алған қуаттылығы жөнінде : «Жаратушымыз қазаққа Бақ берді. Ол бақ – Абай! Абай – хакім! Ол – әлемдік тұлға, адамзатқа ортақ қазына», – деп жазған сөздерін басшылыққа аламыз [2]. Абайдың баға жетпес мұралары ХХ ғасырдың басынан бері тіл, әдебиеттану, философия, тарих, психология, әлеуметтану т.б. қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласында зерттеліп келеді. Олардың көшбасында , , , , , , , т.б. көптеген ғалымдар тізімін үзбей жалғастыруға болады. Абайтану мәселесіне шетелдік ғалымдар да үлкен қызығушылықтарын білдіріп, оның шығармаларын өз тілдеріне аударуда. Ақынның өмірі мен шығармашылығын терең зерттеуге кірісуде. Мәселен, Абайдың шығармаларын әлемге танытуға орасан үлес қосып жүргендер қатарында Азияның тарихи мәдениеті бағдарламасының директоры, Азия, Еуропа және этнографиясының директоры (АҚШ), Азия мәдениетін зерттеуші, этномузыкант (АҚШ), аудармашы, әрі әдеби сыншы (Германия), түркітанушы ғалым, абайтанушы (Франция), аудармашы, ғалым (Италия), аудармашы, әрі Абай шығармаларын насихаттаушы (Хабай) (Қытай) ерекше атап өту керек. Бұл аталған ғалымдар мен зерттеушілер Абай шығармашылығы арқылы қазақ халқының рухани болмысы, салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытуда зор еңбек атқарып келеді. «Абай» және «мәдениет» деген ұғымдардың өзара байланыстылығын сақтай отырып, әлем мәдениетіне кірігуіне әсер еткен факторлар туралы қарастырудың маңызды екендігі анықталды. Ұлылықтың дәрежесіне жетіп туған Абай өз дүниетаным аясында тек қазақ дүниетанымы мен салт-дәстүрінің деңгейінде шектеліп қалмай, әлемдік мәдениет жүйесіне, әлемдік білімілімге, рухани болмысқа бара алуына қандай идеялар түрткі болды деген сауал да қызықтыратынын атап кету керек. Абайтанушы ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың айтуынша, шығармашылығы қалыптасуына, өсуіне, жетілуіне үш мәдениет негіз болған. Олардың біріншісі – қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы баспасы жоқтығына қарамастан, халық жадында, санасында сақтап келген рухани мәдениеті (ғажайып ертегілер, лирикалық және қаһармандық эпостар, әдет-ғұрыптар туралы жырлар, шешендік сөздер, халық композиторлары мен ақындарының, сал-серілерінің, т.б. мұралары); екіншісі – Шығыс халықтарының, әсіресе, араб, парсы, түрік тілдес - әзірбайжан, өзбек, қырғыз, татар, т.б. елдеріндегі дана-ақындардың Абай шығармашылығындағы орны; үшіншісі – орыс халқының және сол арқылы Еуропа мәдениетінің Абай арқылы кірігуі. Бәрімізге белгілі Абайдың негізгі қарастырған, суреттеген нысаны – адам, яғни толық адам деңгейіндегі тұлға. Сол тұлғаның эстетикалық, этикалық талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ғұлама-ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде адам мәселесін үлкен ауқымда, яғни қоғамдық, руханилық, құндылық тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын адамгершілік, әдептілік тұрғыда қарай отырып, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, «толық адам» кейпінде алға тартады. Біріншісі, Абай өлеңдері – философиялық, күрескерлік қасиетке бай. Ол, ең алдымен, қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» – Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Осы шығармаларынан Абайдың поэма жанрындағы шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. «Абай поэмаларының ішіндегі ең үздігі – «Ескендір», …ақын бүкіл шығыс әдебиетінде талай классиктер жырлаған (б.ж.с.) жайын өзінше баян етеді», – дейді [3]. «Ескендір» шығармасының ерекшелігі туралы: «Мұның өзі онша көлемді де, күрделі де поэма емес: сюжеті шағын, оқиғасы аз, бәрі бір кішкене ғана арнаның бойында жатыр; оқиғаға қатысатын негізгі (аты мәлім) кейіпкерлер екеу-ақ», - деп анықтайды [4]. Қабдолов, поэмаға арқау болған шындықтың сол кездің тұрмыс-тіршілігінен туған іргелі мәселенің өзі емес, бір ғана бұтағы тәрізді екенін байқаған. «Ескендір» поэмасынан үзінді алып қарастырайық: өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынайды. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік пен даналықты соған қарсы қояды. ақылы мол, Лақтырған сүйекті алады сол. Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте, Көзіңе көрсетейін, хабардар бол». Бұл – адам көз сүйегі, – деді ханға. Тоя ма адам көзі мың мен санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда. Адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді. Өйткені, сөз жоқ, ¬донский сияқты қаһар қолбасшыға жөн айту, ашу үстінде артық кеткенін көрсетіп, ақылға бастау үшін, кемінде, Аристотельдей данышпан ғана керек. Басқа біреу айтты десе немесе «бір данышпан» айтты десе де, «мақтансүйгіш» адамның бетін қайыруы нанымсыз болар еді. Көркем шығармаға қойылатын талаптарды Абай түгендеп, композициясын толықтырып, нанымды арнада өрбітеді [5]. Ақылы мол жолдасының даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын бағындыртып, жауыздықты әділетке жеңгізеді. Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Ал «Масғұт» поэмасы адам болмысы, қандай күрделі мәселелер кезіксе де, адамдық шешім табу, адамгершілік канондарынан таймау туралы танымдық, тағылымдық ой, мазмұнға толы. Поэмада: Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт..., - деп Жаратушы атымен басталатын әрі қарай да бірнеше рет Алла есімімен жалғасын табатын еңбегінен иманды да адал, ақылды кейіпкеріміз Масғұттың адами келбеті мен болмысына оқырманы тәнті болады. Тоналып жатқан бір байғұс шалға көмектескен Масғұт, сол шалдың ризашылығына кенеліп, шал оны үйіне шақырып, өзінің бау-бақшасынан үш түрлі жемісті ұсынады. Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары, ... Ақыл- Байлық – Сені әйел сүйер ..., - деп сипаттарын да таныстырады. кездесетін қария – мұсылмандардың діни аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр деп аталады. Масғұт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды да, рухани бай кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның қызметшісі болған делінеді. Осы шығармада да дана Абайдың адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізіп, қашан да адами құндылықтар биік тұратындығын дәлелдеген. Келесі «Әзім әңгімесі» атты бітпей қалған поэмадағы шығарма оқиғасы «Мың бір түн» ертегісіндегі сюжетке құрылған. Ақын оны: Өлең қып сол сөзімді айтқым келген... , деп анықтама беріп көрсетеді. Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады. Әзім - басты кейіпкер, Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдар ашқан ғылыми жаңалықтарды өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөй шал – солардың бірі. Оны байлықпен ауыратын адам ретінде сипаттайды. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған жылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады. Әзім өзінің жастығы, аңқаулығы, тәжірибесіздігінің кесірінен құлқынның құлы болған қу шалдың баю жолындағы құрбандығы болады. Поэманың аяғында ол қандай адам болатынын белгісіз, бірақ әзірге Әзімнің дініне берік, жүректілігінен басқа қасиеті байқалмайды. Поэма бітпей қалса да, оны әлі де жан-жақты зерттей түсуді керек ететінін ғалымдар да атап көрсетеді. Абайдың өлеңдері, поэмалары, қара сөздері (Ғақлият) (осы арада «Қара сөздерге» «Ғақлият» деген екінші атау берейік деген ұсынысын қолдайтынымды айта кеткім келеді) [6] - ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсетеді. Абай ешқашан өз бетімен білім алып, кітап оқудан қол үзбейді, бос уақытында төл мәдениетінен бастап, араб, парсы, шағатай тілдері арқылы шығыс мәдениетін, кейін орыс тілін үйреніп, орыс мәдениетін, орыс тілі арқылы батыс мәдениетін меңгере бастайды. Шығыс әдебиетінің алыптары Рудаки, Фирдоуси, Низами, Саади, Хафиз, Хайям, Руми, Физули, Науаи, т.б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, кәрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған» деген тұжырымы болашақ ғұлама-ақынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. Абай киелі мәдениет пен әдебиет әлеміне жетелеген ұлағаты мол жолының, ұлы сапарының басында: Физули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди, Фирдауси, - бу һәммәси Мәдәт бер я шағири фәрияд - деп шығыстың жеті шайырынан бата сұрайды. Бұл – қазақ мәдениетінен қанғанша суарылып өскен таза бәйтеректің болмысын танытады. Абай тізімінде басталатын Физулидің шығармашылығы түркі әдебиеті үшін ғана емес, күллі әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан. өз заманының беделді сопысы болған. Рухани тәжірибесі өте биік, сопылық поэзияның белді өкілі болған. – әдеби мұрасы өте бай, өз өлеңін енді парсы тілінде емес, бірнеше рет қыпшақ тілінде жазуға тұңғыш бекінген данышпан. Сағди – әйгілі «Гүлстанның» авторы, оның ғажайып жырлары мен атағы тірі кезінде-ақ шығыс әлеміне тегіс тарағаны белгілі. Адамзат тарихында Фирдоуси әлемдік әдебиет қазынасына алтыннан бағалы «Шахнамені» сыйлаған ақын еді. Ал парсының ұлы ақыны сол кездердегі айтыстарда бүкіл парсы елінен тең келетін ақын табылмаған деседі. Міне, өзін-өзі тануда және терең ой, терең ғылым іздеудегі даналық жолында шығыстың осындай ойшыл-ақындарының еңбектерімен сусындап, баға жетпес рухани азық алған. Абайдың мәдениет мұхитына ендеген келесі сатысы – орыс халқының мәдениетімен танысуы еді және сол арқылы Европа мәдениетіне шыққан болатын. Осы тұста мәдениетімен, атап айтқанда, грек халқының біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген ұлы философы Сократ еңбектерімен қалай таныс болғаны туралы тоқталып кетейік. Көптеген зерттеушілер , Платон, Аристотель еңбектерімен таныстығын атап көрсетеді. Бұл үш философтың есімі, олардың данышпандық келбетімен Абай шығармаларында кездеседі. Мысалы, Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» « сөзі» деп те аталады. Жоғарыда аталған «Ескендір» поэмасында «ақылы мол» бүкіл грек ішінен «дара шыққан» Аристотельдің образы суреттелетіні тағы белгілі. Түптеп келгенде, Сократ, Платон, Аристотельдің философиялары тек әлемдік философияны ғана емес, тұтас адамзаттық мәдениетті де орап жатады. Осы данышпандардың ізін басқан Абай да сондықтан «Адам баласын сүй, адам баласы – бауырың» деген биік дәрежеге көтеріле алғаны анық. Сократ, Платон, Аристотель, Абай айтқан адамгершілік нормалары – адамзат қоғамын, адами мәдениеттің құрайтын, қорғайтын, сақтайтын, киіз үйдің алтын баулары сияқты, мәдениеттің алтын тіні болып табылады. – әлемдік мәдениеттің негізін қалаушылардың қатарында есімі аталуы тиіс тұлға. Абайдың грек философының кейбір пікірлерін қабылдап, ал кейбір пікірлеріне сын көзбен қарағанда, Сократ пен Абайдың, әсіресе, дін, моральдық, адамгершілік жайындағы ойларымен келіскен де, қарама-қайшы пікірлер де айтқан кездері болған. Абайдың «Жиырма жетінші сөзінің» қосымша такырыбы – « сөзі». Бұл ғақлият неліктен «Сократ сөзі» деп аталады? Осы сұрақтарға жауап Ленин мемлекеттік кітапханадан Ксенофонттың еңбектерінен табылған. Сократтың тірі кезінде де біздің Абай сияқты шығармалары басылмаған, қолжазба сақталмаған. Ол кезде философиялық ойлар өзара әңгіме, диалог ретінде жүргізілген. Біздің заманымызға Сократ шығармалары Платонның «Диалогтары», Ксенофонттың «Естеліктері» арқылы жеткен. , Платонның естеліктері, Сократтың шығармасы ретінде саналады. Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» мен Ксенофонттың «Воспоминание о Сократе» шығармасын салыстыра келіп, екі кемеңгердің бір-бірімен ұқсастығын, ұштастығын көруге болады. шығармаларымен, оның философия, дін, этика салаларындағы пікірлерімен қашан және кімдер арқылы танысқан? деген сұраққа жауап беру үшін, Абай өмірбаянының 1870-1880 жылдарды еске алу керек. Бұл кездер Абай орысша жақсы үйреніп, жақсы түсінетін, сондықтан Семейде қыс айларында ұзақ уақыт жатып, кітапханадан шықпайтын. кітапханасынан Петербургтен сол жылдары айдалып келген (1841-1913 жж.) танысады. Басында жай кездесіп жүріп, артынан достасып кетеді. Михаэлис арқылы осы кезеңде айдалып келген (1857-1922 жж.) танысып, кейін онымен де достасып кетеді, олар да Абайдың аулына барып тұрады. «Сократ туралы естеліктерімен» осы екі кісі арқылы да таныс болуы әбден мүмкін. Сол жылдары екеуі Семейге айдауға келгенде Сократ туралы естелік орыс тілінде баспадан жаңа ғана – Киевте 1876 жылы, Петербургте 1878 жылы шыққан екен. Сократ пен Абайдың өмір жолдарында көп ұқсастық бар. Мысалы, Сократ өз кезінде грек халқының, грек жастарының арасында жаңаша тәрбие жүргізіп, қоғам өміріне адамгершілік тұрғыдан қарауды үйретпек болған [7]. Сократ пен Абайдың географиялық ортасы да, әлеуметтік ортасы да, өмір сүрген уақыт мерзімі де бір-бірінен алшақ, бір-біріне ұқсамайды. Осындай алыс кеңістік және уақыт айырмашылықтарына қарамастан, екі ойшылдың пікірлерін салыстыруда, олардың арасында көптеген ұқсастықтар, сонымен бірге, бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әрқайсысының тек өзіне ғана тән көзқарасы бар екенін тануға болады. Сирек кездесетін деректерге сүйенсек, жоғарыда атап өткендей, Абайдың орыс достары ағартушылық жағынан, яғни Еуропа ғалымдарының кітаптарын орыс тілінде оқу арқылы оның дүниетанымын кеңейтуге үлес қосса, соның қайтарымы ретінде Абай өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын, философиясы мен дінін терең түсінуге көмектесті. Абайдың кітапханамен тығыз байланысын Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американдық журналист естелігінен байқауға болады. Абай туралы Леонтьев оған экономика, саясат және құқық бойынша еңбектерге қызығушылық танытқаны туралы айтып берді. Кеннан өзінің «Сибирь и связь» атты кітабында Семей кітапханасын: «Қарапайым …. , Бокль, Лъюис, Милль, Тэн, Леббок, Гексли, Дарвин, Лайель, Тиндаль, Уэллес және сэр шығармаларын, Скотт, Диккенс, Мариэт, , -Дональд, Эккерман-Щатриан, және романдары мен повестерін көріп қатты таңқалдым. Әсіресе, ғылыми шығармалар мол, оның көбісі саяси экономия жөніндегі шығармалар екен», - деп таңданыс білдіре сипаттаған [8]. Осылайша, деректерден Семей кітапханасы Абай үшін әлем руханиятына жол ашқан үлкен білім ордасы болғанын сеніммен айта аламыз. Абайдың қазақ мәдениетінің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жаңа сападағы деңгейге өсуінде тіренетін Темірқазығы, сүйенетін ақылманы болған жолының бір қырын қарастыра келе, ойымызды келесі түйіндеулермен жинақтағымыз келеді.
TEXT
kaz
25,871
ХХ ғасырдағы рухани саладағы жетістіктерді танып-білу заманауи ғылымның өрлеуіне бағыт-бағдар береді. Аталған кезеңдегі ұлттық ұстаным білім, мәдениет, өнер, саясат, ғылым, экономикада көрініс тапты. Оның құнды тұстарын бүгінгі заманда ескеріп, қолданысқа енгізу міндеті алда тұр. Бұл ретте алаштың ардақты тұлғасы еңбектері мен өнегелі қызметінің тағылымы мол. Оның қазақ баспасөзінде жарияланған мақалаларында ұлт тағдырына қатысты өзекті мәселелер қозғалады. Жан-жақты дарынды тұлға публицисттік, әдебиет сыншысы, педагогтік, қайраткерлік, әдебиетші және ақындық қырларымен ерекшеленеді. ұлт зиялыларымен бірге рухани салада атқарған қызметі тарихтан өз бағасын алды.
TEXT
kaz
25,872
Қожанұлының туған жері, білімі, қызметі туралы ** зерттеуінде былайша баяндалады: «*Ол 1894 жылы қыркүйектің 10-ында облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе деген жерде, орта дәулетті отбасында дүниеге келген. Үкіметтің талаптарынан үріксе де, балаларын орысша оқытып, шоқыншақ етуден шошынған атқамінер ағайындарының қолқа салуымен қоңыртөбел шаруа Қо-* *жан қой соңында жүрген үлкен ұлы қаласындағы төрт жылдық орыс-түзем мектебіне тапсырады. Бастапқыда бір ауыз орысша білмейтін бала табиғи зеректігі мен зердесінің арқасында тез арада-ақ қара танып, қиындығы көп оқуға көндігіп кетеді. Алғашқы тәлім-тәрбие ордасын абыройлы тәмамдаған соң, ол үш сыныфтық қалалық училищеге түседі»* [1, 6-7 б.]. Қайраткер қоғамдық жұмыстарға араласып, пікірін ашық білдіріп отырған. Алғашқы редакторлық қызметі «Бірлік туы» газетінен басталады. 1920-1924 жылдары Ташкентте түрлі ағартушылық, саясат салаларындағы қызметтерді атқарды. Бұл жылдары ол «Ақжолға» бас редакторы болады. Елшілдік қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қалам қайраткері , , , , , сынды ел зиялыларымен бірге ағарту, білім беру, ғылым, баспасөз, әдебиетті дамыту мен өркендету жолында бар күшін сарп етеді. Ұлт қайраткерінің мансабы өрлеген топырақ – Ташкент жері. «*Сұлтабектің қоғамдық-саяси жұмысқа бел шеше ден қоюы – Ташкенттегі мұғалімдер семинариясында жүрген кезінен-ақ басталғанын тарихи деректердің өзі куәландырып отыр. жанынан 1915 жылы-ақ ұйымдасқан «Кеңес» атты құпия ұйымның белді мүшелерінің бірі – Сұлтанбек еді*» [2, 22 б.]. Жастайынан зеректігі мен алғырлығының арқасында ол жас талапкер кезінен-ақ қоғамдық жұмыстарға араласа бастаса керек. Деректер бойынша 1918 жылы қайраткер Ташкентке қайта оралады. «*Ұстаз – революционер қай кезде де бір жұмыспен шектеліп қалмайтын-ды. Оны ұстаздың қызметімен қоса ұйымдастыру жұмыстары өзіне тартатын да тұратын. Ташкентте жүрген шағында сол қалпынан айнымады. Сабақтан қолы қалт еткенде анда-санда барып, өз ойларын айтып, партия, кеңес қызметкерлерімен пікір алмасып жүрді. алғашқы институтты (КИНО) ашып, оның іргетасын қаласуға Сұлтанбек зор үлес қосты. Осында ең алғаш үш жүзден аса мұғалім кадрлары даярланып шықты. дәріс берді*» [2, 27б.].
TEXT
kaz
25,873
Білім саласындағы міндеттерді «Шолпан» журналының 1923 жылғы 4-5 нөмірлерінде жарық көрген «Қазақ-қырғыз арасында халық ағарту жұмысы» мақаласында жазады. Ағартушы мектеп мен тәрбие ісіне келгенде, сол халықтың тұрмысын, мәдениетін, шаруашылығын, тіршілігін ескеру қажет екенін айтады. Білім берудің бір үлгісін таңдап халық арасында «міне осындай бол» деп айта салуға болмайды деп ескертеді автор. Бұл іске қайраткер тұлға аса ыждаһаттылықпен кірісуге үндейді. Салиқалы азамат білім берудің ұлттық жүйесін құру мәселесіне тоқталады. Ұлт мектептерін құру жөнінде былайша пікір білдіреді: « колонизаторлық боқтығынан тазаланып, шын еңбек үстемдігі орнаған, кеңестер мемлекеті болуы, әр ұлттың мәдениет жүзінде теңдікке болуына, ұлт мектептері тең жасалуына байланысқан, бір жұрттың жұрт болып сақталуы, жұртшылығын сақтай алуы, ана тіліне ие болып, ұлт мәдениеті арқылы, ұлттар теңдігіне, ұлттар бірлігіне жетуді ұлт мектептеріне байланысқан. Сондықтан, қырғыз-қазақ халқының жалпы қара бұқарасына, ең керекті ұлт мектебі» [4, 266 б.]. Бұнда автор халықтың ана тілінде білім алуы міндетті екенін ескертіп айтады. Қайраткер қозғаған өзекті мәселелер бүгінгі таңда да өз маңызын жоймай келе жатыр. Тығырықтан шығудың жолы ретінде алаш қайраткері бастауыш буыннан балаға тәрбие мен білім ана тілінде берілуі тиіс деп тұжырымдайды. Оқу, білім саласындағы мұғалімдер рөліне үлкен мән берген. «Ақжолдың» бетінде шыққан «Оқытушыларды ескеру керек» деген мақаласында ұлтты тәрбиелеп өсіретін басты тұлға – педагог екенін жаза отырып, олардың жағдайын жасауға үкімет тарапынан қолдау керектігі жөнінде баян етеді. Сонымен қатар мақалада Грузия, Армения елдеріндегі ұзтаздың биік мертебесін үлгі ретінде мысалға келтіреді. – ұлттың ардақты ағартушысы, қайраткер ұстаз. Ол өз заманында алаш жұртының ғылым-білімге, өнерге, мәдениетке деген мұқтаждығын жақсы түсініп, сол жолда өнімді жұмыстар атқарды. Қайраткердің рухани мұрасынан қазіргі қоғамға қажетті мағыналы ойлар молынан ұшырасады. Сөз өнерін зерттеуші «Сұлтанбек сыры» мақаласында қайраткердің адамгершілік келбетіне тоқталады. Ғалым алаштың айтулы азаматының көркем мінезін сипаттауда естеліктерін басшылыққа алады. Бұл бойынша Сұлтанбек «әрі оңшыл», «ұлтшыл», «әрі көпшіл» адам болғаны жайында айтады. Осы тұста әдебиетші оңшылдықты Кеңес мүддесі қарсы күрескен оңшылдық емес, партия ішіндегі оңшылдық деп түсіндіреді. Сол себептен оның рухы, ниеті мен тілегі , , , сында алаш арыстарына жақын болғанын растап өтеді мақала авторы. Бұған қоса мақалада алашшыл ұлт зиялыларына іш тартқанын, оның қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырап Ташкент жеріне қолдау іздеп барғанда көмек көрсетіп, баспасөзге тартқаны, рухани салаға оралуларына үлкен жәрдем бергенін сөз етеді. Қайраткердің шығармашылық таланты туралы сөз еткенде, оның қазақтың алғашқы окулықтарының бірінің авторы екенін айтқан орынды. Ғалым ** ол жайында зерттеу мақаласында ойымен бөліседі: «*Ол алғашқылардың бірі болып «Есеп тану құралы» (1924) атты оқулық кітабын жазды, онысы баспа жүзінде жарық көрді. Оқулық жас шәкірттерге қосу, алу, көбейту, бөлу секілді амалдарды үйретудің тәсілдерін, арифметиканың басқа да қыр-сырларын аша түседі. Біздің ойымызша бұл еңбегін қайтадан басып шығару қажет*» [3, 167 б.]. Бұл деректерден алаш қайраткерінің еңбегі ғылыми бағытта жазылған құнды мұраның бірі ретінде бағалы деген қорытындыға келеміз. «Ақжолдың» алғашқы редакторы, жауапты шығарушысы – . Ол газеттің басышысы ретінде қызмет атқара отырып, газеттің нөмірлерін қадағалаумен қатар, басылымға қызметкер табу мен қаржылық мәселелермен де айналысты. Кемеңгер редактор басылым ұстанымын ұлттық бағытта жүргізді. Газетте қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына, мәдениетіне қатысты маңызды мақалалар жиі басылды. Деректерге сүйенсек «Ақжолдың» бағыт-бағдары «Қазақ» газетінің елшілдік жолына негізделді. Зерттеушілердің пікірінше, «Ақ жол» газеті «Қазақ» көтерген алаштық идеяның жығылған туын іліп, биікке самғатты. Газеттің басылып, халыққа кең тараған уақытында жоғары жақтан тырнақ астынан кір іздеушілердің табылған. Әсіресе «ақ» сөзіне қатысты күмәндарын білдірген. Сол кезде қайсар мінезді газетке жауапты тұлға ретінде былайша жауап берген: «*Қазақ тілінде* *«ақ жол» деген сөздегі «ақ»-та білгіштер күстаналағандай жаман саяси мағанасы жоқ. «Ақ бата», «ақ көңіл», «ақ сөз», «ақ жол» һәм басқа осыларға ұқсаған сөздер һәм басқа осыларға ұқсаған сөздер һәм бұл сөздердегі «ақ» дегеннің мәнісі «тіл білгіш түрктердің» түсінуінен басқа екені анық білінді. Құр «біліп қана қоймаған». Тура сөйлеп жүрген, туған тілінің мәнін біліп, жүрегі сезетін қазақ жұрты ол сөздерді естігенде, көз алдына бір түрлі шындық, тазалық, қулық-сұмдықсыз жақсылықтың ең болып жеткен идеалы келіп тұрады*» [5, 16 б.]. Көсемсөз шеберінің дәл, дөп берген жауабы осы болды. «Ақ» сөзі қазақ ұғымында жақсылық, адалдық, ізгілік, сұлулықты білдіреді. Ұлттың жаны мен болмысын терең түсінетін қайраткердің дәлелді пікірі нақты әрі көкейге қонымды. Сол кезеңдегі басылымдардағы сияқты «Ақ жол» газетінің де «ішкі хабарлар», «сыртқы хабарлар», және «ресми» деп аталатын бөлімдері болды. Басылымның кескін-келбетін айшықтап, көзқарасын айқындаған дүниелер «Қазақстанда», «Елден», «Ашыққандар үшін», «Жастар арасында», «Әйел теңдігі» атты айдарлардың аясында түрлі тақырыпта жарияланып тұрған. «Ақ жол» отарлау саясатына қарсы ашық күрес жүргізді. Ақиқатында, «Ақжол» ХХ ғасырдағы Түркістан жерінің тыныс-тіршілігін толық сипаттайтын бірден-бір баспасөз органы. Ұлт қайраткерінің «Ақжол» газетінің редакторы қызметін атқара жүріп, сан түрлі тақырыпта жазған мақалалары сол дәуірдің шындығын айғақтайтын құжат есебінде бүгінгі таң өз құнын жоғалтпай келе жатыр. 1924-1925 жылдары қалам қайраткері баспасөз беттерінде өз ойлары мен тұжырымдарын жиі жариялатқан. Бұндай деректер кітабында бар. Бұл еңбектегі автор пайымдауына сүйенсек, осы кезеңде партия қызметінде таныла бастаған шағы. Осы жылдары қалам қайраткері түрлі тақырыпта көптеген мақалалар, проблемалық материалдар, публицистикалық ой-толғамдар жариялатады. Бұл мақалалар үздіксіз шығып тұратын «Ақжол», «Жас қайрат», «Еңбекшіл қазақ» газеттерінде басылды. Аяулы қайраткердің журналисттік жолы Ташкент те өрледі. Шаһардағы «Ақ жол». «Шолпан», «Сана» беттерінде оның «Тоқпақ», «Тарпаң», «Замандас» деген бүркеншік есімдермен мақалалары шығып тұрды. «Ақжолда» басылған «Жақындық па, жалақорлық па?», «Қазақша сауық кеші», «Менің жауабым», «О литературном языке и терминологии» атты мақалаларынан өткенді танудағы ұстаным, шығармашылықты бағамдау, руханиятты қадірлеу айқын аңғарылады. «Ақжол» газеті редакторлық еткен жылдары әдебиеттің кемел тұлғалары мен жауһар туындыларын таныту-насихаттау ісі басты назарда болды. Бұл кезде ауыз әдебиеті нұсқаларымен қатар, жазба әдебиеті басылым беттері арқылы көпшілікке жетті. Жазба әдебиет дегенде, Абай есімі санада жаңғырады. басқарған «Ақжол» абайтанудың дамуына аз үлес қосқан жоқ. 1921 жылы маусымның 19-ында белгілі көсемсөзші, ғалым «Абай кітабын бастыру керек» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақаланың үнімен 1922 жылы жыр кітабы шықты. Ал 1923 жылы «Ақжол» газеті «Қазақ ақындары» атты айдарына бас ақын туралы мақаласы жарық көрсе, 1924 жылдың маусымында ұлы ақынның дүниеден өтуінің 20 жылдығына байланысты арнаулы бет арнады. Бұның барлығы – Абайдың ұлылығын, сөзінің құдіретін күллі алашқа таратуға қосқан ерен еңбектің көрінісі. қазіргі жас буын журналист, көсемсөз шебері, ақын, әдебиетші ретінде таниды. Оның ХХ ғасырдағы қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін ерекше әңгіме етуге тұрарлық. Ташкент шаһарында қазақ тілінде шығып тұрған «Ақ жол» газетінің редакторы болып, «Шолпан» журналының жарыққа шығуына көмек жасады. Қалам қайраткері алаш өнері мен әдебиетінің – шын жанашыры, қамқоры. Мәселен, ол қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі «Балқия» пьесасына жарық көрген кезде алғаш пікір білдіреді. Дулатұлы талантын мойындап, әрдайым онымен шығармашылық байланыста болғанын көрсетеді. Ол «Ақжолдың» 1921 жылы 12 қаңтарда шыққан 13 нөмірінде «Қазақша сауық кеші» атты шағын мақаласында «Балқияның» қысқаша мазмұнын жұртқа таныстыра келе, сөзін былай түйіндейді: «Еуропадан үйренген теріс назармен қарамай, қазақ тұрмысынан хабарлы, ел арасының тіршілігімен таныс адамдарға драма бола беретін көп уақиғаның бірі барынша шын тіршіліктің суреті екені айқын көрініп кетті. Ойын артынан институт шәкірттері жәке һәм хормен өлеңдер айтып, әндер салды. Арамызда қазақ тілінде заман балаларының ақ көңілден айтып шыққан жақсы декларациялар сөйленді. Бұл күнгі ойынға жиналған қазақ-қырғыз колизейінің іші толған әлеумет ұйықтаған көңілі бір оянып, жақсы рәуішпен тарқады. Ойында болған басқа ұлттардың адамдары, әсіресе, ғаскерден келген бас кеңестің мүшелері, қазақта мұндайлар бар деп ойына келмеген ортақшыл жолдастар жерден жеті қоян тапқандай сүйсініп қайтты. Қазақтар істейін десе, күші бар екен, тек басы құралмай, быж-тыж боп жүргендіктен, артта – қаға берісте » [6, 172 б.]. Осы сипатты материалдардың жариялануы «Ақ жолдың» қазақ өнерінің қолдаушысы болғанын дәлелдесе керек. Қаламгер сахналық қойылымга баға беріп, шығармашылығын одан сайын өсіруге, талантын танытуға бастама жасағаны анық. С. шығармашылығына қолдау көрсетіп, көмегін аямаған. Оған дәлел 1923 жылы Мағжанның өлеңдер жинағын Ташкентте жарық көруіне қол ұшын созуы еді. Қалам қайраткері ақынның өлең жинағына алғысөз жазып, Мағжан шығармашылығын Абайдан кейін ұлы құбылыс деп бағасын береді. ұстазы 50 жылдығына Ташкентте үлкен жиын ұйымдастырып, зиялы ортаның бас қосуына ұйытқы болды. Бұл оның алаштың қайраткер, отаншыл азаматтарына деген таза көңілі мен шын құрметінінің белгісін растайды. «Ақжолда» жариялаған мақалаларында қазақтың Абай, , сынды біртуар тұлғаларын жұртшылыққа үлгі етіп, олардың шығармашылығындағы ұлттық сарын, асқақ рух, биік эстетиканы жоғары бағалайды. әдебиетші ретінде әдебиет тарихы, әдебиет тағдыры мәселелеріне араласып, ой-пікірлерін білдірген. Сыни көзқарасын бүкпесіз жазған мақалаларының бірі – әдеби еңбектеріне қатысты. Әдебиетші қазақ әдебиетінің даму бағдары, болашағы жайында кесек пікірлері назар аударуға лайық. Әдеби, мәдени мұраның жанашыры әрі қамқоршысы «Сал-сал», «Кербаланың шөлінде», «Зарқұм» сынды қиссаларды жанрлық жағынан топтастыру жөнінде тұжырымында әдеби туындыларды төл мұрамыздың қатарына жатқызудан гөрі өзге халықтың әдебиетінен ауысқан шығармалардың қатарына қосуды қолдайды. Әдебиет зерттушісі А.Қожанұлы «Ақжолда» қызмет еткен тұста рухани сала үшін орасан маңызы зор істер атқарды деп жазады. Яғни, ғалым біріншіден, қалам қайраткері Советке қарсы өлең-жыр жазған алашшыл ақын – Мағжанның қазақ жерінде бастыра алмаған туындыларын 1923 жылы Ташкентте бастырды да, өзі кіріспе пікір жазып, Мағжан атын биікке көтерді. Екіншіден, Алаш көсемдерінің бірі 50 жылдық тойын Ташкентте өткізіп, газет беттерінде ұлт ұстазына арналған мақалалар жариялады; 1922-1925 жылдар аралығында басшылық қызметте отырып, Алаштың көшбасшылары: , , , , т.б. Ташкентте «Ақжол», «Шолпан», «Сана» сынды басылым беттерінде ұлттық мүддені жақтайтын шығармаларын жариялап тұрғанын баяндайды. Алаш қалам қайраткері «Ақжолда» редактор қызметін атқара отырып, қазақ «әдебиетінің шын жанашыры боды. Саяси ұстанымды алға тартқан басылым рухани саланы да назардан тыс қалдырмады. Бұл сөзімізге мына тұжырым дәлел: «*Жиырмасыншы жылдардағы қазақтың қалам қайраткерлерін баулыған бапкерді бірі әрі бірегейі – баспасөз. Соған сүйенсек, өміріндегі әдебиетпен байланысқан әдемі, әсерлі, әрлі сәттермен бірге, тарих*
TEXT
kaz
25,874
Қалам қайраткері көсемсөз шебері, публицист ретінде өте тапқыр полемист болды. Бұл ретте ол сын-сықақты қарсы қару ретін шебер қолданған. Мәселен, зерттеулерінде соқтығып, «Азиялық» деген бүркеншік атпен белгісіз біреу мақала жариялаған. Оның ішінде жер реформасында әділдік болмады, «Ақжол» тек Қожановтың газеті ме деген дау тудыратын негізсіз ақпаратты таратады. Бұл қисынсыз сөздерге қарсы «Ақжолда» «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген атпен мақала жариялайды. Мақалада тапқыр, әзіл мен шынды араластыра білген редактор қарымта жауапты қысылмай жариялайды. Ұлттың ардақты есімі тағлымы, рухани мұрасы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болмақ. Араға жарты ғасыр салып барып, халқымен қайта қауышқан туралы естеліктер, ғылыми еңбектер, мақлалар оның шығармашлық болмысын, кісілік тұлғасын, ұлттық парасат-пайымын, өнегелі қызметін танып-білуге жәрдемдесетін құрал. Талжанов. мемлекет қайраткері , ғалым естеліктері қайраткері ғұмырын зерделеуге көмектескен басты дереккөзі. Әлі де зерттеуді қажет ететін дүниелер баршылық. Сол себептен аяулы азаматтың шығармашылығын зерттеу жұмыстары бүгінгі ұрпақтың парызы. , , еңбектері әдебиетші, публицист, мәдениет пен өнер қамқоршысы, ақындық талантын оқырманға танытын негізгі еңбектер. Алайда болашақта қайраткердің қайталанбас тұлғасын әлемге танытатын заманауи ғылыми жобалар, жұмыстарды жазуды қолға алған дұрыс.
TEXT
kaz
25,875
Халық тәжірибесінен қорытылған мақал-мәтелдер барлық тілдерге тән әмбебап құбылыс ретінде күрделі тілдік таңбалар қатарынан орын алады. Адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы немесе адамның өз қабілеті мен қызметіндегі, табиғаттағы ақпараттың сақталуы мен қабылдануына, таралуына қатысты әртүрлі таңбаларды бір жүйеге тоғыстыратын ортақ теория қалыптастыруды көздейтін жалпы семиотикадан дамыған лингвистикалық семиотиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тілдік таңбалар мен тілге жатпайтын таңбалар арасындағы айырмашылықтардан туындайды. Лингвистикалық семиотика тілдің таңбалық сипатын зерттеуде тілдік таңбалардың тек өзіне ғана тән белгілерін саралауға, таңбаның өзі білдіретін ақпаратпен қарым-қатынасын ашуға басымдық береді. Тілдік емес таңбалар негізінен шарттылыққа құрылады, таңба мен мағына арасында, яғни таңба мен таңбаланушы арасында табиғи байланыс, біртұтастық болмайды. Дыбыстық жазу жүйесіндегі әріптерден басқа тілдік таңбалар тек нақты бір белгіні ғана таңбаламайды, тұтас дүниені – адамның өзін-өзі, табиғатты, ортаны танып-білуінің, дүниетанымын қалыптастырып дамытудың, ойлау жүйесін жетілдірудің, әлеуметтік ортамен байланысқа түсуінің құралы. Тегі бір, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі ұқсас қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтары тіліндегі мақал-мәтелдер де тұтас этностың тарихи және мәдени дамуының көрінісі. Өмірдің барлық жағдаяттарына қатысты тұжырымдамалық қорытындылар арқылы бүгінгі және келер ұрпаққа бағытбағдар беретін мақал-мәтелдерді зерттеу тек тіл білімінде ғана емес барлық гуманитарлық ғылым салалары үшін де аса маңызды. Батыс қыпшақ тілдері тобындағы қазақ, қарақалпақ және шығыс қыпшақ тілдері тобындағы қырғыз мақал-мәтелдері құрылымдық және антропөзектік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп жүргенімен күрделі тілдік таңба ретінде арнайы зерттеу нысанына алынбауы мақала тақырыбының өзектілігін айқындайды.
TEXT
kaz
25,876
Зерттеу материалдарын қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерінің мақал-мәтелдер жинақтары құрайды. Мақал-мәтелдер көп деңгейлі, көп функционалды күрделі лингвистикалық құрылым болғандықтан интегративті-кешенді зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Зерттеу барысында дәстүрлі сипаттау тәсілі; салыстырмалы-синхронды әдіс; жүйелі-қатысты, сатылы-қатысты ұстанымдарына негізделген жүйелеу әдісі; абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі, жалпылау және даралау тәсілі пайдаланылды. Паремиялық денотаттардың ішкі референцияларының деңгейін анықтауда дистрибутивті талдау; жалпы паремиологиялық мағынаны анықтау барысында семантикалық бірегейлендіру әдісі, паремиологлиялық мағынаның жүйелік деңгейлік құрылымын анықтауда компоненттік талдаудың элементтері; паремия мағынасына нақты және дифференциалды түсініктеме беру үшін инроспекция әдісі қолданылды. Қолданылған танымдық-логикалық, семантикалық амал-тәсілдер мақалдардың ішкі құрылымындағы паремиосемалардың эксплицитті, имплицитті компоненттерін ажыратуға, тура мағына мен ситуативті мағынаның өзара қатысын анықтауға мүмкіндік береді.
TEXT
kaz
25,877
Күрделі лингвистикалық бірлік – мақал-мәтелдердің таңбалық сипаты да өзінің көп түрлілігімен, көп деңгейлігімен, көп функциялығымен ерекшеленеді.Тілдік жүйедегі күрделі таңба мақал-мәтелдердің тұжырымдамалық біртұтас мағынасының қалыптасуы, дамуы, жағдаяттық қолданыс аясының кеңеюі оның семиологиялық табиғатымен тікелей байланысты. «Таңбалар арасындағы сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика; таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика; таңба мен оны пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика» [1, 280-281 бб.] ұғымдарын ұштастыратын лингвистикалық семиотика (семиология) мақал-мәтелдер мазмұнындағы жүйелік-деңгейлік паремиосемалардың жиынтығынан тұрады. «Тілдік таңбалардың басқа жүйедегі таңбалардан икемді, оралымды болатыны, объективті өмір шындығын жинақтап бере алатыны, көп функциялы болуы олардың көп қабатты иерархиялық құрылымды болуынан» [2, 156-157 бб.]. «Халық даналығының қазына-байлығы саналатын мақал-мәтелдердің және сол сияқты басқа да тұрақты тіркестердің пайда болуы, тіл өнерінің дамуына, сол тіл арқылы адамзат қауымының асыл арманын, ақыл-парасатын, өмірлік тәжірибесін, дүниетанымын ұрпағына ғибрат етіп ұсыну әрекеті нәтижесінде туындап, қалыптасқан рухани құбылыс болып есептеледі» [3, 8 б.]. Барлық тілдерге тән универсалды күрделі тілдік бірлік – мақал-мәтелдер әр тіл бойынша жан-жақты қарастырылған, өзіндік зерттелу тарихы бар сала. Мақал-мәтелдердің синтаксистік конструкциясы, варианттылығы айырықша назарға алынды, осы бағыттағы зерттеулер қатарында [4], мен [5] т.б. ғалмдардың еңбектері бар. Мақал-мәтелдердің анықтамасы мен құрылымын, жалпы сипаттамасы мен жіктемесін жүйелеуде, лингвофольклористикалық тұрғыдан зерттеуде [6], [7; 8] еңбектерінің орны ерекше. Паремиялардың лингвомәдениеттанымдық қырларын анықтаумен , , , , , т.б. көптеген зерттеушілер айналысты. мақал-мәтелдердің логикалық құрылымын логика-семиотикалық құбылыс ретінде қарастырады [7, 19 р.]. Этникалық, географиялық, тарихи және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан бірдей немесе ұқсас жағдаятты модельдейтін әртүрлі халықтардың мақал-мәтелері бірі-біріне өте жақын екенін көрсеткен ғалым, барлық халық тіліндегі паремияларды төрт инварианттық топқа немесе логика-семиотикалық инварианттарға жіктеуге болатынын айтады: 1. Зат пен оның қасиеттері арасындағы қатынас: егер қандай да бір зат (Р) қандай да бір қасиетке (х) ие болса, онда оның басқа да қасиеттері(у) бар: Р(х)→Р(у); 2. Зат пен заттың арасындағы қатынас, егер бір зат (Р) болса, онда басқа да зат (Q) бар: (Р~Q)→[Ǝ(Р)→Ǝ(Q)]; 3. Әртүрлі заттардың қасиеттерінің қатынасы, сол заттардың өзара қатысына сәйкес: егер қандай да бір зат (Q) болса, ол басқа бір затқа (Р) тәуелді, сонымен бірге Р қандай да бір қасиетке (х) ие, тәуелді зат та (Q) сол қасиетті иеленеді: (Р→Q) →[Р(х) →Q(х)]; 4. Заттардың әрқайсысының жеке қасиеттеріне байланысты қатысы: егер зат Р қандай да бір жағымды қасиетке (х) ие болса, онда Q зат ол қасиетке (х) ие емес, яғни Р заты Q-ден артық: [(Р→х)^(Q→x)]→(Р>Q). Ғалым әрбір логика-семиотикалық конструктивті үлгінің кем дегенде екі түрі болатынын көрсетеді [7, 23-24 сс.]. Түркі мақал-мәтелдерінің мазмұны да олардың ішкі құрылымының заттар мен құбылыстардың олардың түрлі қасиеттерінің өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасатынын көрсетеді. Қазақ мақал-мәтелдерін зерттеумен , , С.Адамбаев, , , , А.Сәтенова, , , , , т.б. ғалымдар; қырғыз мақалдары бойынша , , , , , , , , , , , т.б.; қарақалпақ мақал-мәтелдері бойынша , , , , , , т.б. зерттеушілер айналысты. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ мақал-мәтелдерінің синтаксистік құрылымы, семантикалық-тақырыптық топтары, лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық қырлары жан-жақты зерттелгенімен тілдік таңба тұрғысынан арнайы зерттеу нысанына алынған жоқ. Қазақ мақал-мәтелдерінің ішкі құрылымындағы семантикалық компоненттерді анықтауға мол мүмкіндік беретін ең маңызды еңбек академик зерттеуі [3].
TEXT
kaz
25,878
Мақал-мәтелдердің мағыналық құрылымына жүйелік-деңгейлік ұйымдасу тән болғандықтан жалпы паремиологиялық семантиканың барлық деңгейінен паремиологиялық таңба мен оны қолданушының қарым-қатынасын сипаттайтын прагматикалық компонент көрініс береді. Мақал-мәтелдің мазмұндық аясының ауқымдылығына орай қолданушы жағдаятты ескере отырып, өз ойының дәйектемелік-дәлелдік сапасын арттыруға ұмылады. Мысалы, қыпшақ тобына жататын қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдеріндегі – қаз. *Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ* ≈ қырғ. *Баш кесмек бар, тил кесмек жок* ≈ ққалп. *Бас кеспек болса да, тил кеспек жоқ* паремиологиялық параллелінің өзек семасында еркін ойлы, қандай жағдай болса да ойын ашық айтуды құптайтын дала демократиясы таңбаланып тұр. Мақалдың ішкі құрылысы заттың, құбылыстың, әрекеттің «бар» немесе «жоқ» қаситтерінің қатынасына құрылған: «... логикалық конструкциялар болу, болмау бергілерінің қарама-қарсылығынан тұруы мүмкін» [8, 30 с.]. Мақал құрамындағы сөйлемнің бірінші сыңары қазақ қоғамында бас алу, яғни өлім жазасының барын, екінші сыңары тіл кесу жазасының жоғын таңбалайды: «қазақ салт-дәстүрінде қылмыскерді жазалаудың түрі көп болса да, біреуге шындықты айтып, не жалған сөйлеп тіл тигізген, абыройын төккен адамның басын кесіп алу болса да, тілін кесіп тастап жазалау болмаған» [3, 240 б.]. Бұл дәстүр қазаққа етене жақын қарақалпақтар мен қырғыздарда да болғанын паремиялардың өзгеріссіз қайталанатыны айғақтайды. Қандай жағдай болса да шындық айтылуы қажеттігін үндейтін мақалдың негізгі мазмұны қолданушының мүддесіне байланысты құбылуы мүмкін. Қолданушы қандай мақсатта айтады, өз мүддесін шындық жолымен қорғай ма әлде қалай да өзін немесе жақынын ақтап алу үшін өтірікке, жалаға, қиянатқа жол бере ма? Сондай-ақ, мақал даулы мәселе барысында сөз сұрау мақсатында, бір-біріне ауыр сөз айтып өзара ренжісіп қалған адамдарды татуластыру мақсатында, біреуге шындықты айтамын деп басы бәлеге қалған адамға қатысты т.б. жағдаяттарда қолданылады. Бұл жағдаятқа байланысты прагматикалық компоненттің басымдыққа ие болатынын көрсетумен қатар, мақалдың ішкі құрылымының көп функциялығын да сипаттайды. Мақалдың жағдаяттық қолданыстағы мағыналары жалпы паремиялық мазмұн аясындағы шеткері семантикалық компоненттерді құрайды. Бір немесе екі-үш сөйлемнен тұратын мақал мәтіні шағын болғанымен семантикалық мазмұны көлденең бағытта да терең, тік бағытта да аса кең. Мақал мазмұнындағы тұжырымдамалық ақпарат негізінен екі түрлі жолмен беріледі: 1) ойды тайға таңба басқандай ашық әрі айқын жеткізу, паремиологиялық мағынаның эксплицитті болуы; 2) ойды астарлап, бейнелеп жеткізу, яғни паремиологиялық мағынаның имплицитті болуы. Бұл тұжырымдамалық ойды тиянақтап, көркем де бейнелі әрі жинақы тілмен түйіндеп беретін мақалдың семиологиялық табиғатынан айқын аңғарылады. Ойды ашық жеткізетін мақалдар синтаксистік немесе мәтіндік тура мағынасы кейде паремиологиялық мағынаның өзек семасымен сәйкес келеді, шеткері паремиосемалар тікелей өзек семадан тарайды. Мысалы, эксплицитті сипаттағы – қаз. *Балаға тиме, бәлесі жұғады. Қатынға тиме, қарасы жұғады* ≈ қырғ. *Балага тийбе балээси жугат, катынга тийбе карасы жугат* ≈ ққалп. *Балаға жақынлама бәлеси жуғады, Қатынға жақынлама, қарасы жуғады* паремиясының тура «мағынасы бала мен әйелге қол көтерме, қатты сөз айтпа» ішкі құрылымда таңбаланған өзек паремиосемаға толық сәйкес келеді. Шеткері-жанама паремиосемаларды құрайтын «балаға (жалпы бала) тиме» (дифференциал семалары: «өзге балалар», «өз балаларың»); «қатынға (жалпы әйел қауымы) тиме» (дифференциал семалары: «бөтен әйелдер: қыз, келіншек, орта жастағы әйел, кемпір, кейуана т.б.», «өз жақындарың: ана, қыз, келін, әкпе, жеңге т.б.» ұғымдарының таңбалары өзек семадан тарай отырып, эксплицитті де, имплицитті компоненттерді таңбалауы мүмкін. Бұл жерде *тиме, жақындама* етістіктерінің семантикалық өрісіндегі «ұрма», «сөкпе», «ұрыспа», «зорлық жасама», «күш көрсетпе» т.б. ұғымдар да жаңа паремиосемалар тудыруға ықпал етіп, мақалдың жағдаяттық қолданыстағы семантикалық шеңберін кеңейте түседі. Сол сияқты, *бәле, қара* лексемаларының мазмұнындағы семалар да паремиологиялық мағына аясын дамытуға қызмет етеді. Өмірде мінезі, әдебі әртүрлі әйел (қыз) болады. Кейде жігіттер әдепті қыздардың сөзге қалуына себеп болып жатады, кейде әдепсіз, сөзі ащы әйелдерге жақындаймын деп өздері ұятқа қалып жатады. Көпшілік алдында әйелмен бет жыртысу, сөзге келу ер адамға абырой әпермейтін қылық. Мұндай жағдаяттар да мақалдың ішкі құрылымында таңбаланады. Барлық паремиосемалар жинақтала келе ер азаматтың қоғамдағы орнын, әйел мен балаға деген қамқорлығын таңбалайды. Мақалдың түпкі идеясы – ер-азаматтың әлеуметтік қоғамдағы мәртебесіне сай этикалық нормаларды насихаттау, әдептілікке үндеу. Мақал-мәтелдер мазмұнынан анықталатын бірнеше паремиосемалық компоненттердің әрқайсысының түрлі негіздемелік сипаттамасы болады және олардың күрделілік деңгейі де әртүрлі болып келеді. Коммуникативті үдерістегі жағдаятқа байланысты паремиосемалардың біріне басымдық беріледі, сөйлеуші мен адресат арасындағы қатынас әрекетінде сол мән қабылданады. Сондай-ақ, астарлы оймен берілген мақал мәтініндегі тура мағына паремиологиялық мағынаның өзек семасын құрағанмен біртұтас паремиологиялық мағынаны айқындай алмауы да мүмкін. Мысалы: қаз. *Жығылсаң нардан жығыл/ Құласаң нардан құла* ≈ қырғ. *Жыгылсаң нардан жыгыл* мақалының этимологиясы үстінен құлаған адамға түйе шудасын төсейді, ат жалын төсейді деген халықтың мифологиялық дүниетанымынан туындайды. Мақалдың тура мағынасы жалпы паремиологиялық мазмұнды анықтауда аса маңызды емес, яғни *нардан жығылу* тіркесі астарлы ойды сипаттайды. Паремияның имплицитті мағынасы «жеңілсе де, жеңілген адамның мәртебесі биік, атақ-лауазымды адам болсын, сәтсіздікке ұшыраса да, қолға алған ісі мәнді-маңызды, күрделі болсын, елдің батылы бармайтын мәрттікке барып, одан жеңілсе де айыбы жоқ, өйткені мұның бәрі осалдықты емес, мықтылықты, өжеттікті, бірбеткей алғырлықты көрсетеді» [3; 36] деген омонимиялық, синонимиялық қатынастармен қатар антиномиялық қатынасты да қамтитын көп деңгейлі, көп функционалды күрделі тұжырымдамалық ойды таңбалайды. Мақал мақсаткерлікке, батылдыққа, қиындықтан қорықпауға үндейді. Кей жағдайда қазақ тіліндегі *Атың шықпаса – жер өрте* мақалымен синонимдік қатар құрып, әзіл-қалжыңдық сипатта да қолданылады. Мақал-мәтелдердің астарлы, жасырын семантикалық құрылымы этностың дүниетанымдық ерекшеліктері арқылы ғана танылады. Мысалы:
TEXT
kaz
25,879
«мал», «байлық», «ақша», «дүние-мүлік» т.б.; *жан* «жан», «өмір», «денсаулық», «адам», «отбасы мүшелері», «бала», «бауыр» т.б.; *ар* «ар», «ождан», «ұят», «намыс»; *садақа* «садақа», «құрбан», «шығын», «өтем» т.б. Эксплицитті сипатта берілген паремиологиялық мағынаның кейбір компоненттері логикалық негізде анықталатын имплицитті құрылымға негізделеді. Қазақ халқының негізгі өмірлік ұстанымын, аршыл, намысшыл рухын сипаттайтын мақалдың ішкі құрылымындағы паремиосемалар жағдаяттық қолданысқа, оқиғаның прагматикалық сипатына байланысты түрленіп отырады: 1) жалпы ғибраттық мәнде, жастарды тәрбиелеу мақсатында; 2) өзінің, жақындарының денсаулығын күтуге, ауруын емдеуге малын аяп жүрген адамға; 3) немесе керісінше, өзінің, туғандарының денсаулығы үшін бар қаражатын жұмсап жүрген адамға қатысты; 3) намыссыздық, арсыздық танытып ұятқа қалған адамға; 4) намысы тапталып, қорланып жүрген адамдарға; 5) намысқа шыдай алмай өз басын немесе жақындарын өлімге қиған адамға қатысты т.б. қолданылады.
TEXT
kaz
25,880
Түркі тілдеріндегі паремиялардың ішкі құрылымы мақал семантикасы арқылы айқындалатын заттар мен құбылыстардың олардың түрлі қасиеттерінің өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Мысалы, бұл өмір өлім-жітімсіз болмайтынын, ешкімнің де бауырлары әрдайым жанында жүрмейді деген ұғымды беретін – қаз. *Бауыры бүтін пенде жоқ* ≈ қырғ. *Боору бүтүн адам болбойт* ≈ ққалп. *Баўры пүтин бенде болмас* мақалдың ішкі құрылымы зат пен оған тәуелді/меншікті келесі заттың және оның қасиетінің қатынасы арқылы өлімнің ақиқаттығын таңбалайды, логикалық конструкция «бар» ↔ «жоқ» оппозициясының «жоқ» нүктесін негізге алады. Паремия жақынын жоғалтқан адамға жұбату мақсатында қолданылады. Арқа сүйері мықты, сүйеніші бар жан қолдау арқылы мақсатына жетеді немесе жағдаятқа байланысты қандай іс болса да көзін тапса, қиын болса да жүзеге асыруға болады деген тұжырымдамалық ұғымды сипаттайтын – қаз. *Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер* ≈ қырғ. *Токмогы күчтүү болсо, кийиз казык жерге кирет* мақалдың ішкі құрылымы бір заттың келесі бір затқа тәуелді қатысы және олардың қасиеттерінің бір-біріне тәуелді қатысы арқылы біртұтас паремиологиялық мағынаны таңбалайды. Қолда бар мүмкіндікті мүмкіндігінше қолдану қажеттігін, әр нәрсенің пайдалы-пайдасыз жағын ажыратып, парқын білу қажеттігін меңзейтін – қаз. *Көзің барда көріп қал, қолың бар да ұстап қал* ≈ қырғ. *Көзүң менен көрүп бақ, қолуң менен қармап бақ* ≈ ққал. Көзің барда көр, қолың бар да усла паремиясының ішкі құрылымы әртүрлі заттардың әрқайсысының жеке қасиеттеріне қатысы негізінде қалыптасқанын Мақал-мәтелдер құрамындағы лексемалық компоненттердің семантикалық өрісі паремялық мағынаның денотациялық, коннотациялық компоненттерін ажыратуға мүмкіндік береді, бұл паремиологиялық мағынаның диффузиялық дамуын шамалауға ықпал етеді. «Сөйлеуде қолданылатын есім сөздердің болмыс объектілеріне (референттер мен денотаттарға) қатысты, синтаксистік, логика-семантикалық және прагматикалық факторлар арқылы анықталатын» [1, 264 б.] ішкі референция дифференциалды паремиосемалар жиынтығын біртұтастандыруға, көп қабатты тұжырымдамалық ойдың қалыптасуына негіз болады, мысалы: қаз. *Емен ағаштың иілгені – сынғаны, Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені* ≈ ққалп. *Емен ағаштың ийилгени – сынғаны, Ер жигиттиң еки сөйлегени – өлгени* мақалдарының құрамындағы *емен, ер жігіт, екі* лексемаларының ұғымдық мазмұны шындық болмыстың санада белгіленген элементтері ретінде мақал мазмұнын біртұтастандыруға қызмет етеді. Мақал-мәтелдердің о бастағы толық құрамын қамтитын этимологиялық мағынасы уақыт өте көмескіленуі нәтижесінде паремиологиялық мағына дисперсияға ұшырауы мүмкін немесе жалпылама мағынаны қалыптастырушы құрамдас бөліктерінің бірінің тура мағынасы маңызын жоғалтуы да ықтимал. Бұл жағдайда мақалдың келесі құрамдас бөлігінің мәні басымдыққа ие болады да, мәні көмескіленген құрамдас сыңары паремиологиялық мағынаның экспрессивті қуатын арттыруға, конститутивті қасиетін күшейтуге қызмет етеді: қаз. *Қалыңға құсың түспесін, жаманға ісің түспесін* ≈ ққалп. *Қалыңға қусың түспесин, жаманға исиң түспесин* мақалының бірінші сыңарының тура мағынасы қолданыста маңызды емес, ол екінші сыңардың мазмұнын тереңдетіп, тұжырымдамалық мәнін пысықтап, біртұтас паремиологиялық мағынаны дәйектеп тұр. Мақал басқа іс түскенде жаман адамнан көмек сұрамауды, ондай адамдар қолынан келіп тұрса да әуреге салып, меселді қайтаратынын сипаттайды. Жағдаяттық қолданысқа байланысты бірнеше мәнде қолданылатын паремияның ішкі құрылымындағы семантикалық компоненттер де көп деңгейлі болып келеді. Паремиялардың дәйектілікті, негізділікті, өзектілікті қамтитын конститутивті қасиеті жағдаят пен мәнмәтіндік қолданысқа қарай инварианттылықты қалыптастырады: қаз. *Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату/Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату/Екі аяқтыда құрдас тату, төрт аяқтыда бота тату* ≈ қырғ. *Эки аяктуудан бажа татуу, төрт аяктудан бото татуу/Эки аяктуудан бөлө татуу, төрт аяктудан бото татуу/Эки аяктуудан курбу-курдаш татуу, төрт аяктудан бото татуу* паремиясының бірнеше вариантты болып келуі, мақал құрамындағы бажа, бөле/бөлө, құрдас/курдаш ұғымдарының жарыспалылығы тікелей жағдаяттық қолданысқа, паремияны қолданушының мақсатына байланысты тілдік жүйеде таңбаланады.
TEXT
kaz
25,881
Қазақ, қырғыз, қарақалпақ мақал-мәтелдерінің мазмұнындағы семантикалық компоненттерге жалпылама сипаттама беру әр компоненттің жалпы паремиологиялық мазмұн шеңберінде орналасқан паремиосемемалық құрылымдағы мәнін, орны мен қызметін нақтылауға ықпал етеді. Паремиологиялық мағынаның өзек компоненті мен шеткері-жанама компоненттерінің шегін ажырату, әр қайсысының паремиосемалық ерекшеліктерін, олардың дифференциал семемаларын анықтау ішкі құрылымдағы таңба мен таңбаланушы ұғымдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді, мысалы: *Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ* ≈ қырғ. *Баш кесмек бар, тил кесмек* *жок* ≈ ққалп. *Бас кеспек болса да, тил кеспек жоқ.* Паремиялардың ішкі құрылымына жүйелік-деңгейлік ұйымдасу тән болғандықтан қазақ, қарақалпақ, қырғыз мақал-мәтелдерінің мазмұнынан да паремиологиялық таңба мен оны қолданушының қарым-қатынасын сипаттайтын прагматикалық компонент орын алады. Мақал-мәтелдердің мазмұндық аясы мен семиотикалық ерекшеліктеріне орай қолданушы жағдаятты ескере отырып, өз ойының дәйектемелік-дәлелдік сапасын арттыруды мақсат етеді. Көлденең бағытта, тік бағытта да ауқымды паремиологиялық мазмұндағы эксплицитті немесе имплицитті болып келетін тұжырымдамалық ақпарат мақал-мәтелдердің семиологиялық табиғатынан айқын аңғарылады, эксплицитті ақпарат негізінен паремиологиялық мағынаның өзек семасын, имплицитті ақпарат шеткері паремиосемаларды таңбалайды, дифференциал семалары өзек семадан тарай отырып, эксплицитті де, имплицитті компоненттерді таңбалауы мүмкін. Бұл мақал-мақал мәтелдердің ішкі құрылымының көп қабатты иерархиялық сипатымен; мақал құрылымындағы жекелеген заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттерінің, іс-әрекеттің, олардың белгілерінің өзара қатынасымен; халықтың қоршаған орта, әлем туралы нақтылы немесе абстракциялы қабылдауларының тура немесе ассоцациялық мәнімен; аналогиялық трансформацияның уәждік негіздерімен байланысты, мысалы: қаз. *Балаға тиме, бәлесі жұғады. Қатынға тиме, қарасы жұғады* ≈ қырғ. *Балага тийбе балээси жугат, катынга тийбе карасы жугат* ≈ ққалп. *Балаға жақынлама бәлеси жуғады, Қатынға жақынлама, қарасы жуғады.* Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдеріндегі паремиологиялық параллельдердің өзек семасының таңбалануы дала демократиясына бейімделген еркін ойлы туыс халықтардың дүниетанымына сәйкес қалыптасады. Мақалдардың ішкі құрылымы заттың, құбылыстың, әрекеттің болуы мен болмауын сипаттайтын логикалық конструкциялардың қарама-қарсылығынан тұруы мүмкін, мысалы: қаз. *Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер* ≈ қырғ. *Токмогы күчтүү болсо, кийиз казык жерге кирет.* Паремиялардың ішкі құрылымында таңбаланған тұжырымдамалық ақпарат жағдаяттық қолданыстағы мақал-мәтелдің семантикалық шеңберін кеңейте түседі. Барлық паремиосемалар жинақтала келе мақалдың тұтас идеялық мазмұнын құрайды. Кейде мақалдың тура мағынасы жалпы паремиологиялық мазмұнды анықтаудағы маңызы күңгірттенеді, яғни тура мағына мен ауыспалы мағыналар арасындағы байланыс айқын аңғарылмауы ықтимал. Паремияның имплицитті мағынасы омонимиялық, синонимиялық қатынастармен қатар антиномиялық қатынасты да қамтитын көп деңгейлі, көп функционалды күрделі тұжырымдамалық ойды таңбалайды.
TEXT
kaz
25,882
Халық дүниетанымының, тарихы мен мәдениетінің, тұрмыс-тіршілігінің куәсіндей тілдік жүйеде таңбаланған мақал-мәтелдердің мазмұны тым терең әрі көп қатпарлы. Уақыт өткен сайын қоғамның жаңаруына, құндылықтардың өгеруіне, халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы мен тілдік ахуалға байланысты паремилогиялық мағынаның ішкі құрылымында жаңа қабаттардың қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда паремиялардың вариантылығын қалыптастыратын окказианалды қолданыс факторлары мақал-мәтелдердің сыртқы құрылымымен қатар ішкі құрылымдағы семантикалық компоненттер құрамының дамуына да ықпал етеді. Жағдаяттық қолданысқа байланысты бірнеше мәнде қолданылатын паремияның ішкі құрылымындағы ұғымдық таңбаның көп дейгейлілігіне байланысты семантикалық компоненттер де көп деңгейлі болып келеді. Паремиялардың ішкі құрылымындағы өзгерістер мақал-мәтелдер семантикасындағы өзек компонентке көп әсер ете алмайды, олар негізінен шеткері-жанама компоненттер қатарынанан орын алып, паремиосемалардың құрамын, мақалдың жағдаяттық қолданыс аясын арттырады. Мақал-мәтелдердің вариантылық құбылысы – паремиялардың логикалық инварианттар ретінде өмір сүру жолы. Олардың таңбалық сипатындағы ортақтықтар паремияның жалпы мазмұны аясында анықталады. Мақал-мәтелдердің бастапқы этимологиялық мағынасы уақыт өте көмескіленуі нәтижесінде паремиологиялық мағына дисперсияға ұшырауы немесе жалпылама мағынаны қалыптастырушы бір құрамдас бөлігі тура мағынасының маңызын жоғалтып, келесі бір құрамдас бөлігінің мәні басымдыққа ие болуы ықтимал. Мұндай семантикалық үдерістер паремиологиялық мағынаның экспрессивті қуатын арттыруға, конститутивті қасиетін күшейтуге қызмет етеді, мысалы: қаз. *Қалыңға құсың түспесін, жаманға ісің түспесін* ≈ ққалп. *Қалыңға қусың түспесин, жаманға исиң түспесин.* Паремиялар көпфункционалды таңба ретінде тілдің, таным мен мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады; ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің ақпараттық-кумулятивтік қызметін жүзеге асыратын қабілетке ие; әрі әлеуметтік қоғамның үйлесімді дамуына ықпал ететін өмірлік ұстанымдардың кешенін құрайды. Паремиологиялық мағынаның ерекшеліктері ішкі құрылым мен сыртқы құрылымның сабақтастығы нәтижесінде ғана анықталады. Бұл жалпы эволюциялық үдерістегі тұлға мен мазмұн үйлесімділігіне негізделеді. Мақал мәтелдердің ішкі құрылымындағы паремиосемалар деңгейлік семантикалық компоненттердің жиынтығын құрайды. Тілдің таңбалық жүйесіндегі мақал-мәтелдердің семиологиялық табиғаты барлық халыққа ортақ «шындық» пен құндылықтарды әр халықтың дүниетанымдық ерекшеліктеріне сай таңбалауымен ерекшеленеді. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ мақал-мәтелдері – халықтың дүниетанымына, мәдениеті мен этнографиялық ерекшеліктеріне, географиялық-климаттық, фауна-флоралық ортасына байланысты айқындалатын материалдық және материалдық емес құндылықтардың, халықтың өмірлік ұстанымдарының негізі. Паремиолиялық мағынаның семантикалық аясы мақал-мәтелдердің ішкі құрылымындағы паремиосемалардың көп деңгейлі, көп функционалды компоненттерінің шоғырын таңбалаушы және таңбаланушы белгілері арқылы қалыптасады. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні мен дәйектемелік-дәлелдемелік мәні әлеуметтік өмірдің, жалпы қоғамның тұтас жүйесіне қатысты айқындалады.
TEXT
kaz
25,883
Ғаламдық интернет желісі адам өмірінде өзіндік миссиясын атқаруға жұмылдырылған. Интернеттің дамуы біздің түсінігіміздегі дәстүрлі бұқаралық коммуникация құралдарының функцияларының басым бағыттарына да өзгерістер енгізді. Дәстүрлі медиалардың атқаратын функцияларының алғашқы үштігі ақпараттық, әлеуметтік-мәдени, ағартушылық болса, цифрлық медиалар үшін бұл реттік орындар өзгерген. Цифрлық медиада коммуникативтік функция басымдыққа ие болған. Ақпарат тарату, әлеуметтікмәдени мен ағартушылық функциялары коммуникативтік қызметтің құрамында орналасып, басым функцияның ішіне кіріп кеткен. Коммуникативтік функцияның басты ерекшелігі – цифрлық технологиялардың көмегімен аудитория ақпаратты таратушы медианың редакциясымен, контент жасаушы автормен кері байланысқа шығып, пікір алмасады. Өзінің талабын айтып жеткізе алады. Осылайша, редакциялық саясатқа өзгерістер енгізілуіне, болашақтағы материалдардың тақырыптары мен мазмұнының өзгеруіне себепкер болады. Медиа редакциялар да осындай аудиториямен тығыз әрі пайдалы байланыс орнатуға мүдделі. Нарықтағы жойқын бәсеке мен аудитория үшін күрес редакцияны конвергенттік тәсілдермен жұмыс істеуге мәжбүрлеуде, осындай формалардың тиімді екенін дәлелдеуде. Жақын болашақта медиа-конвергенцияның виртуалды және толықтырылған шынайылық, жасанды интеллект және заттардың интернеті сияқты жаңа технологиялардың жетілуімен бірге дамитынын болжауға болады. Осы технологиялық үрдістерді және олардың медиамен өзара әрекеттесуін зерттеу әлеуметтік коммуникациялар мен кибермәдениеттегі болашақ өзгерістерді анықтауда да маңызды рөл атқармақшы. Жалпы зерттеу мақаласы медиа-конвергенцияның әлеуметтік коммуникациядағы және кибер-мәдениеттегі маңызды рөлін көрсетумен қатар, бұл құбылысты қоғамның әртүрлі салаларындағы коммуникациялық процестерді тереңірек талдауға, болжамдар жасауға арналған қадам деп ойлаймыз.
TEXT
kaz
25,884
Бұл проблемалар «Әлеуметтік медиа: сыни кіріспе» еңбегінде жақсы талданған. Ғалым әлеуметтік медианың қоғамға және медиа индустрияға әсерін, соның ішінде құпиялылық, бақылау және әлеуметтік медианың саясаттағы рөлі сияқты тақырыптарды қарастырған. – университетінің Коммуникация және медиа зерттеу институтының профессоры және директоры. Ағылшын профессоры өз еңбегінде әлеуметтік желілердің ең толық және кең ауқымды сипаттарын талдаған. Онда тек әлеуметтік медиа ғана емес, сонымен қатар сыни теория және оның бүгінгі цифрлық мәдени қатынастарға ықпалы зерттелген. Цифрлық мәдениеттің адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қаралған. Егер осыған дейін жаңа медиа әкелген өзгерістерге философиялық көзқарас жетіспей келсе, «Әлеуметтік медиа: сыни кіріспе» монографиясы бұл бағыттағы жаңа көзқарастың кіріспесі деп қабылдауға болады. Автордың ізденушілік қабілетін академиялық туындыларға арнауы қазіргі заманғы медиа тенденцияларды, өзекті және маңызды тақырыптарды көпшілік аудиторияның тиянақты ұғынуына мүмкіндік берді. Ғалымдар, білім алушылар мен басқа да оқырмандар билік пен әлеуметтік әділеттілік формаласының шешімдерін осы зерттеу еңбегінен тауып қана қоймай, жаңа әлемді қайта түсінуге және жаңа медианы басқаша көзқараспен қабылдауға жол ашады [1]. «Мәдениет пен қоғамды медиациялау» атты еңбегінде де қазіргі әлеуметтік байланыстар мен виртуалды мәдениеттің өрістеп дамуы жүйелі зерттелген. Мәдениет пен қоғамның әртүрлі аспектілеріне бұқаралық коммуникация құралдарының ықпалының күшеюіне назар аударған автор, медиатизация тұжырымдамасын талқылайды. Хярвард медиа-технологиялар күнделікті өмірімізге әсер етіп, әлеуметтік құрылымдарды өзгертетін әлеуметтік тәжірибелерді, құндылықтар мен институттарды қалай қалыптастыратынын зерттеген. Ғалымның жұмысы медиа мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік туралы түсінік беру арқылы медиатизацияның теориялық негізін жасауға ықпал етеді. Ол медиа конвергенцияның кеңірек салдарын және оның әлеуметтік коммуникация, кибер-мәдениетке әсерін түсіну үшін құнды пікірлер айтқан [2]. мен екеуінің «Шындықтың аралық құрылымы» атты біріккен еңбегінде медиа мен қоғам арасындағы қарым-қатынас туралы сыни ойлар ұсынылады, бұқаралық коммуникация құралдарының әлеуметтік процестермен, қоғамдық институттармен қалай ықпалдасуы зерттеледі. Бұл еңбектің ғылыми өзектілігін медиа зерттеулер мен әлеуметтік теория арасындағы алшақтықты ашумен, медиа конвергенция мен оның әлеуметтік коммуникация, кибермәдениетке әсерін түсінуге көмектесетін пәнаралық тәсілдерді ұсынуымен түсіндіруге болады. Ғылыми еңбек медиа-конвергенция туралы ғылыми дискурсқа ықпал ететін әртүрлі тұжырымдамалар мен теориялық негіздер ұсынады. Екі зерттеушінің тұжырымдары медиа конвергенция құбылысы, әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениет туралы теориялық негізді, эмпирикалық талдауды және сыни түсінуді қалыптастыруда құнды үлес деп саналады [3]. «Үлкен деректерге арналған сыни сұрақтар: мәдени, технологиялық және ғылыми құбылыстың арандатулары» атты пен мақаласы мәдени, технологиялық және ғылыми феноменді біріктіріп талдайды. Мақала үлкен деректердің қоғам, мәдениет және ғылым үшін маңызды салдарын зерттейді. Үлкен деректермен жұмыс істеудегі қиындықтар мен мүмкіндіктерге назар аудара отырып, деректерді жинау, талдау және пайдаланудың әлеуметтік, этикалық және саяси аспектілерін талдайды. Медиа-конвергенция мен кибер-мәдениет контекстіндегі үлкен деректердің әсерін түсінуге болатын сыни көзқарастар деректерді иелену, құпиялылық, алгоритмдік бұрмалану және үлкен деректерді өңдеуге байланысты маңызды сұрақтар да мақалада қамтылған. Бұл зерттеу жұмысы үлкен деректерге негізделген технологиялардың әлеуметтік салдары туралы болашақ зерттеулерге көмегін тигізері анық [4]. Мақаланы дайындау кезеңінде жаңа технологиялар мен әлеуметтік медиа платформалардың қызметіндегі маңызды аспектілер қарастырылған, медиа-конвергенция, әлеуметтік коммуникацияның, кибер-мәдениеттің сипаттары мен ықпалы туралы зерттеулер қамтылған ғылыми еңбектер таңдап алынды. Таңдалған ғылыми еңбектер мақала тақырыбын ашуға, авторларға жаңа құбылыстармен байланысты туындаған күрделі проблемаларды зерттеуге көмектесті. Бұл еңбектер бұқаралық коммуникация құралдарының, әлеуметтік коммуникацияның және кибер-мәдениеттің ғылыми тұжырымдарын жасауға көмектесіп, осы тақырыптарды зерттеуге мүдделі зерттеушілер үшін маңызды ресурстарға айналған.
TEXT
kaz
25,885
Белгілі америкалық профессор «Желілік қоғамның пайда болуы», Амстердам университетінің медиа зерттеулер мектебінің профессоры «Медиа өмірі» және «Әлеуметтік медиа: сыни кіріспе» атты монографияларында жасалған болжамдарды бүгінге медиа трансформациялармен салыстырып талдау үшін бенчмаркинг әдісі пайдаланылды. Мазмұнды талдау әдісінің көмегімен негізгі тақырыптарды, тұжырымдамаларды, фактілерді, дәлелдерді талдауға көңіл бөлінді. Жаңалықтар, мақалалар, әлеуметтік желілердегі жазбалар немесе онлайн талқылаулар сияқты медиа контенттер талданды. Бұл талдау сапалық және тұжырымдық сипаттарды салыстыру арқылы жүргізілді. пен «Үлкен деректерге арналған сыни сұрақтар: мәдени, технологиялық және ғылыми құбылыстың арандатулары» мен голландиялық профессор Йоханна ван Дейк «Мәдени өндірісті платформалау» атты мақалаларды компоративизм қағидаларына сүйеніп сараптау үшін құрылымдық-функционалдық талдау әдісі қолданылды. Желілік анализ медиа-конвергенцияда қоғам мен билік, адамдар мен саяси күштер, медиа платформалар арасындағы қарым-қатынастарды зерттеуде жақсы көмектесті. Бұл тәсіл арқылы ақпараттық ағындардың әсер ету динамикасы мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы коммуникацияда туындаған жаңа мәдени үлгілер сарапталды. Осындай мұқият таңдалған ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу жұмысында сапалы әрі объективті тұжырымдар жасалды деп ойлаймыз.
TEXT
kaz
25,886
Медиа-конвергенцияны контентті тарату процесінде дәстүрлі және жаңа медиа платформалар бірдей қолданады. Бұқаралық коммуникацияның конвергенциясын медиа хабарламаның әмбебаптығы, қолжетімділігі және интерактивтілігі қамтамасыз етілетін цифрлық технологиялардың нәтижесі деп те қарастыруға болады. Конвергенттік коммуникацияның белсенді қолданысы мен тиімділігін YouTube видеохостингіндегі бұқаралық коммуникация құралдары мен жеке контент жасаушылардың каналдарынан байқаймыз. YouTube-те кез-келген адам тікелей эфирде отырған жүргізушіге сұрақ қояды, түсінбеген жерін нақтылайды. Осының бәрі нақты уақыт, онлайн режимде жүріп жатады. Аудиторияның сұранысының өсуі осындай платформалардың саны мен сапасының жақсаруына да түрткі болуда. Жаңа медиаларда әлеуметтік коммуникацияның тағы бір ерекшелігі айқын біліне бастады. Әлеуметтік коммуникация ендігі жерде географиялық жағынан да, тәулік мезгіліне де шектелмей әлемдік аудиториямен еркін байланысқа түсе алады. Ойымыз дәлелді болуы үшін екі кейсті қарастырайық. 2021 жылдың 23-сәуірінде қазақ журналистикасы мен университетінің тарихында тұңғыш рет университетімен бірлескен конференция өткізілді. Мақала авторының бастамасымен өткен конференцияға университетінің (University of Southern California) Коммуникация және журналистика бойынша Анненберг мектебінің провост профессоры қатысты. Әлемдік рейтингте 120 орында тұрған University of беделді университеті. орналасқан университет коммуникация мен медиа зерттеулер бойынша Америкада ең атақты және ең үздік оқу орны. мектебі бүкіл әлем танитын ғылыми орталық. Астана уақыты бойынша таңғы сағат 9.00-де басталған конференцияға әлемге аты танылған атақты америкалық профессор штатынан Атлантадағы үйінен қосылды. Астана мен Атлантаның уақыт айырмашылығы 10 сағат болғандықтан, Дженкинс мырза қазақ әріптестерімен байланысқа түнгі сағат 23.00-де шықты. Өте мазмұнды өткен конференцияға шақырылғанына бірнеше рет алғыс айтқан америкалық профессор қазақ ғалымдарының зерттеулерінің жоғары деңгейін айтып, білім алушы магистранттар мен докторанттардың жаңашылдығына таң қалды. Конференцияның нәтижелі өтуіне 5000 шақырым қашықтық, тілдік өзгешелік, тәуліктің әртүрлі мезгілде болуы кедергі бола алған жоқ. Екінші кейс университетінің 25-жылдық мерейтойынан 21-маусым күні ұйымдастырылған онлайн трансляция туралы. Осы күні университетте өткен іс-шараларды мерейтой қонақтарынан басқа мыңдаған адам YouTube каналындағы онлайн трансляция арқылы тамашалай алды. Мақаланың бірінші авторы мерекелік шараларды YouTube платформасында тікелей эфирде көрсету сценарийін дайындап, онлайн трансляцияны жасаған шығармашылық және техникалық топқа жетекшілік етті. Кәсіби тележурналистің жетекшілігімен журналистер командасы сол күнгі университет мерейтойының атмосферасын, ғажайып эмоционалдық толғаныстары мен көңіл-күйін YouTube аудиториясына сыйлады. Бұл команда 6 сағат 30 минут тікелей эфирде ұсынған трансляцияны көрушілер саны 6000 асқан. Онлайн трансляция -дің профессорлары тәрбиелеген болашақ журналистердің кәсіби біліктілігін, теориялық және практикалық білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Бұндай ұзақ тікелей эфирді өткізуге отандық телеарналардың өзі де жүрексінетіні де шындық. университетінде ұйымдастырылған онлайн трансляция отандық университеттердің тарихында тұңғыш рет болғанын да мақтан етуге болады. университеті медиа мен журналист мамандарын дайындауда өзінің үздік екенін кезекті рет дәлелдей алды. Екінші кейстен де кез-келген оқиғаны әлемдік аудиторияға тарату мүмкіндіктері мол екенін, оқиғаға қызығушылық танытқан адамдардың сұраныстарына лайықты жауап беруге болатынын көре аламыз. Бұқаралық медиа арқылы орнатылатын әлеуметтік коммуникациялардың шекараларға бағынбайтын (трансшекаралық) сипатының дәлелі де осы кейстерден анық байқалады. Трансшекаралық сипаттан басқа коммуникациялық процестің иерархиялық сатылары да өзгерістерге ұшыраған. Интернет кеңістікке бейімделген медиалар өзара әлеуметтік коммуникациялар біржақты модельден көпжақты үлгіге ауысады: медиа – жеке тұлға; медиа – әлеуметтік топтар; жеке тұлға – жеке тұлға; әлеуметтік топтар – әлеуметтік топтар. Орнаған модельдердің жүйелі, тиімді жұмыс істеуі түрлі субъектілердің арасындағы байланыстардың интерактивті болуына да тәуелді. Интерактивті формалар медианың редакциясы мен аудиторияның арасындағы байланысты ғана білдірмейді. Бүгінгі аудитория үшін медиа өнімдерге түсініктеме алу, пікір қалдыру, баға беру кедергісіз, жеңіл болуы өте маңызды. Адамдар бұл мүмкіндіктерді ашық және жария түрде немесе анонимді түрде қолдануға құқылы. Осы норма адамдардың фундаменталды құқықтарының ажырамас бөлігі ретінде 2003 жылғы Интернеттегі коммуникация еркіндігі туралы қарарымен бекітілген. Екінші жағынан, анонимдіктің зиянды жақтары да бар. Анонимді байланыс жасау интернеттегі қарым-қатынастың сапасын төмендетіп, адамдардың өз істері мен сөздеріне жауапсыздықпен қарауына, қорқыту, басқаларға доңайбат көрсетуіне соқтықтырады [5]. Жаңа медиа ортаның осындай жағымсыз тұстарынан басқа ақпараттық өнімдердің мазмұны мен сапасына ықпал ететін кемшіліктерін де атап көрсеткен дұрыс. Контенттің цифрлық формасынан туындайтын салдарларды былайша жүйелеуге болады:
TEXT
kaz
25,887
– әлеуметтік медиа мен әлеуметтік желілердегі жазу стилі қатты өзгерістерге ұшырады. Сөйлеу мен жазу мәдениетіне нұқсан келді. Мазмұндық қана емес орфографиялық, грамматикалық өрескел қателерге көпшіліктің көзі үйрене бастады. Сауатсыз мәтіндерді қарапайым адамдардың аккаунтарынан емес, танымал тұлғалардың жазбаларынан да кездестіруге болады. Жазу мәдениетін жоғалтып алдық. Беделді қазақ басылымдарының ресми сайттары мен интернет ресурстарда жарияланған мақалаларды мысал ретінде келтіруге болады: «Әлеуметтік желідегі сауатсыздық» «Әкімдердің офлайннан онлайнға ұмтылысы»«Баспасөз – ұлттың үні, рухтың жыры» ( «Инстаграмда қате жазатын жұлдыздар кімдер?» ( − ақпараттың көптігі оның сапасына да кесірін тигізіп, тұтынушыны абдыратып, қиын жағдайға душар етті. Ол өзіне қандай ақпарат қажет, қайсысы қажетсіз екенін ажырата алмайтын халге жетті. Ақпараттың дұрыстығына, шындығына көз жеткізу проблемасы да үдей түсті. Медиа каналдарға деген сенім төмендеді. − адамдар ақпараттық қысымның ортасында қалды. Оған нақты өмір мен виртуалды шындықтың шекараларын ажырату қиынға түсуде. Бұл қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де айтарлықтай стресс екенін түсіну қажет. Жаңа дәуірдің технологиялық әлеуетінің өсуімен қатар адамзаттың алдынан тосатын қиындықтар да осындай. Әрине, кәсіби журналистика мен әуесқойлар арасындағы айырмашылықтар біртіндеп жойылып келетінін жоққа шығара алмаймыз. Мультимедиалар мен гипермәтіндік формаларды, бояулары қанық дизайнмен өрнектелген контентті цифрлық технологиялармен жасаудың тегін болуы шығармашылық өрісті кеңейтті. Цифрлық құралдарды кәсібилер де, блогерлер мен әуесқой журналистер де бірдей қолданатын дәрежеге жетті. Ал, адамзат баласына пайдасы да, зияны да қатар жүретін технологиялық дәуірдің заңдылықтарын дұрыс қабылдап, қауіптердің алдын алатын тетіктерді анықтап, қолдану мәселесі жақын болашақта өзекті болмақшы. Медиа ортада жылдам өзгерістерге ұшыраған тұста оның өнімдерін қолданатын аудиторияның трансформациялық процестерден тыс қалуы мүмкін емес. Тұтынушы өзгерді, ол енді тек тұтынушы ғана емес тұтастай медиа процестердің эпицентрін анықтайтын күшке айналды. сөзімен айтсақ, «просьюмер» деген сипатқа ие болды. Ағылшынның өндіруші және тұтынушы (prosumer = producer + consumer) деген екі сөзінен құралған ұғымның мағынасы мен мәні кеңейді. Бұқаралық медиада просьюмерлердің мазмұны мен мағынасы ұлғайып, функциялары мен рөлі күшеюде. Өйткені, интернеттегі медиа құралдарға баға берілген олардың аудиториясының көлемі мен сапасы бірінші кезекте есепке алынады. Медиа қызметінің, ұсынатын өнімдерінің монетизациясы да осы мақсатты аудиторияға, оның санына байланысты тағайындалады. Просьюмерлер медиа үшін тек тұтынушы ғана емес, медиа құралды насихаттайтын, өнімдерін басқа әлеуметтік топтарға, аудиторияларға тарататын белсенді құрал деп қабылданады. Оқиға болған жерден жедел хабар тарату, инсайдерлік ақпаратты жариялау да user-generated контент жасаушылардың құзырына жиі шығарылатын қызметтер. Яғни, олар әлеуметтік-ағартушылық және креативті функцияларды да орындауға қауқарлы. Просьюмерлердің атқаратын тағы бір маңызды қызметі медиа сыншылық. Егер бұрынғы дәстүрлі бұқаралық медиаларда әдеби сыншылар, телевизия сыншылары элитарлық топ, кәсіби шебер мамандар болса, интернет басылымдарда сыншылардың рөлін әрбір оқырман мен көрермен орындайды. Америкалық, канадалық және батыс еуропалық кеңістікте бұл үрдіс ерекше байқалады. Ол кеңістіктерде ақпараттық-сараптамалық контенттің басым бөлігін жасауға просьюмерлер де белсенді қатысады. Сондықтан да, user-generated контентті жасаушылар 3 бірдей рөлді қатар орындауға жұмылдырылған: контент жасаушы, сыни рецензия беруші және тұтынушы. Жоғарыда айтылған ойлардан, жаңа медиа мен интернет басылымдар қазіргі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып, әлеуметтік ықпалдасу жүйесін жетілдіруге, медиаландшафты өзгертуге қызмет етуде деген тұжырым жасаймыз. Бұқаралық коммуникация құралдары жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, эмоционалдық күйіне, іс-әрекеттері мен шешім қабылдауына зор ықпал ететіні белгілі. Болашақтағы технологиялар адам мен компьютер, адам мен машина арасындағы қатынастарды тереңдете отырып, әлеуметтік коммуникацияларды компьютерлік технологиялар мен адамның гибридін күн тәртібіне қосады деген болжамның дұрыстығы байқалып келе жатыр. Осыны ескеріп, жаңа медианың феноменін бағалау үшін де оның потенциалы мен болашақ даму траекториясын дұрыс анықтап алған дұрыс. Медиа-конвергенция ұғымының дефинициялық негізін көптеген медиа зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. басталған ғылыми еңбектер тізбегін жалғаған америкалық ғалымдар , 'Райли, еңбектерінде ақпараттық қоғам мен медиа-конвергенция үрдістерін зерттеу технологиялық детерменизмге сүйеніп, түрлі салалардың арасындағы кедергілер тегістеліп, шекаралар сырылады деген тұжырым түйінделген. университетінің Анненберг мектебінің провост профессоры 2006 жылы жазылған «Конвергенция мәдениеті: ескі мен жаңа медианың соқтығысуы» атты монографиясында дәстүрлі және цифрлық медиа түйісетін медиа конвергенция құбылысын зерттейді. Америкалық профессор медиа конвергенция қоғамға, мәдениетке және адамдар арасындағы қатынас тәжірибесіне қалай әсер ететінін зерттеген. Ғылыми еңбекте аудиторияны, жанкүйерлер қауымдастығын қызықтырудың, контент өндірушілер мен тұтынушы арасындағы шекараларды жоюдың маңыздылығына баса назар аударылған. Кітапта конвергенция мәдениеті, медиа аралық ықпалдастық пен оның қазіргі қоғамдар үшін салдары туралы іргелі теориялық тұжырымдар жасалған. Бұл еңбек цифрлық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар арасында қазіргі медиа кеңістікте болып жатқан процестер, трансмедиалық баяндау технологиясы және технологиялардың трансформациялау күші туралы біртұтас ұғымдар қалыптастыруға үлес қосты [6]. Дженкинстің тұжырымдарымен үндесетін ойларды «Желілік қоғамның пайда болуы» атты монографиясында кездестіреміз. Атақты профессор бұл еңбегінде желілік дәуірдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени өлшемдерін зерттеу арқылы желілік қоғамның дамуын талдайды. Кастельс коммуникациялық технологиялар, соның ішінде интернет әлеуметтік қатынастарды, билік құрылымдарын және қоғамды ұйымдастыруды қалай өзгерткенін зерттеген. Бұл ғылыми еңбек желілік қоғамның дамуы мен медиа, коммуникацияны зерттеу саласындағы әлемдік қауымдастыққа танымал жұмыс. Ғалым қазіргі қоғамды қалыптастырудағы медиа-конвергенция мен желілік коммуникациялардың рөлін жан-жақты талдауды ұсынады. Кастельстің теориялары бұқаралық коммуникация құралдары, әлеуметтік коммуникациялар және кибермәдениетпен байланысты зерттеулерде кеңінен қолданылады [7]. Екі америкалық ғалымның медиа-конвергенцияға көзқарастарын Амстердам университетінің медиа зерттеулер мектебінің профессоры дамытқан. Оның «Медиа өмірі» еңбегінде медиа-конвергенция мен кибер-мәдениет контекстіндегі адамдардың өмірлік тәжірибесі туралы пайдалы түсініктер беріледі. Ол бұқаралық коммуникация құралдарының өзара әрекеттесуінің жеке, әлеуметтік және мәдени аспектілерін сараптап, БКҚ күнделікті өмірде адам мен қоғамға қалай ықпал ететінін түсіндіреді. Монографияда бұқаралық коммуникация құралдарының адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанына назар аударыла отырып, медианың қызметінің, функциясының тұжырымдамасы айқындалған. Деуз БКҚ-мен жұмыс істеу, бірегейлікті қалыптастыру және ақпаратқа қаныққан әлемде өмір сүрудің қиындықтары сияқты мәселелерді талқылай отырып, оларды БКҚ, технология және қоғам арасындағы динамикалық қарым-қатынастармен байланыстырады [8].
TEXT
kaz
25,888
мен «Аралық болашақ: XXI ғасырдағы коммуникация, медиа және қоғам» атты зерттеу кітабында да цифрлық дәуірдегі коммуникациялар мен медианың болашағы жақсы қамтылған. Ғылыми еңбек цифрлық технологиялардың, жаһандану мен медиа-конвергенцияның қоғамға, коммуникация әдістері мен мәдени сәйкестіктерге әсерін талдайды. Ливингстон мен Лунт медиа-конвергенция мен кибер-мәдениеттің болашағына қатысты өзіндік көзқарастар ұсынады. Жаңа дәуірдің тенденциялары мен қиындықтарына назар аударып, коммуникациядағы, медиа индустриядағы және болашақта қалыптасатын мәдени тәжірибелердегі ерекшеліктер туралы танымды тұжырымдар береді [9]. Бұдан басқа да көптеген ғылыми зерттеулерде медиа-конвергенция технологиялық қана емес, әлеуметтік-мәдени трансформацияларда да бастаушы фактор екендігі дәлелденеді. Қазақ журналистика ғылымында конвергенция ұғымын әралуан коммуникация құралдарының (телевизия, радио мен газет-журналдар), интернет технологияның жақындасуы мен ықпалдасуы, бірігуі деген мағынада қолданылып жүр. Дегенмен, медиа саланың конвергенциясын көпөлшемді үрдіс түрінде қарастырған жөн. Шетелдік ғылыми қауымдастық дәл осы тәсілді қолданып, конвергенция феноменін басқа деңгейде жанжақты, терең талдауды қолдайды. Өйткені, сапалы ақпараттық қоғам құруға ден қойған елдерде медиа-конвергенцияның атқаратын қызметіне үлкен мән беріледі. Бұқаралық коммуникация құралдарының конвергенциясы бизнес, саясат және білім саласына, маркетинг пен жарнама тарату модельдеріне кең мүмкіндіктер ашады. Қызмет көрсететін, өндіруші компаниялар медиа платформалар арқылы миллиардтаған аудиторияға қол жеткізеді және өзара әрекеттесе қимылдайды. Саясатта медиаконвергенция онлайн науқандардың ауқымын өсіреді әрі азаматтардың саяси процеске белсенді қатысуын ынталандырады. Білім беруде білім мен оқуға қол жеткізудің, білім беру тәжірибесін байытудың, ұстаздар мен білім алушы арасындағы байланысты жақсартудың жаңа тәсілдерін ұсынады. Медиа-конвергенция құбылысын зерттеулер әлі де жалғаса береді және әлеуметтік медианың қоғамдық пікірге әсері, медиа науқандардың тиімділігі және тұтынушылардың мінез-құлқын өзгерту сияқты әртүрлі аспектілерді де қамтиды. Қазақстандағы медиа нарықта да осындай үрдістерді түсіну арқылы әлемдік ақпараттық тенденцияларды болжауға және аудиторияның талабына, сұранысына сәйкес стратегиялар дайындауға болады. XX-ғасырдың 70-80 жылдары компьютердің пайда болуымен медианың адамзат тарихын қаншалықты өзгертетінін үлкен дәлдікпен болжаған канадалық әлеуметтанушы, философ «Гутенберг галактикасы», «Ғаламдық ауылдағы соғыс пен бейбітшілік», «Медианы ұғыну» атты еңбектерінде implosion ұғымын қолданады. Implosion физиканың тілімен айтқанда бағытталған жарылысты білдіреді. Екі сала ішке бағытталған жарылыстың салдарынан бір-бірімен диффузияға түсіп, шекаралары жойылады. компьютерлік технологияларды осы жарылыс жасаған құбылыс деп бағалаған. Бұрын бірімен-бірі байланысқа түспеген салалар implosion берген импульстан бірігу, бір-біріне сіңісу, араласу сияқты процестерге түсіп отыр. Ғалам бірбіріне тәуелді мега-жүйеге айналуда, ғаламдану процестері үдемелі түрде жүріп жатыр. Жаппай интеграцияның әсерімен бұрындары бөлектеніп тұратын дербес және қоғамдық сананың бүтінделіп, тұтасқан моделі байқалуда. ойынша, «адамдар ғаламдық ауылда өмір сүруде. Бұндай ауылдың бір орталығы жоқ, барлық жерде орталықтар бар. Шекаралар жойылған, бір әлемнен бір әлемге еркін көшіп-қонатын электрондық номадтардың өмір сүруіне ыңғайлы орта жасалған». қоғамдық қатынастардың трансформациясында басымдықты технологияларға береді [10]. Жойқын жылдамдық алған қазіргі технологиялық ағыспен жүзіп келетін адамзат өркениеті өзі де технологиялық формаға бейімделіп келетінін түсініп, оның салдарын болжай алар ма екен?! Бұл ғалымдардың назар аударуы тиіс адам мен технологияның қарым-қатынасынан туындайтын философиялық-этикалық проблема. Жасанды интеллект пен басқа да технологияларды адам басқарып, өзінің қажетіне жарата ала ма, әлде адамдар компьютердің құлына айналып, технологиялар адамзат тарихын мүлдем басқа қауіпті арнаға бұрып жібере ма? Бұл да күрделі де, ызғарлы сұрақ. Қалай болғанда да адамзат баласы бұрын болмаған медиа-конвергенция әлеміне қадам басты. Бұл әлемде технологиялық инфрақұрылым біздің ойымызды қалыптастыруға, жинаған біліміміз бен тәжірибемізді қолдануға, қоршаған ортаға деген көзқарасымызды өзгертуге қабілетті. те технологиялық дауылдан кейінгі қоғамдық кеңістіктің өзгергенін айтып, интернет пен телекоммуникациялық жүйелердің революциялық кескініне, олардың технологиялық және әлеуметтік өлшемдеріне көңіл бөледі. интернеттің тарихи маңызын мойындай келе, «интернеттің инфрақұрылымын телекоммуникация мен компьютерлік технологиялар құраса да, оның болашағын әртүрлі коммуникативтік формалар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік іс-әрекеттер қамтамасыз ететін болады» деген қорытынды жасайды [11]. Дәл осындай әлеуметтік және технологиялық құрылымдардың интеграциясы тұжырымдары ақпараттық-коммуникациялық парадигмасы мен постиндустриалды қоғам теориясын зерттеуде негізге алынуда. Ақпарат өз бетінше технологияға ықпал ете алмайды, ал, технологиялар ақпаратты тарату формасына да, мазмұнына да әсер етуге қабілетті. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектуалды жүйелер, машиналық оқыту (мысалы, GoogleTranslate және робот София, Siri мен Cortana виртуалды көмекшілер) күрделі қарым-қатынастар жасауға үйретілген, болжанбаған шешімдер қабылдай алады. Цифрлық әлемдегі ақпараттық-технологиялық парадигманың тағы бір ерекшелігі технологиялық құралдардың түрленуге, өзгерістерге икемділігі. Технологиялардың конфигурациялары жылдам жетілдіріліп, бірнеше нұсқада қолданыла береді. Компьютерлік бағдарламаларды да еш қиындықсыз өзгертіп, қызмет бағытын ауыстырып, қолданыс аясын да кеңейте аламыз. Қазақстанның электрондық Үкімет платформасында технологияның осындай қасиеттері кеңінен қолданылып жүр. Жаппай компьютерлендіру бағдарламасы өзгертіліп, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Азаматтар өміріне қажетті барлық құжаттар бір орталықтан электрондық нұсқада берілуде. Ұтымды жақтары көп: жылдам, тиімді, арзан және ыңғайлы. 2022 жылдың мәліметтері бойынша тек әлеуметтік салада 43 қызмет түрі электрондық форматта көрсетіледі. Оның 25-і проактивті, яғни, азаматтың өтінішін күтпей автоматты түрде орындалады. Жалпы республика бойынша, мемлекеттік қызметтердің 93%-ы автоматтандырылған, онлайн форматта 54 млн. қызмет көрсетілген. Енді бірнеше жылда мемлекетте құжат айналымы тек электрондық формада жүргізілетініне ешкім таңданбайды. Электрондық коммерция мен құжат айналымы электрондық нұсқада жүргізілген сайын халықтың ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық теңсіздік мәселесі де өзекті мәселелер қатарына шығарылуда. Кибер-кеңістікте азаматтардың құқықтарын, жеке мәліметтерін қорғауда мемлекет заңдар да қабылдап, бағдарламалық құжаттарды да бекіткен. Азаматтардың кибер-кеңістіктегі қауіпсіздігін қорғауда конвергенция үрдістері де шешуші рөл атқаруда. Бұл мәселенің азаматтар үшін оңтайлы болуына алғаш америкалық ғалым 'Райли Web 2.0 деп атау берген коммуникациялық форматының ұтымды жақтары көп. Әлеуметтік қатынастарда билік пен қоғам арасындағы өнімді ақпарат алмасу, кері байланыс жүйелерін жасауда конвергенциялық тәсілдер тиімді қолданылуда [12]. Америкалық профессор медиа-конвергенцияны көп сатылы, бірнеше деңгейде кешенді қызмет жасайтын феномен түрінде қарастырған. Ғылыми қауымдастықтың анықтамалық ізденістерін жүйелеп, бір ізге салуда профессордың еңбегі зор. медиа-конвергенция процестерін 5 мағынада қарастыруды ұсынады: бұқаралық медиа құралдардың цифрлық форматқа көшірілуі; экономикалық конвергенция, ойын-сауық индустриясының қосылуы (телевизия, радио мен кино,
TEXT
kaz
25,889
ойын дамытар болсақ, медиа-конвергенция процесін технологиялық, өндірушілік, әлеуметтік және трансмедиалық платформаларда біріктіре қарау қажет деп ойлаймыз. Біздің байқағанымыздай, медиа-конвергенцияны шетелдік ғалымдар технологиялық өлшеммен ғана қарауды қолдамайды. Олардың тұжырымдары кешенді, бірнеше әлеуметтік логиканың қосындысы түрінде бекітілген. Мысалы, жаңа медиа қызметіне арналған көптеген еңбектер жазған голландиялық профессор Йоханна ван Дейк ханымның «Байланыс мәдениеті: әлеуметтік медианың сыни тарихы» және «Мәдени өндірісті платформалау» атты еңбектерінде әлеуметтік медиа платформалардың мәдени өндіріске әсері, соның ішінде қолданушылар жасайтын контенттің өсуі мен дәстүрлі медиа компаниялардың рөлінің өзгеруі талданған. университетінің медиа және білімді қоғам саласы бойынша құрметті профессоры, Амстердам университетінің медиа кафедрасының меңгерушісі және гуманитарлық факультетінің деканы болып қызмет атқарған әлемге белгілі ғалым. Профессор технологиялық платформаларды бағалау өлшемдері контенттің мазмұнына да әсер ететінін жазады. Өйткені көптеген жаңалықтар жасайтын ұйымдар өздерінің мазмұн стратегияларын дәстүрлі сапа көрсеткіштерінен гөрі платформада талап етілген маркерлермен сәйкестендіруге мүдделі екенін атап айтады. Өз еңбектерінде ғалым мәдени өндірісті және желілік қоғамды өзгерте алатын технологиялық, экономикалық қатынастар жиынтығына назар аударады [14]. Кәсіпкерлер цифрлық платформалардың көмегімен аудитория мен жарнама берушілерді ойын, музыка мен видео, сән индустриясының сегменттерін таба алады. Сол себепті олар өндіріс және айналым стратегияларын қайта бағдарлайды. Бұндай процестер мәдени өндірісті, таратуды және маркетингті ұйымдастыруды түбегейлі өзгертеді. Цифрлық жаңалықтарды жариялау формасында қолданушының деректерін жүйелі жинау және алгоритмдік өңдеуден басқа жаңа контент жасау мен тарату режимдері де маңызды рөлге ие болуда. Шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, медиа-конвергенция түсінігінің негізін енгізген деген қорытынды жасауға болады. Медиа-конвергенция мен implosion болашақта гибридтік коммуникациялық жүйелердің іргетасына айналуы мүмкін деген философтың болжамы шындықтан алыс емес. Оған бүгінгі интернеттегі конвергенциялық үрдістер дәлел. , 'Райли мен Г.Маклюэннің тұжырымдарының дұрыстығымен келісіп, виртуалды кеңістіктегі процестерді түсінуде, әлеуметтік-мәдени өзгерістердің себептерін анықтауда технологиялық аспектілерге басты назар аударған. ақпараттық кеңістігінде соңғы онжылдықта орын алған реформалық түрленулер журналист қызметі мен оның кәсіби құзыретін, бұқаралық коммуникация ғана емес оған іргелес салалардың да бейнесін, мазмұнын жаңартуға жол ашты. Қазақстанның электрондық Үкіметін дамыту стратегиясында да конвергенциялық тәсілдердің қолданылуы, кибер қауіпсіздікке мән берілгені жайында жоғарыда айтылды. Цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік барлық елдердің қауіпсіздік және қорғаныс доктриналарында маңызды басымдық деп бағалануда. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі елдің, қоғамның технологиялық әлеуеті мен азаматтардың цифрлық құзыреттерінің деңгейіне байланысты қаралуда. Кибер-мәдениетті қалыптастыру қажеттігі туралы да жиі айтылады. Медиаконвергенция ғасырында кибер-мәдениетті қалыптастыру көптеген факторларға байланысты. Компьютерлік желілер мен технологиялар адамның күнделікті өміріне, ойын-сауық, коммуникациялар мен бизнес сегменттеріне белсенді енгізіліп жатқандықтан, кибермәдениет тұжырымдамасы шынайы және виртуалды екі әлемнің тоғысында дүниеге келді. Кибер-мәдениет – постиндустриалды қоғамдардың дамуының жаңа бағыты. Ол ақпараттық технология жетістіктерінің пайда болуымен, дамуымен және адамзаттың әлеуметтікмәдени өміріне енуімен тікелей байланысты. Кибер-мәдениет цифрлық технологиялар мен дербес компьютерлердің көмегімен қалыптасуда. Кибер-мәдениеттің ең ауқымды түрін интернет мәдениеті деп атауға болады. Интернет мәдениетке киберспорт, чаттар, тегін бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б. кибер-мәдениет түрлері кіреді. Түрлі медиа форматтар мен платформаларды біріктіретін медиа-конвергенция кибер-мәдениеттің дамуы мен эволюциясына ерекше ықпал етуде. Кибер-мәдениет жаңа дәуірдің құбылысы ретінде АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мен дәстүрлі мәдениеттің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болды. Интернет желілерін, цифрлық құрылғыларды және онлайн платформаларды пайдалану әлеуметтік өзара әрекеттесудің, өзін-өзі жетілдірудің және мәдени көріністің жаңа формаларын өмірге әкелді. Мәдениеттің осы жаңа формаларының қалыптасуы мен дамуында медиаконвергенция үрдістері айқындаушы рөл атқарады. Медиа-конвергенция ортақ мүдделері мен құндылықтары бар адамдардың топтарына өзара әрекеттесіп, өздерінің мәдени болмысын қалыптастыратын цифрлық қауымдастықтардың пайда болуына әкелуде. Кибер-мәдениет блогтар мен подкастар, интернет мемдерден бастап, виртуалды әлем және компьютерлік ойындар сияқты онлайн шығармашылықтың әртүрлі нысандарын қамтиды. Конвергенция процесі осы алуан түрлі формаларды бір платформада немесе құрылғыда біріктіруге мүмкіндік беріп, кибермәдениеттің өрісінің кеңеюіне ықпал етеді. Яғни, кибер-мәдениеттегі мәдени көрініс формалары мәтіннің, суреттердің, дыбыс пен бейненің үйлесімі цифрлық өнердің және визуалды коммуникацияның жаңа түрлерін туғызуда. Осылайша, медиа-конвергенция өзара әрекеттесуді, шығармашылық құралдар мен платформаларды жетілдіру арқылы кибер-мәдениетті қалыптастыруда анықтаушы рөл атқарады [15]. Медиа технологиялар адамдар мен олардың әлеуметтік ортасының бұрынға дәстүрлерін бұзуда. Адам мен адамның қолымен жасалған технологияның арасындағы қайшылықтар жиі көрініс беруде. Нақты, шынайы өмірден жастардың виртуалды өмірді таңдауы, әлеуметтік желілерді қылмыстық пиғылмен, адам өміріне қауіпті істерде қолдану – кибер-қауіпсіздіктің маңызын анықтайтын фактілер. Кибер-қауіпсіздік, медиа-конвергенция мен медиа-мәдениеттің бір-біріне ықпалын, байланысын зерттеуде тек технологиялық аспектілермен шектелуге болмайды. Кез-келген кибер қауіптің виртуалды емес нақты өмірдегі адамға көзделгенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да, медиа-конвергенция мен цифрлық құралдардың өмірімізге мықтап ену проблемасын оларды қауіпсіз қолдану қағидаларымен қосып қарастыру қажет. Бұл – медиамәдениетке жүктелетін мәселе. Осы тұста адамдардың, әсіресе, жастар мен балалардың технологиялық құралдарға деген қажеттіліктері мен тілектерінің арасалмағын дұрыс бағамдап алу керек. Цифрлық ұрпақ немесе цифрлық номадтар деп аталып жүрген буынның басым бөлігін 25 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олардың өмір сүру ортасына байланысты ойлау жүйесі, сыни-шешім қабылдау тәжірибесі ата-аналарымен, аға буын өкілдерімен салыстырғанда мүлдем басқа. Маклюен жасаған тұжырымдар жапондық мәдени антрополог ханымның зерттеулерінде анық дәлелденеді. «Демалыс, серуендеу және компьютерлік ойындар ойнау: балалар жаңа медиамен өмір сүріп, үйренеді» атты мен біріккен авторлардың ғылыми жұмысында жастардың жаңа медиа технологиялармен және платформалармен әрекеттесу формалары сарапталған. Цифрлық медианың оқуға, әлеуметтік әрекеттесуге және жастардың мәдени өмірге қатысуына қалай әсер ететіні бұл жұмыстың басты мазмұнын құрайды. Ито және оның әріптестері медиа-конвергенция, жастар мәдениеті мен кітап оқу арасындағы байланыс туралы жүйелі түсініктер береді.
TEXT
kaz
25,890
Адамзат тарихында капиталистік үстемдік пен билік мәңгілікке жалғасатынына көпшілік ғалымдар күмәнмен қарайды. Сондықтан, технологиялық заңдылықтарды дұрыс бағамдап, медиа-білім мен медиа-конвергенцияны қажетінше қолданып, ұлттық педагогика мен ұлттық тәрбиені білім жүйесінің шеңберіне сыйғызуға қайраттану керек. Цифрлық технологиялардан өмірдің мәнін іздеу де шынайы өмірдің кескінін бұрмаланған күйде қабылдауға ұрындырады. Керісінше, Жаратылған әлемде цифрлық технологиялардың миссиясын зерттеп, пайдасы мен зиянын анықтап алу керек. Басты мәселе – жаңа коммуникациялық формалар мен технологиялық жаңашылдықтар тағы да әлемдік корпорациялардың мүддесіне жұмыс істей ме, әлде нақты тұлғаның мүддесін қорғай ма деген сұрақтың төңірегінде болуы тиіс. Білім мен ғылым корпорациялардың табысын өсіруге емес, корпорациялар – адам мен адамзатқа қызмет етуге бұрылып, өзгерулері қажет. Ал, қазірше біз цифрлық табиғаттан туындаған интернет желісіндегі мәдениеттің төмендігі, бұғатталмаған жауапсыздық, кибер-терроризм мен кибер-қылмыс, адамдардың жеке территориясының тарылу тенденцияларының еріксіз кейіпкерлеріне айналудамыз. Аталған проблемалар қоғамдық қатынастарда маңызды мәселелер қатарына шығарылуда. Қауіптердің алдын алу үшін балабақша, мектептен бастап отбасында, оқу мен жұмыс орындарында, бұқаралық коммуникация құралдарында кибер-сауаттылық пен кибер-қауіпсіздік, кибер-қылмыстың алдын алу шаралары туралы ақпараттық профилактика шаралары жүргізілуі тиіс. Демек, әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениеттің аспектілеріне әсерін зерттеудің өзектілігі күннен-күнге өсе бермекші. Түрлі платформалар мен құрылғылар арқылы қауіпсіз медиа-контентті құруға және таратуға белсенді қатысатын, өз қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен пікірлерін ашық білдіретін медиа-аудиторияның жаңа түрлерінің қалыптасуына ықпал жасау керек. Ал бүгінгі медиа-конвергенция өрісінде цифрлық ортаның сипаттамаларына бейімделетін, икемді, серпінді және мульти-үлгідегі медиа жанрлар мен форматтар пайда болуда. Өз аудиториясының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеретін, әртүрлі коммуникация құралдары мен арналарын пайдаланатын, медиа үдерісінің басқа қатысушыларымен бірлесіп жұмыс істейтін журналистер мен басқа да бұқаралық коммуникация мамандарының рөлі мен функцияларын өзгертуде конвергенция үрдістерінің ықпалы анық білінеді. Ақпараттың мол таралуы, әралуандығы мен көптеген платформалардан таралуы, жалған ақпарат пен зиянды контенттен туындайтын тәуекелдер жағдайында адам құқықтары мен қоғамдағы тыныштықты қорғауды қамтамасыз ететін медиа саласындағы этикалық және құқықтық нормалар мен қағидаларды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз.
TEXT
kaz
25,891
Біріншіден, медиа-конвергенция адамдардың ақпарат алу және пікір алмасу тәсілін айтарлықтай өзгерте отырып, интернет кеңістігінде цифрлық технологиялар және мобильді құрылғылар арқылы қалыптасқан жаңаша медиа форматтарды біріктіретін көптеген платформалар мен қызметтердің пайда болуына алып келді. Мысалы, «» агенттігі мен «Hootsuite» платформасы жүргізген 2022 зерттеуіне сәйкес, 2021 жылдың соңында 5 миллиардтан астам адам ұялы телефондарды пайдаланады, ал әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылар саны 4,6 миллиард адамнан асқан (We are Social, 2022). Бұл мәліметтер медиа құралдардың адамдардың күнделікті өміріне қаншалықты енгенін көрсетіп, оның әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениеттегі маңызды рөлін растайды. Олар қолданушыларға ақпарат алудың және өзара коммуникацияның ең қолайлы жолдарын таңдауға мүмкіндік берді, әлеуметтік қарым-қатынастың ыңғайлы әрі оңтайлы тәсілдерін жасады. Екіншіден, медиа-конвергенция кибер-мәдениеттің дамуына айрықша ықпал ететіні анықталды. Адамдар өздерінің цифрлық қауымдастықтары мен топтарын құра отырып, әлеуметтік желілер, форумдар, блогтар және басқа да онлайн платформалар арқылы өзара белсенді әрекеттеседі. Виртуалды кеңістікте олар білімдерімен, қызығушылықтары мен жаңа идеялармен бөліседі, осылайша, кибер-мәдениеттің заманауи формаларын жасайды. Сонымен бірге, Netflix және Spotify сияқты танымал стримингтік платформалар әртүрлі контентті (фильмдер, сериалдар, музыка) бір платформада біріктіріп, қолданушыларға мазмұнды таңдау және тұтынуды ыңғайлы етіп ұсынады. Яғни, медиа-конвергенция ақпарат пен ойын-сауықтың қолжетімділігі мен қолайлылығын жақсартатынын дәлелдейді. Сондықтан, медиа-конвергенция әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениетті қалыптастыруда маңызды анықтаушы фактор екені расталды. Конвергенция құбылысы адамдардың өзара қарым-қатынасына және жалпы ақпараттық қоғамның даму траекториясына айтарлықтай әсер етуде. Бұқаралық коммуникация құралдарындағы конвергенттік үрдістердің тетіктерін және олардың даму тенденцияларын түсіну мемлекет пен қоғамның дамуынан бастап бизнес процестерді басқаруда, маркетинг, әлеуметтану және мәдениеттану үшін құнды шешімдер ұсына алады. Осы бағыттағы зерттеулер қазіргі процестерді жақсырақ түсінуге, әлеуметтік коммуникация мен виртуалды мәдениетті қоғамға пайдалы арнаға бұруға арналған стратегияларды әзірлеуге көмектесері анық.
TEXT
kaz
25,892
Стилистика саласының теориялық негіздері қазіргі кездері нақтыланып, бұл салада ғалымдар жақсы жетістіктерге жетуде. Ең алдымен , , сияқты ғалымдардың авторлығымен «Қазақ тілінің стилистикасы» деп аталатын еңбек жарық көрген болатын. Одан кейін бұл оқулық жетілдіріліп, тағы бірнеше рет басылып шықты. Стилистика туралы мәліметтер жинақтала келе, басқадай еңбектердің тууына себеп болды. Ғалым, профессор «Стилистика негіздері» деген еңбегі жарық көрді. Филология ғылымдарының докторы «Прагмастилистика» оқу құралын жарыққа шығарды. Алайда осы аралықта стилистика саласы толық зерттелді, оның қарастыруға тиісті барлық нысандары қарастырылды деп айта аламыз ба?! Бұл мәселенің мәнін ашып алуда ғалым былай дейді: «Тіл білімінің бір саласы ретінде стилистиканың қалыптаса бастағанына да біршама уақыт өтіп кетті. Дегенмен, стилистиканың қазақ тіл біліміндегі әлі де жас салалардың қатарына жататындығын мойындауымыз қажет. Оған тіліміздегі кейбір маңызды болып есептелетін мәтіндердің өзінің әлі күнге дейін тілдік, стилистикалық тұрғыдан арнайы зерттеу нысанына айналмай отырғандығы дәлел. Шындығына келсек, қазіргі кезде қазақ тіл біліміндегістилистикалықзерттеулер негізінен әдеби шығармалардың тілі мен баспасөз тілін зерттеу шеңберінен шыға алмай жүргендігі де шындық екенін жасырмауымыз керек. Дегенмен стилистикалық еңбектерге қатысты пікірлер еңбектерінен бастау алды десек те болады» [1, 19]. Заң кодекстеріміздің күнделікті тұрмысымызда қолданылып жүрген, әртүрлі тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап, қылмыстық іс әрекеттерін айыптайтын маңызды мәтін екендігін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі – заң мәтіндері. Оның үстіне, соңғы жылдары заң жүйесі заң шығару ісіне, сол арқылы заңдық қоғам құруға түбегейлі бетбұрыс жасағандығын аңғаруға болады. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан қазақ әдеби тілінің әр стильдік жүйесінің: публицистикалық стильдің, көркем әдебиет стилінің, ресми стильдің, ғылыми стильдің сараланып, жеке-жеке қалыптасып, дами бастағаны әдеби тіл тарихынан белгілі. Сонау XVІІІ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған ресми-іскери стиль бүгінде тілі байып, стильдік дәрежесі жетіле түсті, зерттеу нысанына алынып, ғылыми тұрғыдан біршама игерілуде. Ресми-іскери стиль, оның қалыптасу тарихына қатысты ойтұжырымдар , , , , , , , , , , , , , , т.б. ғалымдар еңбектерінде негізделіп қарастырылды. Ресми-іскерлік стиль өзге жазба стильдерге қарағанда, ертерек қалыптасты. Оның басты себебі – ол мемлекет өмірінің негізгі санаттарында (сыртқы қарымқатынас, жеке меншікті бекіту, сауда т. б.) қызмет етті. Келісім-шарт, заңдар, қарыз, мұрагерлік және тағы басқа жазбалар жаңа, ерекше «тілді» қалыптастырды. Ол даму, қалыптасу барысында бірқатар өзгерістерге ұшырағанымен, өзінің негізгі белгілерін сақтап қалды. қазақ жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін ресми іс-қағаздар стилі және эпистолярлық (хат-хабарлар) стилі болғанын айта келіп: «Хан жарлықтары, өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәстүрлеріне негізделген қазақтың ескі әдеби тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-хабарларын, іс-қағаздарын, үкімжарлықтарын осы тілде жүргізді» – деп жазады [2, 147].
TEXT
kaz
25,893
мемлекеттік маңызға ие заңдық құжаттарды зерттеу – бүгінгі күн талабынан туып отырған мәселе. Заңдық құжаттардың қолданылмайтын жері жоқ. Елдегі саясиәлеуметтік жағдайларды реттеп, бекітіп отыру үшін оның қажеттігі шексіз. Заң шығарушы орган – аса әлеуетті құрылым болып есептеледі. Тілдік тұрғыда қарастырылғанына қарай заңдық құжаттар функционалдық стильдік топтарға кіреді. Біз енді функционалдық стильдерге біршама үңіліп, зерттелу дәрежесіне мән бермекпіз. Функционалдық стиль – ең көлемді жалпы категория. Ол көптеген салаларға бөлініп кетеді. Мәселен, соттағы ақталушының, яғни адвокаттың сөзі, ғылыми мәжіліс, өлең жолдары, мәлімдеме т.б. – барлығының мазмұны әртүрлі, стильдік міндеттері әр бөлек. Сондықтан тілдің формасы, берілу мүмкіндіктері бір–бірінен ажыратылады. Тілдік жанрлардың барлық түрінің басын біріктіретін ортақ міндеті (функциясы) бар. Тілдің өмір сүру стадиясы әдетте қарымқатынас құралынан көрінеді. Тілдің өмір сүру аумағы түрлі қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында айқындала түседі. Яғни тілдік функциялары – сөйлеу, өзара түсінісуден бастап, қажеттілік түрлері, басқа адамдармен тіпті мемлекетаралық шарт жасасудан – ресми тіл, айналаны танып-білуден - ғылым тілі, үгітнасихат істері нәтижесінде коммуникативті газет – публицистика тілі, эстетикалық өнер түрлерінен - көркем әдебиет тілі қалыптасқан. Осыларға қызмет ететін тілден ерекше қасиеттерді, мәселен, дәлдік, қысқалылық, бейнелілік тәрізді функцияларды талап етеді. Уақыт өте келе қоғамдық қажеттіліктерге тіл өз тарапынан сараланған, қалыптасқан функционалдық стиль түрлерін жұмсайды» [3, 28].
TEXT
kaz
25,894
Әдеби тілдің функционалдық стильдерін бір-бірінен ажыратып көрсететін нақты белгілердің болатындығы анық. Әрбір функционалдық стильдің өзіне ғана тән дифференциалдық белгілері бар, олардың бірқатары жетекші, екіншілері қосалқы немесе ауыспалы белгі болуы мүмкін. «Кітаби – жазба стильдердің бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, соғұрлым ұлт тілінің маңызы артады...» [4, 21]. Функционалдық стильдің құрамындағы ресми – іс, публицистикалық, көркем әдебиет стилі қызметтік жағынан ерекшеленетін тілдік стильдер. Функционалдық стильдің салаларының ғылыми стиль түрлері деп те бөлінетіні бар. Ғылыми тілдің өзінің саласы бар: термин таңдаудағы қаталдығы ойдың екі жақты болып кетпеуінен қатты сақтанады. Қазақ тілінде функционалдық стиль қалыптасқан кезден бастап, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі фунционалдық стиль құрамы туралы мәселе теориялық және практикалық түрде жетілдірілді. Функционалдық стильдердің ғылыми бағытта қалыптасуы ХХ ғасырдан басталады. Қазіргі тіл біліміндегі функционалдық стильдің негізі 20-50 жылдары қаланған. ХХ ғасырдың әр кезеңдерінде бұл салада , , , , , , еңбек етті. Жеке функционалдық стильдерді сипаттауға арналған қазақ тілінде көптеген зерттеулердің болғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін функционалдық стильдердің түрлері жайындағы таласты пікірлер басы ашық күйінде қалып келеді. Сондықтан функционалдық стильдердің құрамы туралы мәселе әлі нақтыланбай келеді [2, 192]. Дегенмен қазақ тілінде мынадай функционалдық стильдердің бар екені күмәнсіз шындық, олар:
TEXT
kaz
25,895
Функционалдық стиль жайлы және басқа да зерттеушілердің анықтамаларына сүйене отырып, жалпыхалықтық қазақ тілінде саяси фунционалдық стиль және заңдық-құжаттық функционалдық стиль деп жаңа стильдерді бөліп шығаруға болады деп есептейміз. Себебі, қазіргі кездегі экстралингвистикалық факторларға сәйкес әр салаларға қатысты функционалдық стильдердің жаңа түрлері сараланып шығып, олар өзіндік жеке атауларға ие болуда. Жоғарыда аталған академик маркетингтік функционалдық стиль деген категорияны бөліп алып қарастырған болатын. функционалды стилді «санада жалпыланған, функционалдық жағынан негізделген, қолданылу жолдарының тұтастығы іштей біріктірілген, жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің өзіндік немесе басқа формалар аясындағы сөйлеу қарым-қатынасына байланысты таңдап алынуы және тіркесуі» деп анықтайды [6, 73]. Сонымен бірге ғалымның осы тұрғыдағы, функционалдық стилдерде көп ұшырасатын клишелер мәселесіне берген анықтамасы да назар аударуға тұрарлық: «Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне еркін кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулаларда шартты орын алады, адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің көмегімен сөйлейді және жазады» [7,162]. Біздің көзқарасымыз бойынша, тілдің функционалдық әр түрлілігінің лингвистикалық сипаттамасының мазмұны экстралингвистикалық, яғни тілдің қоғамдық көрінісі маңызды орын алатын жағдайлардан алшақтап кете алмайды. Функционалдық қалыптасу мен функционалдық аяқталу тілдің өмір сүру формасының айрылуы үшін қызмет етеді, тілдік стилистикалық жіктелу шартына, бірінші кезекте, әлеуметтік факторды, стильдердің міндеті мен олардың қызмететужағдайынқатыстырады.Олартілдің мынадай функционалдық өзгешеліктерге бөлінуінің негізі болып табылады, мысалы: жеке лингвистикалық белгілерге қатысты:
TEXT
kaz
25,896
Тілдік стильдер өзінше ерекшеленетін және сонымен қатар олардың кейбірінің басқа стильдерде де қолданылатын белгілердің жиынтығымен сипатталады. Қазіргі әдеби тіліміздегі өзіндік дербес стилистикалықфункциональдық ерекшеліктерімен қатар басқа стильдермен ортақ белгілері де бар стильдің бір түрі – ресми-іскери стиль. Ол қоғамдық әрекеттегі әкімшілік-құқықтық қатынастарды қамтамасыз етіп, заң, бұйрық, жарлық, өкім, жарғылар, келісімдер, кесімдер мәтіндерінде, түрлі құжаттарда (анықтамалар, куәліктер, сенімхаттар және басқалар), мекемелердің іскерлік хат алмасуларында қолданылады. Орыс тілінде «официальноделовой стиль» деген терминге ие бұл стиль қазіргі қазақ тіл білімінде түрліше атаулармен беріліп жүр: іс-қағаздары стилі мен ресми стиль, кітаби-жазбаша стиль (іс-қағаздары мен ресми құжаттар), ресми стиль, ресмиіскерлік стиль. Мемлекеттік мекемелердің қаулылары, шешімдері, өкімдері, кәсіпорындар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың кез келген құжаттары ресми стильдің талаптарына сәйкес жасалады. Бұл стиль, сондай-ақ қаржылық және материалдық құндылықтардың есебін, еңбек, өндіріс пен сауда саласындағы қатынастардағы өзара міндеттемелерді де қамтиды. Ресмиіскери стиль басқару саласына қызмет етеді. Бұл – мемлекеттің өз азаматтарымен қатынасы немесе өздері белгілеген ресми құқықтар мен міндетттемелерге негізделген «лауазымдардың қатынастары» [9, 58]. Ол тілден біркелкі атаулар мен сөйлеудің дәлдігін, мағыналардың абстракциялануын, сөйлеудің бұлтартпау мен хабарлау міндеттемелерін, толық объективтілікті, эмоциясыздықты, жанама императивтілікті талап етеді. Бұл сөйлеудің тек жазбаша формасының басымдығы мен оның салдарынан туындайтын ерекше іскерлік терминдерді кең қолданудан, сөйлеу құрылысындағы талдаудың үстемдегінен, логикалық синтаксисінің күрделілігінен, сөйлеудің стандарттылығының белсенділігінен және т.б. белгілерінен көрінеді. Қазіргі кезде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңейіп, іс жүргізу үлгілері қалыптасып, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының біршама өсіп келе жатқаны байқалады. Дегенмен, бұл үрдіс бір күнде пайда бола қойған жоқ, ол бірнеше ғасырдан астам уақыт даму, қалыптасу тарихын бастан кешірді. Қазақ тіліндегі ресмиіскери стильдің жетілу процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
TEXT
kaz
25,897
Бұлар көбіне өтіну, ескерту, мәлімет беру сияқты құжаттар мен хаттар болып табылады. Тіл жағынан алғанда, бұл құжаттар арнаулы . Мұнда татар тілінің элементтері басым болып, тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер кең қолданылады. Аталмыш құжаттардағы сөздердің басым бөлігі қазақ тілінікі емес, онда ортаазиялық әдеби тіл мен татар тілінің элементтері қамтылады. Грамматикалық формалар да ортағасырлық түркі жазба тілдерінің нормаларына тән. Сондай-ақ бұл құжаттардағы тағы бір стильдік белгі – әрбір сатыдағы әкімдерді дәріптеп атайтын тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды.
TEXT
kaz
25,898
жағынан біршама тұрақталып, өз алдына жеке дербес стиль болып қалыптасты. Ол бұрынғы ресми құжаттар мен ресми хат-хабарлар тілінің негізінде дамыды. Біраз өзгерістерге ұшырап стильдік жағынан жетілді. Ең алдымен, бұл стильді көрсететін үлгілердің түрлері мен адресаттары өзгерді. Бұрын сөз болып отырған жанр материалдары, негізінен, ресми хаттар, арыздар, шағымдар және патша өкіметі тарапынан жергілікті билеушілерге жіберілген бұйрықтар түрінде болса, енді бұл аталғандармен қатар, патша өкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлық, нұсқау, ереже, үндеу сияқты іс-қағаздар үлгілері көбейе түсті және олардың барлығы дерлік аударма болып келеді. Бұл ресми қағаздардың бірқатары хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке арналған мазмұнда болып келгендіктен, олар мерзімді баспасөз бетінде немесе жеке басылым болып жарияланатын болды. Осы бағытта сол кезде шығып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» сияқты бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. АкадемикР. және іс-қағаздар стиліндегі материалдарды мазмұны мен адресатттарына қарай бірнеше топқа жіктейді. Ең алдымен, патша үкіметі (ең жоғарғы органнан бастап жергілікті әкімшіліктерге дейін) тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения), екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топта ресми орындарға жеке адамдар жазған арыз, хабарлау сияқты материалдар қаралуға тиіс [2, 245].
TEXT
kaz
25,899
1923 ж. 22 қарашасындағы Орынборда жарияланған «Тіл туралы» декретте қазақ, орыс тілдеріне бірдей мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Қоғам қайраткері : «Осы бір баптың кейіннен қазақ тілінің өрісін тарылтып, маңдайына сор болып жабысқанын», – ашына жазады [10, 17].
TEXT
kaz
25,900
Алайда бұл Заңда қазақ тіліне ресми мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенмен, оны қолдануды жақсарту мен дамытудың нақты тетіктері көрсетілмеді. Билік тарапынан ана тілімізгедегенкөзқараспен қамқорлық өзгеріп, тұтасқан сең бұзылғанмен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы әлі де көп шектеулі еді. Оразалиновтің сөзімен айтсақ, бұл заң «тілдердің сіңісуі жөніндегі солақай саясатқа біржола нүкте қойған және Қазақстанда тұратын барша халықтар тілінің тең дамуына бағдар түзеген заң болды. Бірақ ол тілдерді дамыту шараларының қалай жүзеге асырылу керектігінің келешек жолдарын толық айқындай алмады» [10, 21].
TEXT
kaz